Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар (8.13.1)

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім

XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.3 - еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;

7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау;

7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

7.4.1.4 - «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Қытай мемлекетінің Англия империясының отарлау саясатына жүргізген апиын соғыстарының маңыздылығын анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді қолданып концептуалды сұраққа жұппен жауап береді;
  • Терминдерді қолданып, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттайды;
  • Екі апиын соғысын Венн диаграммасында салыстырады;
  • Уақыт сызығында 1793 жылдан 1900 жылға дейінгі аралықтағы Қытай елінің басты оқиғаларын белгілейді;

Тарихи концепт

Маңыздылық

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Министрлер, көкнәр, апиын , тәуелділік, контрабанда, дін таратушылар, варварлар, тайпиндер,

сыртқы сауда келісімшарт бойынша құрылған порттар

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Мен императорға ... кеңес берер едім

Екінші апиын соғысы британдықтар мен француздықтардың кесірінен болды/болмады, себебі ...

Императордың ескі жазғы сарайды қасақана өртеу дұрыс/дұрыс емес, себебі ...

Ескі жазғы сарайдың мүлкін қайтару/қайтармау керек еді, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

Пәнаралық байланыстар

География (Англия, Қытай мемлекеттері тақырыптары бойынша)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар Үндістан мен Қытайдың Ұлыбританиямен - алғашқы индустриялық елмен - қарым-қатынастарын алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

(БЫМ) Берілген суреттер топтамасының негізінде төмендегі сұрақтар төңірегінде талқылау ұйымдастырып, сабақ тақырыбын анықтайды.

  • Мен не көріп тұрмын?
  • Мен қандай қорытынды жасаймын?
  • Тақырып туралы менде қандай сұрақ туындауы мүмкін?

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі (мәтінді оқу)

5-12 мин

Жұптық жұмыс түрі

12-22 мин

Жұптық жұмыс түрі

22-27 мин

Топтық жұмыс түрі

27-35 мин

Ж. №1 тапсырма Мәтінмен жұмыс

  • Неліктен британдықтар шәй және басқа да белігілі қытай азық-түліктерін күміске емес, апиынға айырбастауды шешті?
  • Неліктен апиын Британияның қол астындағы Үндістанда өндірілді және өңделді?

Дескрипторлар:

  • Британдықтардың қытай азық-түліктерін күміске емес, апиынға айырбастау себептерін анықтайды;
  • Апиынның Англия отары Үндістанда өндірілу себебін түсіндіреді;

Ж. №2 тапсырма Терминмен жұмыс

«экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттандар.

Дескрипторлар:

  • Терминдерді қолданып, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттайды;

Т. №3 тапсырма.

Екі апиын соғысын Венн диаграммасында салыстырыңдар.

Салыстыру критерийлері:

  • себептері;
  • қатысушылары;
  • нәтижесі

Дескрипторлар:

  • Екі апиын соғысының себептерін, қатысушыларын, нәтижесін Венн диаграммасында салыстырады;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 3

Сабақтың соңы

35-40 мин

Рефлексия:

«Борт журналы»

Бұл тақырып туралы бұрын мен не білемін?

Бұл тақырып туралы жаңа ақпарат білдім

  • Мәтіннен
  • Сабақта
  • Сыныптастарымнан
  • мұғалімнен

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады. Әсіресе жұппен мәтін негізінде берілген сұрақтарға жауап берген кезде, белгіленген уақыт аралығында салыстыру тапсырмаларын орындау барысында жұптық, топтық саралау көрініс табады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін-өзі, бірін-бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.