Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Жанна д’Арк шын мәнінде кім болды?
Жанна Д’арк , Орлеан қызы- Францияның ұлттық батыр қызы. Жүз жылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған. Шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен діншіл болған ол өзін құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді. 1429 жылы ақпанда әрең дегенде Карл VІІ-нің қабылдауында болып, соғыс қимылдарын бастау керек екендігіне оның көзін жеткізді. Жанна д’арк. басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеан қызы деп атады. Әрі қарай жеңісті жорықтарды жалғастырған ол Реймс қаласына келіп жетіп, 1429 жылы 17 шілде күні Карл VІІ-ні таққа отырғызды. Бұл жеңістер Жанна Д’арк есімін халық арасында аңызға айналдырғанымен, халықтық соғыстың өршуі король мен сарай ақсүйектерін қатты шошытты. Олар Жанна д’аркты әскери қимылдардан шеттете бастады. 1430 жылы 23 мамыр күні қоршаудағы Компьен қаласы түбіндегі шабуылда ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп, олар Жанна д’аркты ағылшындарға сатты. Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жіберді. 1456 жылы осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталды. 1920 жылы католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты
Жанна д’Арктан жауап алу хаттамаларының үзінділер
« ... Әулие Маргарита ағылшынша сөйлейді ме, деген сұраққа былай жауап берген: Ол ағылшынша қалай сөйлейді, егер ағылшындар тарапын қолдамаса? ... ... Семсер мен байрақ арасынан ол нені артық кәстерлейді, деген сұраққа «Қырық есе байрақты кәстерлеймін,»-деген.
Дерекке сұрақтар
- Дерек қандай уақытты сипаттайды?
- Дерек бойынша қандай оқиға түсіндіріледі?
- Деректің құндылығы қандай?
- Дерек бойынша негізгі дәйектердің астын сызыңыз
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.