Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 17.1
VI бөлім: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: Неліктен Жанна д̓ Арк француз халқының есінде сақталады?
Оқу мақсаты:
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Тарихи концепт: маңыздылық
Сабақтың өзара байланыс компоненттері:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Сабақтың басында оқушылардың эмоционалды жағдайын жақсарту үшін «Жылан» жаттығуды откізіңіз. Мұғалім бір оқушыны тақтаға шақырады және ішінен кез-келген тарихи датаны есіне түсіруді сұрайды. Датаны білгілеп, жетекші оқушы тағы 4-6 оқушыны тақтаға шақырады. Олардың саны бұдан көбірек болуы мүмкін. Тақтаға шақырылған оқушылар бір-бірің қолдарынан ұстап, жетекші оқушының артынаң хороводпен жыланша жүріп, таңдалған датаны жазып шығады. Хороводка қатысушылар мен басқа оқушылар жекекші оқушы таңдаған датады танып, айтулары керек. Жетекші оқушы датаны қалай «жасатынын» алдын ала ойластырып алуы керек. Сол кезге ғана ойын қызықты болып өтеді.
Тапсырма командалық жұмыста бір-бірін тісінуге көмектеседі.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға 1886-1890 жылдары салынған Евгений Ленепвенің «Орлеанның қорғануы кезіндегі Жан-д'Арк» атты ккртинасын көрсетіңіз.
Оқушылардан сұраңыз: Суретте не көріп тұрсыңдар? Картинада көрсетілгенді жан-жақты сипаттаңыз. Суретте бейнеленген оқиға туралы не ойлайсыңдар? Сіз суретте бейнеленген сәтке дейін және одан кейін не болды деп ойлайсыңдар? Бұл суреттің негізгі кейіпкері туралы не айтуға болады? Бұл картина сендердің қандай сезім мен ойды туындатады? Сабақтың тақырыбы кім туралы болыда деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып, картинаның сюжеті туралы қысқаша мәлімдеңіз. Жүзжылдық соғыстың соңғы кезеңінде Франция осы қарапайым, шаруалардың отбасынан шыққын қыздың арқасында жеңіске жетті.
Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсатымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилермен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.
Оқушылармен бірге зерттеу жұмысының бағыттарын талқылаңыз, мысалы:
- Жүзжылдық соғыстағы Жанна д Арктің рөлін анықтау;
- Тарихи құжатта берілген ақпаратты талдау;
- Жанна Д’Арктың ісі бойынша жүргізілген сот барысын сипаттау.
- Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.
3. Бейнересурпен жұмыс. Оқушыларға Жүзжылдық соғыстың Францияның тарихындағы және Жанна Д'Арктың рөлін сипаттайтын бейнеролік көрсетіңіз. Оқушыларға топтарда жұмыс істеу арқылы бейнерлікте нені көріп, естіп немесе сезініп тұрғандарын постерлерінде белгілеуді ұсыныңыз:
1-топ. Біз нені көріп тұрмыз?
2- топ. Біз нені естіп тұрмыз?
3-топ. Бейнеленген оқиғаның қатысушылары қандай эмоциялық жағдайда көрсетілген? Біз нені сезініп тұрмыз?
4-топ. Біз нені жазып үлгердік.
Бейненіролікті көріп болғаннан кейін топтарға тапсырманы аяқтау үшін тағы 3 минут беріңіз, содан кейін топтардың өкілдеріне сөз беріңіз. Сыныпта оқу материалды қабылдау типі бойынша түрлі оқушылар болу мүмкін: аудиалдар, визуалдар, кинестетиктер, дигиталдар. Сол себепті осы топтық тапсырманы орындау алдыеда оқушыларға олардың қабылдау түрлеріне байланысты топты таңдауға мүмкіндік беріңіз.
Топтар өз жұмыстарымен сынып оқушыларды таныстырады. Олардың жұмысын келесі дескрипторлар бойынша бағалаңыз:
- Оқушылар бейнероликте көргендерін постер арқылы сипаттайды,
- Оқушылар бейнероликте тыңдағандарын (қандай дыбыстарды естігендерін) постер арқылы сипаттайды,
- Оқушылар бейнені көргенде өздерінің сезімдері мен кейіпкерлердің сезімдері туралы постре дайындайды,
- Оқушылар бейнеролік көрген сәтте үлгеріп жазған ақпаратты постерде жазбаша немесе көрнекі түрде (схема, интеллект-карта және т.б.) сипаттайды.
4. Оқулық мәтінімен жұмыс. Оқушыларға оқулық мітінін оқып, онда бейнеленген кейіпкердің қасиеттері және оның Франция үшін жасаған ерлігінің маңыздылығына назар аударуды ұсыныңыз. Оқуды аяқтағаннан кейін, оқушыларға Франция тарихындағы Жанна Д'Арктың ерлігің бағалауды сұраңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жұптарға біріктіріліп, кейіпкердің маңыздылығы туралы 3 «жұқа» және 3 «жуан» сұрақтар құрастырады.
Бұл сұрақтар сынып оқушыларға қойылады, оларға берілген жауаптар талқыланыды.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар. Оқушы:
- мәтіннің мазмұны бойынша кем дегенде 3 «жұқа» сұрақ құрастырады;
- мәтіннің мазмұны бойынша кем дегенде 3 «жуан» сұрақ құрастырады;
- оқулық ақпаратын пайдалана отырып, сұрақтарға ауысша жауап береді.
5. Тарихи дереккөзбен жұмыс. Оқушыларға Жанна Д'Арк ісі бойынша сотың сипаттайтын материалдармен қамтамасыз етіңіз. Төмендегі сұрақтардың талқылауын ұйымдастырыңыз:
- Дереккөздерден басты кейіпкер туралы қандай қосымша ақпарат алдыңыз?
- Кейіпкер өмір сүрген тарихи кезең туралы қандай қосымша ақпарат алдыңыз?
- Неліктен Жанны Д'Арктың ерлігін оның замандастары тарапынан бағалаланбай және ол неліктен өлтірілді?
- Тарихи тұлғаның тағдыры туралы қандай жалпы қорытынды жасай аласыңдар?
Тапсырмаға арналған дескрипторлары:
- оқушылар тарихи дереккөзден қосымша нақты ақпаратты анықтайды,
- оқушылар тарихи тұлғаның маңыздылығы замандарстары тарапынан бағаланбауы мүмкін туралы қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушыларға Францияның тарихындағы түрлі кезеңдерде Жанна Д'Аркка байланысты көзқарастың бірнеше рет өзгергені туралы қосымша ақпарат парағын таратады немесе өзі баяндап береді. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз:
- Неліктен тарихи тұлғаға қатысты көзқарас уақыт өте өзгереді? Мұның себебі неде?
- Қазіргі Франция үшін Жанна Д'Арк ненің символы болып табылады?
- Рефлексия кезеңіз өткізу үшін “Табысты баспалдағы” әдісін орындаңыз. Оқушыларға слайдта бейнеленген «табысты баспалдағындағы» өз позициясын таңдауды ұсыныңыз.:
- 1-басқыш – Маған қиын. Мен тырысамын, бірақ әлі де сыныпта жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін көп күш салуым керек.
- 2- басқыш – Мен сабақтың жұмысында жақсы нәтиже алдым, бірақ мен тоқтамаймын. Мен білімімді үнемі толықтырамын.
- 3-басқыш – Менің сабақта белсенді жұмыс жасаған нәтижесінде осы тақырып бойынша мен үлкен жетістіктерге жеттім. Мен өз жұмысыммен толығымен қанағаттанамын.
Оқушылардың кейбір пікірлерін талқылар, сабақ барысындағы жұмыстарына алғыс айтыңыз.
5. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтын тақырыбы бойынша қосымша көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:
- Драгомиров М. Жанна д'Арк. СПб., 1898.
- Левандовский А. П. Жанна д'Арк. М., 1962.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
Тапсырма 1. Көпшілік оқушылар үшін
Төмендегі мәтінді оқыңыз. Мәтіннен келесі сұрақтың жауабын табыңыз:
- Неліктен король Жанны Д'Аркка сеніп білдіріп, оған әскерді басқаруға рұқсат берді?
Шинон замогына келгенде, дофин Жаннаның алғырлығын тексеруді жоспарлады. Дофиннің тағына паждардың біреуі отырды, ал Карл сарай маңы ақсүйектер қатарына тұрды. Жанна, ешқандай ауытқысыз, ескі пальтодағы нәзік жас жігітке жақындап, оған басын иіп сәлемдесті. Ол ойын тапты. Дофин былай деп ойлады: «Егер ол мені патшаның заңды ұлы деп мойындаса және оған бәрі сенсе, онда барлық Франция мені король ретінде мойындайды! Оны пайдалану жақсы болар еді, бірақ бағынбайтын қыз емес пе екен?». Енді Карлға Жаннаны шіркеу қызметшілерінің мойындаулары қажет болды. Оған дін қызметкерлері мен юристер қоймаған сұрақтары болған емес, жын (шайтан) арқылы жіберілмегеніне сенімді болғандарынша оны сұрақтың астына алды! Қыздың шынайы жауаптарынан Отанның жауларына жек көрушіліглгі, жеңіске деген сенімділігі сезінді, олар тәжірибелі саясаткерлер болғандықтан: «Жанна бізге қызмет ете алады, ал қалғанын көре жатармыз!», - деп шешті.
Тапсырма 2. Көпшілік оқушылар үшін.
Төмендегі мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Турели фортына шабуыл кезінде Жанна қандай мінез құлқын көрсетті?
- Ол өз бойында қандай қабілеттері бар екенін көрсетті?
Турдан Жанна дофин армиясы орналасқан Блуа қаласына қарай жолға шықты. Күрделі саяхат кезінде Жаннаның шыдамдылығы мен қарапайымдылығы оған барлығының сүйіспеншілігіне ие болды. Қыз өз сауытын шешпестен, жерде ұйықтап, өздерінің сарбаздарымен аз тамақпен бөлісіп, әскери істерге, қару-жарақтарға, әсіресе артиллерияға шынайы қызығушылық танытты. 7 мамыр 1429 француз әскерлері мен Орлеан тұрғындары форт Турелиге аттанды. Шайқас күн бойы жалғасты. Жанна шабуылдаушылардың үнемі алдыңғы қатарында жүрді. Бірақ британдықтар күшті қарсыластық көрсетіп, француздардың шабуылдары әлсіреді, сарбаздар шаршады. Сол жағдайда Жанна баспалдақты алып, оны форттың қабырғасына тіреп қойып: «Кім мені жақсы көреді, маған еріңдер!» - деп қабырғаға көтеріле бастады. Сол сәтте жебе оның бұғана сүйегіне қадалып, ол шұңқырға құлап түсті. Сарбаздар оны аулық алып, шөпке қойды; ол жебені өзі суырып алды. Көп кешікпей Жанна қайтадан аяғына тұрды.
Ол сарбаздарға ұран тастады: «Батыл шығыңдар, ағылшындардың қорғануға күштері таусылды. Біз бекіністі аламыз!». Бірінші болып, Жанна шабуылға шықты, оның артынан басқалары жөнелді. Көп ұзамай екі сарбаз ұстаған Жаннаның ақ туы қабырғаның жанында көтерілді. Туды көргенде, сарбаздар Турели алынды деп ойлап, жеңіске қол жеткіздік деп ойлап, шайқасқа кірісті. Келесі күні британдықтар Орлеанның қабырғасынан шығып кетті. Келесі күні британдықтар Орлеанның маңынан шығып кетті.
3 тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін:
Контурлы картамен жұмыс.
Контурлы картаға белгілеңіз:
1. Жанна д ,Арк дүниеге келген және өмір сүрген Донреми ауылын.
2. Осы ауылдан бастап, контур картасында Шинон замогіна қарай жол салыңыз, онда сол уақытта Карл дофин (таққа мұрагер болған) орналасқан.
3. Француз әскерлері Жаннаның басшылығымен Блуа қаласынан Компьенге дейінгі жүріп өткен жолын белгілеу үшін стрелкаларды пайдаланыңыз.
4. Босатылған қалалардың аттарын картаға жазыңыз.
5. Картада Реймс қаласын және Жанна Д,Арктың өлім жазасы орындалған күнін белгілеңіз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.