Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 6.23.2

 

 VIII бөлім: Сауда, қолөнер және әлемді игеру

 Сабақ тақырыбы: Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?

 Оқу мақсаттары:

 6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;

 6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)

 Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 

 Сабақ компонентерінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеріңіз. Оқушылардың сабаққа қатысты көңіл-күйлерін жоғарлату мақсатында «Мен ешқашан...» атты ойын түрін өткізіңіз. Оқушылар «Мен ешқашан...» деген сөзбен басталатын сөйлемдер құрастырады, мысалы: «Мен ешқашан парашютпен секірмедім», т.б. Оқушылардың қалған бөлігі қолдарының бір саусағын бүгеді, егер олар үшін айтылған тұжұрымдама дұрыс болса, яғни, олар да парашютпен секірген. Қолында соңғы саусағы бүгілмей қалған оқушы жеңемпаз атанады. Мұғалім алдын ала айтуы керек: барлық тұжұрымдамалар ақиқат болулары керек және әдепті болулары керек, ал саусақтарын адал бүгулері тиісті. Ең аз өмірлік тәжірибесі бар екені анықталған оқушы жеңіске жетеді, яғни ен бай тәжрибелі оқушы ұтылады. Бұл қорытынды оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етуі мүмкін.

 Тапсырма оқушылардың наразларын жинақтауға және сыныпта позитивті психологиялық микроклиматты құруға өте тиімді.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Ұлы географиялық ашулардың дәуірінің негізгі тұлғалардың портреттерін көрсетіңіз.

 Оқушылардан осы саяхатшылар туралы не білетіндерін сұрап, олардың жауатарын тыңдаңыз.

 Оқушылардың пікірлерін тыңдап болғаннан кейін, олардың хабарламаларын келесі мәліметтермен толықтырыңыз:

 Ұлы географиялық ашылулар дүниежүзілік маңыздылыққа ие. Освлар арқылы құрлықтардың шекті конткрлары анықталды, жердің көптеген жаңа өнірлері зерттелді, Жер шары туралы жаңа мәліметтер жиналды. Бұл ашылулар тек қана географияның дамуына емес, тағы да көптеген білім салаларының дамуына ықпал етті. Олар ботаника, зоология, этнография және тарих сияқты басқа да ғылымдардың дамуына жол ашты.

 Ұлы географиялық ашулар арқасында еуропалықтар жаңа өсімдіктерді ас терінде пайдалана бастады, мысалы: картоп, маис жігері, томат, темекі, т.б. Америкадан Еуропа елдеріне алтын, күміс, құнды металдар судай ағылды. Жаңа ашылулар арқасында Еуропада жаға өнімдер шығарыла бастады. Бұрынды сауда орталықтаның орнына (Италяның сауда республикалары) жаңалары пайда болды (Англия мен Голландия).

 Сабақ тақырыбын хабарлап, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептпен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады.

 

 3. Мәтінмен жұмыс. Оқушылардан Ұлы Географиялық ашулардың себептері туралы материалдарды оқуды сұраңыз. Жұптасып жұмыс істеу арқылы, сол себептерді маңыздылығы азайғанымен жазыңыз. Яғни мәтіннен таңдап, маңызды себептер бойынша саралау жасаулары керек.

 Оқушылардын жауаптары:

 Ұлы географиялық ашулардың салдарлары:

 - Жерорта теңізінен Атлант мұхитына сауда жолдарының ауысуы.

 - Алдыңғы қатарға келесі теңіз порттары шыққы: Лиссабон, Севилья, Антверпен.

 - Сауда әлемді тығыз байланыстырды - әлемдік сауда дамыды.

 - Әлемдік нарық пайда болды.

 - Еуропадағы саудагерлер мен өнеркәсіп орындарының иелерінің тез уақытта баюы.

 - Тоналған қазыналар ақшаны құнсыздандырды, бұл маңызды тауарлар бағасының тез өсуіне әкелді. Бұл құбылыс тарихта «баға революциясы» деп аталады.

 - Еуропадағы өндірістің белсенді өсуі.

 - «Жаңа» жерлерден әкелінген өсімдіктер еуропалықтардың тамақтануларын өзгертті, оны түрлендіріп, нағыз революция жасады.

 Содан кейін, оқушылаға жұппен талқылап, ең маңызды салдарды анықтауды сұраңыз.

 Тапсырма дескрипторлары:

 - Оқушы еуропалық теңіз саяхаттарының салдарын дұрыс анықтайды.

 - Оқушы еуропалық теңіз саяхаттарының салдарын дұрыс саралайды.

 - Оқушы еуропалық теңіз саяхаттарының ең маңызды салдарларын анықтайды.

 

 4. Жұптық жұмыс. Оқушыларға Ұлы Географиялық ашулар кезіндегі алғашқы отарлау империялардың пайда болуы туралы материалдар ұсыныңыз. Оларға жұппен жұмыс жасай отыра, кестені толтыруды тапсырыңыз.

