Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 6.23.2

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;

6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)

 Сабақ мақсаттары

Ұлы географиялық ашулардың әлем өзгерісіне ықпалын анықтау

 Бағалау критерийлері

 

  • Оқушылар бейнематериалды көре отырып, кестеде берілген терминдерді мағынасымен сәйкестендіреді;
  • Дерекке берілген сұрақтар негізінде талдау жасайды;
  • Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістерді жағымды, жағымсыз деп екі бағанға орналастырады;

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Өзгеріс пен сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық

Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу, еуропалық отаршылдар, құлдар, «оқ-дәрі империялары»

Христофор Колумбтың ашуынан кейінгі алмасулар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қысқаша мазмұнды жазу-мысалдар Қытайлар зерттеу саяхаттарына кедергі жасады өйткені ...

Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ...

Ең маңызды фактор ... болды

Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ...

Бәрінен айрылғандар мына адамдар ...

Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

 Пәнаралық байланыстар

География (Ұлы географиялық ашулар)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттары бойынша алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

БЫМ/Т Оқушыларды топтарға бөліп, географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістер туралы өз болжамдарын ауызша ортаға салуды ұсыну. Жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыпқа шығу.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Өзгеріс туралы ойлағанда сіздің ойыңызға келетін сөздерді атаңыздар?
  • Қандай заттар өзгеріске ұшырауы мүмкін?
  • Өзгеретін қандай ерекше заттарды білесіздер ?
  • Өзеріске ұшырайтын заттар қандай болады?
  • Заттың өзгеріске ұшырау ықтималдығын қалай білесіз?
  • Өзгеріс болғандығына қандай дәлелдер келтіресіз?
  • Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде өзгерістер орын алуы мүмкін бе? –деп оқушылар пікірін сұрап, сабақ тақырыбын анықтату.

презентация

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі

5-10 мин

Жұптық жұмыс түрі

10-22 мин

Топтық жұмыс түрі

22 -37 мин

Ж. Оқушылар бейнематериалды көре отырып, терминдермен жұмыс жасайды. «отар», «метрополия», «конкистадор» ұғымдарын мағынасымен сәйкестендіреді.

Ж. Оқушыларға дерек ұсынып, сұрақтар негізінде талдау жасатыңыз.

1.XVІ ғасырда «экспансия» деген сөздің мәні қалай өзгерді?

2.Испандық және португалдық жаулап алушылар Америкадағы халықтарды қандай жолмен қанағанын түсіндір.

3.Мәтіндегі деректер негізінде испандықтардың Америкадағы әрекеттері жергілікті халықтарға қалай әсер еткенін сипатта.

Т Әрбір топтағы оқушыларға өзгерістер түрлері жазылған кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар осы өзгеріс түрлерін жағымды(+), жағымсыз (-) деп екі бағанға бөліп орналастырады және орналастыру себебін түсіндіріңдер.

Дескрипторлар:

  • Оқушылар бейнематериалды көре отырып, «отар», «метрополия», «конкистадор» ұғымдарын мағынасымен сәйкестендіреді.
  • «Экспансия» ұғымының мәнін түсінеді;
  • Испандық және португалдық отаршылардың Америка халықтарына жүргізген саясатын атайды;
  • Испандықтардың Америкадағы әрекеттері жергілікті халықтарға қалай әсер еткенін сипаттайды.
  • Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістердің жағымды, жағымсыз жағын анықтайды;

Қосымша 1

Бейнематериал:

https://www.youtube.com/watch?v=zZeiyA2Xr4k Ұлы географиялық ашылулар жаңа өркениеттің бастауы

(рус.) Әлемдік өркениет тарихы

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия: Ұлы географиялық ашулар әлемді қаншалықты деңгейде өзгертті?- сұрағы бойынша ой түйіндеу;

  • Нені білдім?
  • Нені үйрендім?
  • Нені толық түсінбедім ?
  • Нені жетілдіру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін -өзі, бірін- бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу