Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
«Жанна д’Арктің Франция тарихындағы рөлі»
Жанна Д’арк , Орлеан қызы- Францияның ұлттық батыр қызы. Жүз жылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған. Шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен діншіл болған ол өзін құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді. 1429 жылы ақпанда әрең дегенде Карл VІІ-нің қабылдауында болып, соғыс қимылдарын бастау керек екендігіне оның көзін жеткізді. Жанна д’арк. басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеан қызы деп атады. Әрі қарай жеңісті жорықтарды жалғастырған ол Реймс қаласына келіп жетіп, 1429 жылы 17 шілде күні Карл VІІ-ні таққа отырғызды. Бұл жеңістер Жанна Д’арк есімін халық арасында аңызға айналдырғанымен, халықтық соғыстың өршуі король мен сарай ақсүйектерін қатты шошытты. Олар Жанна д’аркты әскери қимылдардан шеттете бастады. 1430 жылы 23 мамыр күні қоршаудағы Компьен қаласы түбіндегі шабуылда ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп, олар Жанна д’аркты ағылшындарға сатты. Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жіберді. 1456 жылы осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталды. 1920 жылы католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты
Топтарға арналған тапсырмалар
1 топ
VII Карлдің Реймсте тәж кию рәсімі не үшін қажет болды? Жауапты мәтіннен табыңыз;
Жанна Реймс қаласына аттануды ұсынды. Ертеден бері Реймс қаласында француз монархтың тәж кию рәсімі өтетін. Тәж кию рәсімінен өтпеген дофин король бола алмады. Егер дофин Реймс қаласында короноция қткізсе, онда монарх ағылшын үстемдігінен құтылып, ашық қарсылық белгісі ретінде танылар еді. Карл көпке дейін бұл қадамға бара алмай, Жанна корольді көндірді. 300 шақырым жерді кі аптада өтті. Карл Реймс қаласында салтанатты түрде король болып жарияланды.
2 топ
Неліктен король Жанна д‘Аркті мойындап, әскер берді? Жауапты мәтіннен табыңыз;
Аңыз бойынша Жанна 13 жаста болғанда оған періште келіп, ол дофинмен, тақ мұрагері Карлмен кездесіп, оны таққа отыруға көндіруі керек деп айтқан. 18 жасында батыл қыз Франция жауларымен соғысу үшін үйден біржолата кетті
VII Карлмен кездесуге қол жеткізгенге дейін Жанна көп қиындықты басынан өткерді. Дофин оның жеңіске деген сенімі әскердің рухын көтеретініне үміттеніп, ержүрек қызға үлкен жасақты басқаруға берді. Елді Әулие құтқарады деген аңыз осы уақытта аса танымал болды. 1429 жылы Жанна басқарған әскер Орлеанға келіп жетті. Қалалықтар қақпаны ашып, Жанна д’Аркті кіргізді. Орлеанды қоршауды тоқтату Жүзжылдық соғыстағы бетбұрысты сәт болды. Француз қалаларын босату басталды. Жаннаның ерлігі басқыншылармен күрестің жаңа серпініне, сондай-ақ халық арасында ұлттық бірлік сезімінің пайда болуына да жағдай жасады. Халықтың бірігуі мемлекеттің бірігуіне алып келді.
3 топ
Жанна бургундықтардың тұтқынында болған кезде, неліктен король оны қорғап алмады? Жауапты мәтіннен табыңыз;
Жаннаның туы астына жаңа жауынгерлер ағылды. Үйлерін және шаруашылықтарын тастап, шаруа қызы басқарған әскерге кірді. Олардың қатарына қолөнершілер қосылды. Бас қолбасшы Ля Тремуйль әскер қатарына халық арасынан барлық еріктілердің кіруінен қорықты: Жакерия шаруа көтерілісі әлі де жадында болды. - Кім біледі, - деп ойлады ол, - Жанна жаңа Жакқа айналар ма екен?
4 топ
Неліктен король VII Карл ширек ғасыр өткеннен кейін Жанна д,Арктің ісін қайта қарауды талап етті? Жауапты мәтіннен табыңыз;
1453 жылы Жүзжылдық соғыс француздардың жеңісімен аяқталды, тек қана Кале порты 100 жылға дейін ағылшындар қолында қалды. Франция соғыстың әсерінен қиратылғанымен елде орталықтандырылған мемлекет құру үрдісі әрі қарай жалғасты. Өлгеннен кейінгі өмір. Жанна д’Арк - халық батыры. 1430 жылы сәуірде Жанна д’Арк Компьен қаласының жанында жараланып, қала қабырғасының ішіне тығылмақшы болды. Бірақ қала коменданты оны қабылдамай,қақпаны жабуға бұйрық берді. Қолдау таппаған, жараланған Жанна бургундықтарға тұтқынға түседі және ағылшындарға сатылады. Король Жаннаға көмекке келмейді. Француз королі шіркеумен қарым-қатынасты үзуді қаламады. Сиқыршы қыздың қолынан тәж алды деген айыпты бас тартқысы келді. . Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жіберді. 1456 жылы осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталды. 1920 жылы католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты
5 топ
Жанна д, Арктің жеке бас қасиеттерін анықтаңыз. Жауапты мәтіннен табыңыз;
« ... Әулие Маргарита ағылшынша сөйлейді ме, деген сұраққа былай жауап берген: Ол ағылшынша қалай сөйлейді, егер ағылшындар тарапын қолдамаса? ... ... Семсер мен байрақ арасынан ол нені артық кәстерлейді, деген сұраққа «Қырық есе байрақты кәстерлеймін,»-деген. Жанна д’Арктан жауап алу хаттамаларының үзінділері.
Дескриптор:
- №1 сұрақтың жауабын мәтіннен табады;
- VII Карлдің Реймсте тәж кию рәсімінің қажеттілігін түсіндіреді;
- №2 сұрақтың жауабын мәтіннен табады;
- Король Жанна д‘Аркті мойындап, әскер берудің себебін түсіндіреді;
- №3 сұрақтың жауабын мәтіннен табады;
- Корольдің Жанна д*Аркті қорғамау себебін түсіндіреді;
- №4 сұрақтың жауабын мәтіннен табады;
- Жанна д,Арктің ісі бойынша жаза қайта қаралу себебін аықтап, түсіндіреді;
- №5 сұрақтың жауабын мәтіннен табады;
- Жанна д,Арктің жеке бас қасиеттерін анықтайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.