 Тапсырма дескрипторлары:

  - Оқушы алғашқы отарлау иеліктерін құрған елдерді дұрыс анықтайды,

 - Оқушы алғашқы отарлау империялар құрылған кезенді анықтайды

 - Оқушы Еуропа елдерінің алғашқы колониясы болған аймақтарды анықтайды.

 Кестені толтыру мысалы:

 

Метрополия

Басып алған жылы

Отарлар

Испания

1519-1521 жж.

1530-ші жылдары

Ацтектер мемлекеті

Инктер мемлекеті

Франция

1535 ж.

1682 ж.

Канада

Миссисипи өзенінің бассейні (Луизиана)

Англия

1607 ж.

Солтүстік Американың отарлауының басталуы

 

 

  • Рефлекцияны жүзеге асыру үшін «Қайталау үшбұрышы» атты әдістемені пайдаланыңыз.

Оқушыларға жұптасып немесе жеке толтыру үшін органайзер ұсыныңыз.

Оқушылардан осы тірек сөздердің біреуін таңдап, оған негізделетін ауызша немесе жазбаша түрде өз тұжырымдамаларын қсынуды сұраңыз. Оқушылардың пікірлерін қорытындыңыз және сабақ барысында орындаған жұмыстарына алғыс білдіріңіз.

  • Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз. Мысалы:

-Побрызгалова О. «Ұлы географиялық ашулар»; Эксмо - Мәскеу, 2012 ж.

- Рассел Джесси «Ұлы географиялық ашулар», Мәскеу, 2012 ж.

Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалы

«Танымал теңізшілер» атты кесте

Аттары

Жаңа жерлерді табу мен барлауға қосқан үлесі

Генрих Теңізші

(1394-1460 жж.)

Португалдық принц Энрике - Африканың жағалау бойынша Үндістанға теңіз саяхатын ұйымдастырушы және шабыттандырушысы. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданды. Африканы айналып өтетін Үндістанға теңіз жолын іздестуді мақсат еткен теңіз мектебін ұйымдастырды және 40 жыл бойы Африканың жағалауына экспедицияны дайындауға бағытталған еңбек етті. Кішігірім елдің теңізшілері Африка, Азия және Американың кең аумақтарын картаға түсіріп, зерттеді. Португалия ұлы теңіз державаға айналды.

Виллем Баренц (1550-1597 жж.)

Голландық теңізші және зерттеуші, үш арктикалық экспедицияларының басшысы. Оның мақсаты Ост-Индиға солтүстік теңіз жолын табу болды.

Джеймс Кук

(1728-1779 жж.)

Дүниежүзілік мұхитті айналып өткен 3 экспедицияны ұйымдастырған, Австралия мен Океанияның зерттеуші, танымал ағылшын теңізші. Оның негізгі үш экспедициясы Тынық мұхиттың сол кездегі белгісіз аймақтарына бағытталды. Дж.Кук Австралияның, Жаңа Зеландияның, Жаңа Гвинеяның және басқа да аралдардың шығыс жағалауларын тапты. Ол Жаңа Зеландияның бір емес,екі аралдар тұратынын дәлелдеді, Үлкен Кедергі рифті зерттеді, Тынық мұхитының картасына жүздеген жаңа аралдарды белгіледі, оңтүстіктегі Гавай аралдарын ашты, осы жерде қайғылы қайтыс болды.

Дж. Кук жердің поляр полюстарының аймақтарын зерттеліп, Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Мұзды мұхитқа өтті. Дж.Куктын кемелерге Оңтүстік Арктиканың да шеңберін жетті.

Иван Федорович Крузенштерн (1770-1846 жж.)

Теңізші және зерттеуші ғалым. 1803-1806 жж. аралығында Ресейдің алғашқы дүниежүзілік экспедициясынбасқарды.

Экспедиция Тынық мұхитының картасын анықтады, Сахалиннің табиғаты мен тұрғындары, Тынық мұхит аралдары және Камчатка туралы ақпарат жинады. Крузенштерн өзінің саяхатының сипаттамасын жариялады және Тынық мұхитының екі-томдық атласын құрастырды.

Михаил Петрович Лазарев (1788-1851 жж.)

Танымал теңізші, теңіз флоты басшысы және зерттеуші ғалым. Беллинсгаузенмен бірге ол Антарктиканы ашқан теңіз экспедициясын басқарды. Бұған дейін ол «Суворов» атты кемемен бүкіл әлемді айналып шықты, Антарктикаға барғаннан соң, ол «Крейсер» фрегатын басқарып, үшінші рет бүкіл әлемді айналып шықты.

Миклухо Маклай (1846-1888 жж.)

Орыс теңіз саяхатшысы. 1870-1887 жылдары ол Тынық Мұхитының аралдарын, Жаңа Гвинея мен Австралияның жағалауларын зерттеді, табиғат пен жергілікті тұрғындар – папуастар - туралы көптеген ғылыми материалдар жинады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу