Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, презентация.


Cабақтың тақырыбы:

Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?

Оқу мақсаттары:

6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;

6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)

Бағалау критерийлері

Оқушылар бейнематериалды көре отырып, кестеде берілген терминдерді мағынасымен сәйкестендіреді;

Дерекке берілген сұрақтар негізінде талдау жасайды;

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістерді жағымды, жағымсыз деп екі бағанға орналастырады;

Жетелеуші сұрақтар:

Өзгеріс туралы ойлағанда сіздің ойыңызға келетін сөздерді атаңыздар?

Қандай заттар өзгеріске ұшырауы мүмкін?

Өзгеретін қандай ерекше заттарды білесіздер ?

Өзеріске ұшырайтын заттар қандай болады?

Заттың өзгеріске ұшырау ықтималдығын қалай білесіз?

Өзгеріс болғандығына қандай дәлелдер келтіресіз?

Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде өзгерістер орын алуы мүмкін бе?

Бейнематериалмен жұмыс

https://www.youtube.com/watch?v=zZeiyA2Xr4k

1 тапсырма: Бейнематериалды көре отырып, «отар», «метрополия», «конкистадор» ұғымдарын мағынасымен сәйкестендіріңдер

Жұптық жұмыс:

№2 тапсырма : Дерекпен жұмыс

Деректі оқып төменде берілген сұрақтарға жауап бер.

Топтық жұмыс

№3 тапсырма :

Өзгерістер түрлері жазылған кеспе қағаздарды жағымды(+), жағымсыз (-) деп екі бағанға бөліңдер.

Бағанға орналастыру себебін түсіндіріңдер.

Дескрипторлар:

Оқушылар бейнематериалды көре отырып, «отар», «метрополия», «конкистадор» ұғымдарын мағынасымен сәйкестендіреді.

«Экспансия» ұғымының мәнін түсінеді;

Испандық және португалдық отаршылардың Америка халықтарына жүргізген саясатын атайды;

Испандықтардың Америкадағы әрекеттері жергілікті халықтарға қалай әсер еткенін сипаттайды.

Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістердің жағымды, жағымсыз жағын анықтайды;

Сабақты қорытындылау:

Ұлы географиялық ашулар әлемді қаншалықты деңгейде өзгертті?

/2 нақты дәйекпен ой түйінде/

Рефлексия

Нені білдім?

Нені үйрендім?

Нені толық түсінбедім ?

Нені жетілдіру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу