Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

 

 №1 тапсырма. І Карл өзін шексіз монарх ретінде көрсете алмау себебі неде?

 Қысқа парламент. 1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды, яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының нәтижесі болды. Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі І Карлды парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта «Қысқа» деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды. Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%BB_I

Қосымша 2

Тапсырма№2. І Карлмен ІІ Осман империясындағы монархиялық жүйенің ұқсастығы мен айырмашылығын кестеде берілген сұрақтар төңірегінде анықтап, салыстыр.

Билік ету кезеңі (ұзақтығы)

Мемлекеттік істерді шешу кезінде үкіметтің қандай күшіне сүйенді?

Монархтың сыртқы саясаты сәтті болды ма?

Монархтардың әрқайсысының кез-келген үш реформасын көрсетіңіз.

Монархқа қарсы халықтық көтеріліс болған ба?

Монархтардың билігі кезінде қарапайым халық қалай өмір сүрді?

Монархтардың өмірі қалай аяқталды?

Монархтардың билігінің негізгі нәтижесі қандай?

Екі монархтың билігі бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

Қосымша 3

Тапсырма№3. Төменде берілген ақпаратқа сүйеніп, сұрақтарға жауап жаз.

  • ІІ Осман билігінің ерекшелігі неде?
  • Неліктен Осман II-ге (реформатор ретінде) қауіп төнді?
  • Османды кім өлтіруі мүмкін? Оны өлтіруге қандай жағдайлар итермелеуі мүмкін?

 Сұлтанның өлтірілгенге дейінгі аз уақыт билік тұсы

  • «II Осман ауқымды Осман империясының шексіз билеушісі болды»
  • «Осман сұлтан өте ақылды, білімді және бірнеше тілді меңгерген»
  • «Сұлтанның ұлы уәзірі (бас министр) өте құдіретті болатын»
  • «Янычарлар артық құқыққа ие және жоғары ақылы жауынгерлер болған»
  • «Еркек кіндікті осман сұлтандарын таққа таласты болдырмау үшін тұншықтырып өлтірген немесе өмір бойы қамауға алған және т.б.»

Османның құлатылуынан кейінгі жағдай туралы ақпарат

  • «II Османның 1621 ж. Польшада түрік әскерлерінің жеңілуіне янычарларды (өзінің жеке сақшылары) айыптауы»
  • «Осман сұлтан янычарларды жаңа үлгідегі тиімді әскермен ауыстыруды құпия түрде жоспарлайды»
  • «Сұлтанды тақтан құлатқан соң, Османның ұлы уәзірі (бас министр) өлім жазасына кесіледі»
  • «1622 жылдары янычарлар кедей солдаттарға айналды, олар жаңа әдістерімен жүргізілетін соғыстарға барғысы келмеді т.б»
  • Оны өлтіруге қандай жағдайлар итермелеуі мүмкін?

Қосымша 4

Тапсырма 4. І Карл мен ІІ Осман султанның іс-әрекетінің ұқсастығы мен айырмашылығын кестеде анықта.

I Карл

Салыстыру сұрақтары

II Осман

Монархтың міне-құлықтары

Сыртқы және ішкі саясаттағы қолдаушылары

Оның ішкі және сыртқы саясаттағы бәсекелестері

 Қалай ойлайсыздар, екі монархтың қайсысы шексіз билеуші болды? (кем дегенде екі дәйек келтір)

1.

2.

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу