Әлем елдері Ұлы дағдырыстан қалай шықты? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, қосымша материал 2.


Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция (1929-1933 жж.).

 Францияда экономикалық дағдарыс басқа капиталистiк елдерге қарағанда кештеу басталды. Соғыста қираған экономиканы тез қалпына келтiру, өндiрiстiң кейбiр салаларына мемлекеттiк көмек көрсету арқылы жүзеге асырылды. Германияның репарациялық төлемі де айтарлықтай тұрақтануға әсерiн тигiзген болатын. Бұл шараларға қарамастан Франция экономикасында 1930 жылдары дағдарыс басталды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару азайды. Сыртқы сауда түсiмi төмендедi. 1932 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру 44%, сыртқы сауда 46% қысқарды. Мемлекеттiк бюджет дефицитке ұшырады. Эконо-микалық дағдарыс әлеуметтiк салада халықтың тұрмыс жағ-дайын төмендеттi. Өндiрiс орындарының жабылып қалуынан елде жұмыссыздардың саны 2,3 млн адамға жеттi. Еңбекшi халықтың жалақысы 1930-1934 жылдары 30%, қызметкерлердiң табысы 15-18% қысқарды.

 Ауыл шаруашылығы дағдарыс жылдарында өте ауыр жағдайда қалды. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң бағасы құн-сызданды, табыс азайды. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру 1913 жылғы деңгейде қалды. Астық, ет, жұмыртқа және шарап бағасы 2 есе арзандады. Шаруалардың iрi жер иелерiне және банкке қарызы өстi. Ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiмдер базарда өтпей, мал басын азайтуға мәжбүр болды. Өндiрiлген өнiмдердi өртеп, жойып отырды. Азық-түлiктiң елде жетiспеуi қала халқының тұрмыс жағдайының төмендеуiне келдi. Ұсақ және орта кәсiпкерлердiң өндiрiс орындары 1,5 есеге қысқарды. 100 мың кәсiпкер банкротқа ұшырады. Францияда iрi банктер жабылып, халықтың банкке салған жинақтары босқа жойылып кеттi. Қаржы иелерiмен монополиялар арасында ұрлық, жасырын келiсiмдер көбейдi.

 Iрi буржуазия мен өнеркәсiп иелерi дағдарысқа қарамастан, мемлекеттiң көмегi арқылы табыстарын азайтқан жоқ. Мемлекеттiң «қорғау секторы» арқылы несие және мемлекеттiк тапсырыстар алып отырды. Салық және кеден салығын азайту арқылы iрi монополия өздерiнiң өндiрiстерiн сақтай алды. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн азайтқан фермерлерге арнаулы кредит-тер берiп отырды. Франциядағы экономикалық дағдарыс, елде саяси үкiметтiк дағдарыспен жалғасты. Бұл жылдары бiрнеше үкiмет бiрiнен соң бiрi ауысып отырды.

Франциядағы Халық майданы үкіметінің реформалары:

1.Апдада 40 сағаттық жұмыс

2.Фашистік ұйымдарға тыйым салынды.

3.Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын енгізілді.

4.Еңбек ұжымдары мен жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық шарттар

5.Жалақы мен зейнетақыны көтерілді

6.Жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстар енгізілді

7.Салық жүйесіндегі реформалар

8.Франция банктері мемлекет бақылауына өтті

9.Жеке әскери кәсіпорындарды ұлттандыру

10.Міндетті білім беруді 13 жастан 14 жасқа дейін ұзартылды. Спорт және мәдениет министрлігі мен Халық өнер академиясы құрылды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу