Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері
6.2.2.17
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінігінің болуы;
6.2.2.18
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді орта, тапсырмаларды орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Үй жұмысы бойынша ауызша тексеру, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің шешімі болатын сандар жұбын тексеру.
Теориялық сұрақтары:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы, мысал келтіріңіз;
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын тұжырымда;
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіндір.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі туралы түсінік беру:
Коэффициенттері нөл болмайтын екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі:
- бір ғана шешімі болады, егер ;
- шешімі болмайды, егер ;
- шексіз көп шешімі болады, егер
Жеке жұмыс үлестірмелері
№1. (0,5; -3,5) сандар жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі бола ма?
1) ; 2)
Жауабы: 1).
№2. Теңдеулер жүйесін құрып, шешімін жазыңыздар:
Динара 100 тг–ге дәптерлер сатып алды: жазу дәптерін 5 тг-ден және есеп дәптерін 9 тг-ден. Динара әрқайсынан қанша дәптер сатып алды, егер есеп дәптерін жазу дәптерінен 5 есе артық алғаны белгілі болса?
Жауабы: , (2; 10).
№3. Айнұр екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу құрды 1999х + 12у = 3. х – тің коэффициенті оның туған жылы, у – тің коэффициенті туған айы, бос мүше туған күні. Айнұрдың туған күнін жазыңыз.
Жауабы: 3.12.1999ж.
№4. Берілген теңдеулер жүйесінің неше шешімі бар?
Жауабы: шешімі жоқ.
Дескриптор: Білім алушы:
- теңдеулер жүйесінің шешімін дұрыс анықтайды;
- шарты бойынша екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін дұрыс құрады, шешімін табады;
- теңдеу бойынша сұраққа дұрыс жауап береді;
- формуланы дұрыс пайдаланып теңдеулер жүйесін шешімдер санын табады.
Жұптық жұмыс тапсырмалары
Оқушылар алған түсініктерін пайдалану үшін, бір – біріне қажет болған кезде көмектесіп, түсіндіре оқыту үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз.
№ | Теңдеулер жүйесі | № | шешімі |
1 | 1 | Шексіз көп шешімі бар | |
2 | 2 | (1; -1) | |
3 | 3 | (-34,5; -28) | |
4 | 4 | (20; 16)
| |
5 | 5 | Шешімі жоқ | |
6 | 6 |
|
Жауабы: 1-5; 2-6; 3-1; 4-2; 5-3; 6-4
Дайын жауапты тақтада көрсетіңіз, сол арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіңіз.
Шығармашылық тапсырма
Теңдеулер жүйесін құрып, шешімдерін табыңыз.
№1.
Аулада тауықтар және көжектер жайылып жүр. Олардың бастарының саны 6, ал аяқтарының саны 20. Аулада қанша тауық және қанша көжек жайылып жүр.
Жауабы: ; (2; 4).
№2.
Екі санның қосындысы 10 ға тең. Бірінші сан екінші саннан 4 – ке артық. Осы сандарды табыңдар.
Жауабы: ; (7; 3).
Мұғалім тапсырмаларды сыныппен талдап, түсіндіріп, бағалау жүргізеді.
Сабақты қорытындылау:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі туралы түсінік;
- теңдеулер жүйесін құру алгоритмін талдау.
Үйге тапсырма
а – ның қандай мәнінде теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болады?
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
- Л.Г.Петерсон Алгебра 8 класс часть -1 Москва 2017 г.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.