Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, презентация.


Ассоциация

«Өзгеріс»

Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде

әлемде өзгерістер орын алуы мүмкін бе?

Cабақтың тақырыбы:

Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?

Оқу мақсаттары:

6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;

6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)

Бағалау критерийлері

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістерді анықтайды;

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістерді «Mine map» сызбасына түсіреді;

«Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістер» тақырыбында «Mine map» ментальды картасын құру.

Қарастырылатын бағыттар:

Әлеуметтік саладағы өзгерістер

Саяси саладағы өзгерістер

Экономика саласындағы өзгерістер

Мәдени саладағы өзгерістер

 

Ментальды карта жасауға ұсыныстар:

1.Негізгі тақырып ортаға жазылады

2.Сөйлемдердің орнына негізгі ойды айқындайтын сөздер ғана жазылады

3.Сөздер ортадан шеттерге қарай таралатын бұтақтарға жазылады.

4.Негізгі бұтақтарға иллюстрацияларда қосуға болады.

Дескрипторлар:

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған әлеуметтік саладағы өзгерістерді анықтайды;

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған саяси саладағы өзгерістерді анықтайды;

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған экономикалық саладағы өзгерістерді анықтайды;

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған мәдени саладағы өзгерістерді анықтайды;

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістерді «Mine map» сызбасына түсіреді;

Жұмысты жариялау

/«Карусель» әдісі арқылы/

Карусель

Нұсқаулық: Әр салаға ақпараттар кілтті сөздер арқылы жазылады. Әр топ «Mine map» сызбасын постерге орындаған соң, әр топтан бір көшбасшы топта қалып, белгіленген уақыт бойынша сызбаны түсіндіреді. Ал, қалған топ мүшелері сағат тіліне қарай, әр топтарға барып көшбасшылар түсіндірмесін тыңдайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері келесі топтың түсіндірмесін тыңдайды. Солай топтардың барлығын тыңдап болғанша жалғаса береді. Соңында өз топтарына келіп, көшбасшыға барлық топтардан жинаған ақпараттарын түсіндіреді. Қай топтың жұмысы жақсы болғанын ақылдаса келіп топ мүшелері өздерінің дауыстарын бір топқа беру арқылы стикермен бағалайды. Стикер санын көп жинаған топ ең үздік топ болып саналады.

Сабақты қорытындылау:

Ұлы географиялық ашулар әлемді қаншалықты деңгейде өзгертті?

/2 нақты дәйекпен ой түйінде/

Рефлексия

Қандай дағдыларыңды дамыттың?

Қандай білім алдың?

Қандай қиыншылықтар туындады?

Ұсыныстарың қандай?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу