Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 6 СЫНЫП, САБАҚ 6.20.2

 

 VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

 Сабақ тақырыбы: Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз монарх бола алмады?

 Оқу мақсаттары:

 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру

 Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық.

 

 Сабақ компонентінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақты ұйымдастыру кезіңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарлату мақсатында «Біз ұқсаймыз» атты сергіту жаттығуды пайдаланыңыз. Оқушылар сыныпта серуендеп жүріп, өзгелерге: «Сен маған ... ұқсайсын» және «Мен сенен өзгешемін ...» деп, өзі туралы мәлімдейді.

 Сабақтың басында өткізілетін бұл жаттығу оқушыларға әрқайсысының өзінің жеке басының және өзіндік тұлға болуына құқығы бар екенін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, әрқайсысында сізді оған жақындататын мінез-құлқылары болуы мүмкін. Жаттығу коммуникативтік дағдыларды дамытуға және сыныпта позитивті микроклиматты қалыптастыруға көмектеседі.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға слайд көрсетіңіз. Онда сабақ тақырыбына қатысты жаңа терминдер мен түсініктер жазылған, мысалы: патша, парламент, сайлау науқаны, өкілетті орган, дворянство сословиесі, абсолютизм, азаматтық соғыс, мемлекеттік опасыздық, реформа, янычарлар, сұлтан, диван, үәзір, садақтың адырнасы, қаскүмендік, өлім жазасы, конституциялық монархия.

 Оқушылардан сұраңыз: Олар бұрын бұл сөздерді кездестірді ме және олардың мағынасын қалай түсіндіре алады? Бұл сөздер қай елдердің тарихымен байланысты болулары мүмкін? Осы тірек сөздерді ескергенде, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

  Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін, сабақ барысында оқушылар абсолютті монархтардың өз билігін нығайта алмағанын және өздерінің бағыныштыларының қолынан өлім жазасына ұшыраған мысалдарды зертейтіндері туралы хабарлаңыз. Сонымен бірге, сабақта екі аймақтың - Шығыс және Батыс - монархтарының мысалдары қарастырылатын болады.

 Сабақ тақырыбын анықтап болған соң, оқушыларды бүгінгі сабақтың оқу мақсаттарымен, тарихи концептімен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазып алады.

 

 3. Бейнероликпен жұмыс. Оқушыларға Англияның королі І Карл Стюарттың билігі, ағылшын буржуазиялық революциясының басталуының және патшаның өлім жазасының себептері туралы бейнефильмді көрсетіңіз.

 Көргенге байланысты оқушылардың пікірлерін сұрастырыңыз. Келесі сұрақтарды талқылаңыз:

 - Бейнеролик қарағанда сендерде қандай көңіл-күй қалыптасты?

 - Сендерді не таң қалдырды?

 - Сендерде қандай сұрақтар туындады?

 - Қандай себептер корольді эшафотқа әкелді?- Осы себептердің қайсысы объективті болып табылады? (адамның іс-әрекетіне байланысты емес)- Осы себептердің қайсысы субъективті? (корольдің қабілеттері мен іс-әрикетіне қатысты себептер)

 Қорытынды жасаңыз: Ағылшын королінің өлім жасасына кесілуінің себептерінің қайсылары басым болды: объективті немесе субъективті? Өздеріңнің пікірлеріңізді қорғау үшін дәлел келтіріңіз.

 Дескрипторлар:

 Оқушы бейне көру арқылы туындаған пікірін және эмоцияларын еркін білдірді

 - Оқушы король I Карлдің билігінің құлдырауының субъективті себептерін анықтайды

 - Оқушы король I Карлдің билігінің құлдырауының объективті себептерін анықтайды

 - Оқушы корольдің абсолюттік билігінің құлдырауының объективті немесе субъективті себептерінің арты болғаны туралы қорытынды жасайды.

 

 Оқушылар жауаптарының нұсқасы:

 

Объективті себептер

Субъективті себептер

Елдің түрлі аймақтарында I Карл билігі кезінде салықтың өсуіне наразылық танытқан халықтың көтерілістері күшейді.

Король католиктік әйелге үйленіп, пуритандарды - ағылшын Реформацияны қолдаушыларын өзіне қарсы қойды

Англияда парламенттік басқару ұстанымдары мықты болды.

1628 жылы король Парламент әзірлеген «Құқықтар туралы» Петицияға қолын қойды, бірақ кейін оның талаптарынаң бас тарты.

Корольдің армиясы (кавалерлер) мен парламенттің армиясы (круглоголовыйлар) арасында екі азаматтық соғыстар болды, онда патша жеңіліске ұшырап, парламентің сотында жауапқа тартылды.

I Карл өзіне қатысты сын пікірлерге жол бермеді, ол өзін менменшіл ұстады

Англияның күшейе түскен сауда буржуазия өкілдері саяси билікке ұмтылды

1629-1640 жылдары король парламентті шақырмай, жалғыз өзі елді басқарды

Корольде тұрақты әскер болмады; соғыс болған кезде халық жасағы мен ерікті дворяндар жасақтары жиналған.

Өз жақындарына қатысты Карл тек жеке сүйіспеншілігін ғана емес,сонымен бірге әлсіздік танытып, олар үшін кейде елдің мүддесіне зиян тигізуге де барған.

Англияда жергілікті бюрократия әлсіз болды, жергілікті өзін-өзі басқару органдар маңыздылығын сақтап қалды.

 

 Қыртынды: Англия королінің абсолюттік билігінің құлдырауына объективті себептер неғұрлым көбірек болды, бірақ корольдің жеке басына байланысты себептер де үлкен рөл атқарды. Англиядағы абсолютизмнің құлдырауының басты себебі - елдегі капиталистік қатынастардың нығаюы және бай буржуазияның саяси билікке ұмтылысы. Тек буржуазияның билікке келген жағдайда ғана оның мүдделеріне сай жаңа заңдар қабылдай аланатыны сөзсіз болды.

 

 4. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларды Осман империясы мен жас сұлтан II Османт уралы ақпараттық мәтінмен қамтамасыз етіңіз. Мәтінді пайдаланып, сұлтанның билігінің құлдырауының объективті және субъективті себептерін анықтауды сұраңыз.

 

 Мұғалімге арналған қосымша материалдар

 

  XI ғасырдың басында оңтүстік Қазақстандағы Арал теңізі аймағындағы далада өмір сүоген түркі тілді оғыз тайпалары қыпшақтардың қысымы салдарынан туған жерінен көшіп кетті.

 Оғыз билеушісі Тоғырылбек өзінің тайласын оңтүстікте бағыт алды. Оғыздар ауылдық елді мекендерді басып алып, Орталық Азия мен Кіші Азияның мемлекеттерін өз билігіне бағындырды. Өзі жасаған түріктерінің Салжұқ мемлекеті (салжық – Тоғырыл бектің ата-бабаларының бірі, оғыз тайпасының тармаөтарының бірі салжұқ деп аталды) крестшілредің шабуылдарына төтеп бере алды, бірақ XIII ғасырдың басында моңғолдар салжұқтарды басып алды.

 1299 жылы салжұқ түріктерінің бұрынғы иеліктерінде әскери қолбасшы Осман бей (1258-1326 жж.) түрік-османдар мемлекетін құрып, сұлтан атағын алды. Уақыт өте, бұл мемлекет 1922 жылға дейін өмір сүрген мықты Осман империясына айналды.

 

Осман империясының билік иерархиясы келесідей болды:

 

- Сұлтан (шексіз билікке ие болған монарх)

- Ұлы үәзір (сұлтанның басты кеңесшісі, мемлекеттегі екінші лайызымды тұлға),

- Диван (сұлтанның жанындағы әуқатты адамдардан тұратын кеңесші орган)

- беклербектер (жергілік сұлтанның өкілдері, сұлтанның қазынасына салық жинайтын қызметкерлер).

 Түрік әскерінің негізгі соққы күштері - Шығыс Еуропа елдерінен (Византия, Болгария, Венгрия, Босния және т.б) шыққан, соғыстарда тұтқынға алынған 12 - 16 жастағы христиан жасөспірімдер, кейін арнаый тәрбие барысында сұлтанға адалдық танытатын юнычарлар болды.

 Империяның ең жас билеушісі II Осман сұлтан (1618-1622 жж.) болды. Ол өте білімді, әрі өзін өте еркін сезінген тұлға болғандықтан, билікті элитамен кеңес алмаспай ақ, тәуелсіз басқаруға ұмтылды. Атақты Ар Рашид сияқты, қалалар мен ауылдарға түнгі рейдтер жүргізіп, ақсүйектер өкілдерін тәртіпті бұзғандары үшін қатан жазалады. Сқтанның осы әдеті түрік феодалдарының наразылығын тудырды.

 1620 жылы сұлтан II Османның әскері Польшамен соғыс кезінде жеңіліске ұшырады, ол үшін II Осман янычарларды айыптады.

 Сұлтан янычарларды Анатолия мен Сирияда тұратын көшпелі түркі халықтардың өкілдерімен ауыстырып, әскери реформа жүргізуді жоспарлады. Сонымен қатар II Осман мұсылман дінбасыларының биліктерні шектеу мақсатымен елорданы мұсылмандық Стамбулдан Анатолияға көшіруді жөн көрді.

 Сқлтанның реформалары өз уақытынан тым ерте болды және Осман империясында XIX ғасырға дейін сұранысқа ие болмады. Жас сұлтанның тағдыры қайғылы болды: 1622 жылдың 22 мамырында оны янычарлар өлтірді (өзінің садағының адырнасымен өлтірілді).

 II Осман адамзат тарихындағы өз халқы өлтірген алғашқы монарх болды. Бір жағынан, бұл да сұлтанның елдегі жағдайды ескеруге тырыспағаны және оған сәйкес әрекет етпегінімен байланысты болды.

 Мәтінді оқып болғаннан кейін, оқушылармен бірге мынадай сқрақтарды талқылаңыз:

 - Мәтінді оқығанда сендер қандай көңіл-күйде болдыңдар?

 - Сендерді не таң қалдырды?

 - Сендерде қандай сұрақтар туындады?

 - Қандай себептер сұлтанды эшафотқа әкелді?

 - Осы себептердің қайсысы объективті болып табылады? (адамның іс-әрекетіне байланысты емес)

 - Осы себептердің қайсысы субъективті? (корольдің қабілеттері мен іс-әрикетіне қатысты себептер)

 Қорытынды жасаңыз: осман империясының жас сұлтанның өлімінің себептерінің қайсылары басым болды: объективті немесе субъективті? Өздеріңнің пікірлеріңізді қорғау үшін дәлел келтіріңіз.

 Дескрипторлар:

 - Оқушы мәтіннің мазмұны бойынша туындаған пікірін және эмоцияларын еркін білдірді

 - Оқушы II Османның билігі құлдырауының субъективті себептерін анықтайды

 - Оқушы II Османның билігі құлдырауының объективті себептерін анықтайды

 - Оқушы сұлтанның абсолюттік билігінің құлдырауының объективті немесе субъективті себептерінің арты болғаны туралы қорытынды жасайды.

 

 5. Сабақ бойынша рефлексия сәті.

 Оқушыларға бұл бөлім Еуропа және Шығыс елдерінің кейінгі орта ғасырлар мен жаңа дәуірдің басындағы оырн алған абсолютизмге арналғанын естеріне түсіріңіз. Зерттелген материал туралы ой қорытындылау үшін оқушыларға келесі мәлімдемелерді толықтыруды ұсыныңыз:

  • Ең орталықтандырылған монархтың билігі ... қолында болды, себебі ...
  • .... монархтың билік жүргізген кезінде өкілетті органдардың билігі толық жойылды
  • ... монархта сол уақыттағы ең үлкен және тәртіпті әскері болды.
  • .... монархтың билігін нығайтуға бағытталаған оның кезінде қабылданған .... туралы заңдар өз үлесін қосты.
  • Монарх елдегі экономикалық жағдайды осы арқылы бақылап отырды: ...
  • .... монархтың тұсында шіркеу мен діни қызметкерлер бағынышты рөлімен келісті, себебі ...
  • ... монарх өзіне талантты кеңесшілерді таңдай білді, олардың шығу тегіне емес, қабілеттеріне аса көп назар аударды.

 6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға «Сіз осы бөлімде қарастырған 6 монархтың қайсысы ең абсолютті және не себепті олай болды деп ойлайсыңдар?» - деген сұраққа жауап жазуды ұсыныңыз.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу