Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6.20.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім Абсолютизм: Батыс пен Шығыс | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру | ||
Сабақ мақсаттары | І Карл мен ІІ Османның монархия формаларын анықтап, шексіз билеуші монарх бола алмау себептерін анықтау | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тарихи концепт | Себеп пен салдар | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
Менің ойымша I, Карл нағыз абсолютті монарх……болды(болмады), себебі,,,,,,,,,,, | ||
Құндылықтарды дарыту | - тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; - басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру; | ||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы (Түрік қағанаты, Оғыз мемлекеті) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | XIV Людовик пен I Петр және Юнлэ мен Токугава шексіз билеуші ретінде танылды, абсолюттік монархияның белгілері Батыс пен Шығыс билеушілерінен көрініс тапқанын білу. | ||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-5 мин
| (БЫМ) /Б Оқушыларға І Карл мен ІІ Осман монархтардың портреттері мен мемлекет ғимараттарының суреттерін, көрсете отырып, сабақ тақырыбына болжам жасату. Бұл суреттерді ортақ не байланыстырады? Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері және тарихи концепт анықталады. | Презентация | ||
Сабақтың ортасы Жұптық жұмыс түрі 5-10 мин Жұптық жұмыс түрі 10-17 мин Топтық жұмыс түрі 17-29 мин Топтық жұмыс түрі 29-36 мин | 1 –жұп: І Карл, 2 –жұп:ІІ Осман билеуші туралы мәтінмен жұмыс жасайды. Ж. Ақпаратты оқушылар жеке оқып, жұппен «Абсолютизмнің негізгі белгілері ағылшын императоры І Карл мен ІІ Османның басқару жүйесінде көрініс тапты ма?» –деген сұраққа кестеде (v) белгісімен «иә», «жоқ»,- деп жауап береді. Әр топ өз жауаптарын дұрыс жауаппен салыстырады. Дескрипторлар:
Ж. Мәтінмен жұмыс.Кесте толтырылған соң, жұптарға төмендегідей тапсырма беріледі. 1. І Карлдың қате жасаған іс-әрекеттерін анықта. 2.Османды өлтіруге қандай жағдайлар ықпал еткенін анықта. Дескрипторлар:
Топ ішінде жұптар бір-бірімен жұмыстарын алмасып, өзара бағалау жасайды. Әр топ оқушыларына бейнематериалмен жұмыс тапсырылады. 1,2-топ І Карл 3,4-топ ІІ Османға қатысты бейнематериалды тыңдап, шығармашылық тапсырманы орындайды. Т. Шығармашылық жұмыс. 1,2-топ оқушыларына І Карлға шексіз билікті сақтап қалуға және нығайту бойынша кеңестер жазу ұсынылады. 3,4-топ оқушыларына ІІ Османға шексіз билікті сақтап қалуға және нығайту бойынша кеңестер жазу ұсынылады. Дескрипторлар:
Т Әр топқа І Карл мен ІІ Османның шексіз билеуші бола алмауының кем дегенде екі негізгі себебі мен салдарын жазу сұралады. Оқушылар сәйкес келетін дәлелдерді ұсынып, өз қорытындыларын жасауы қажет. Дескрипторлар:
| Қосымша 3 Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 4 | ||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Б Менің ойымша Осман империясының монархы……….абсолютті монарх болды(болмады), өйткені……… Менің ойымша I Карл, нағыз абсолютті монарх……..болды (болмады), себебі,,,,,,,,,,,деген сөз тіркестерін қолданып, оқушылар өз ойларын қорытындылайды. «Рефлексия: Баспалдақ»
| Презентация | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.