Әлем елдері Ұлы дағдырыстан қалай шықты? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, қосымша материал.


Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия (1929-1933 жж.).

 1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті: өнеркәсіп өнімдерін шығару азайды, инфляция күшейді; жұмыссыздық көбейіп, 7,5 млн адамды қамтыды; көптеген өнеркәсіп орындары жабылып қалды; еңбекші халықтың жалақысы 25-40%-іа азайды; 31 мың өнеркәсіп банкроттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлері жерлерін сатуға мәжбүр болдьі. Германиянын қаржы-несие жүйесі дағдарысқа ұшырады; мемлекеттік бюджет азайды. Соғыстан жеңілген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлінген заем мөлшері қысқартылды. Әлемдегі экономикалық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтік-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милитаристік-фашистік күштер дағдарыстан шығу жолдары — Версаль бітімін жою, Еуропаны қайта бөліске салу, жаңадан өмір кеңістігін іздестіру деген талаптар қоя бастады.

 Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтік-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкіметтік дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетіп, онын орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкімет құрды. Г.Брюнинг үкіметі елдегі буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды. Экономикалық дағдарыс әсіресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға болады деп түсінді. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердің ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билігін орнатуға шақырды.

 Экономикалық дағдарыс ірі буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал етті. Ірі буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристік кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтіп, А.Гитлер бастаған фашистік партия елдегі барлық әлеуметтік топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсіндірді. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтіп А.Гитлер үкімет басына келетін болса, әлеуметтік дағдарыстан шығарады деген үгіт-насихат жұмысын күшейтті. Фашизм ірі саяси күшке айнала бастады.

 Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады. Фашистік партия НСДАП үкіметтік билікті алуға шақырды. Ірі мопополия иелері Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стиннес фашистік партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кіру жарнасы үшін 300 мың марка төлеген. Ірі монополияның көмегімен фашистік партия мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927.

 Фашистердің дағдарысқа қарсы шаралары төтенше сипатта болды, олар экономиканы өсу режиміне келтірудің тактикалық мақсаттарын ғана емес, сонымен қатар стратегиялық - жоғалғандарды қайтаруды көздеді: жоғалған территориялар мен нарықтарды қайтару, мемлекет шекараларын одан әрі кеңейту, әлемдік үстемдікті жаулап алу. Бұл стратегия елді дағдарыстан шығарудың формалары мен әдістерін анықтады, оның негізгі мазмұны ұлттық экономиканың толық милитаризациясы (әскери күштің күшеюі) болып табылады.

 Нацистер қаржылық, шикізат, өндіріс, адами және басқа ресурстарды шоғырландырудың негізгі тұтқасы болған экономиканы мемлекеттік реттеудің қуатты аппаратын жасайды.

 Қабылданған бірқатар заңдар өнеркәсіптік әлеуеттің көп бөлігіне қатаң мемлекеттік бақылау орнатуға мүмкіндік берді. Ұлттық еңбек ұйымы туралы заң мәжбүрлі еңбекті орнатудың нормативтік негізін жасады. Германия экономикасы бір орталықтан - Бас экономикалық кеңестен басқарылды. Экономикадағы мемлекеттік сектордың кеңеюі жедел қарқынмен жүрді, бұл, атап айтқанда, кәсіпорындарды ұлттандыру саясатымен, дәлірек айтсақ, оларды еврей иелерінен тәркілеу және режимге наразы кәсіпкерлердің меншігін мемлекет меншігу саясатымен байланысты болды.

 Мемлекеттің экономикалық өмірге араласуының бұл нұсқасы өте тиімді болып шықты және 1934 жылы фашистік режимге дағдарысты, ең алдымен ауыр өнеркәсіпте тоқтатуға мүмкіндік берді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу