Кедергілерден өтудегі арнайы спецификалық жаттығуларды жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


 Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

 

5-бөлім – Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кедергілерден өтудегі арнайы спецификалық жаттығуларды жетілдіру

Оқу мақсаттары

9.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түрлендіре білу;

9.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

Сабақ мақсаттары

  • Оқушылардың төзімділік қаблетін және дене қасеттерін дамытуды ұйымдастыру
  • Алма кезек екі адымды жүріс және алма кезек төрт адымды жүріс техникасын жетілдіру
  • Кедергілерден өтудегі арнайы қозғалыс әрекеттерін көрсету.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Кедергілерден өту барысында спецификалық қозғалыстар жинақтарын көрсетіп, әсерін түсіндіріп орындайды;
  • - Арнайы қысқа және ұзақ кашықтықты өтудегі дағдыларды салыстырып, жаттығулардың ағзаға әсерін талқылап орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология мыналардан тұрады:

  • Төзімділік;
  • күштік - жылдамдықты төзімділік;
  • анаэробты және аэробты жұмыстар
  • демалыс, жұмыс барысындағы кезіндегі жүрек соғысы, қалыпқа келу кезіндегі жүрек соғысы
  • алма – кезек төрт адымда жүріс
  • стратегия, талқылау
  • саптық жаттығулар.

Құндылықтарға баулу

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Пәнаралық байланыстар

Биология - шаңғымен сырғанау кезіндгі бұлшық еттің жұмысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Оқушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақыттарда жылдамдықты - күштік дайындық пен төзімділікті шаңғымен жүру техникасын меңгерген.

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

15мин.

-Презентация арқылы оқушыларға шаңғы туралы жалпы мағлұмат бере отырып, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын анықтау, қауіпсіздік ережелерге тоқталу:

Шаңғы даяарлығы сабағындағы қауіпсіздік ережелері.

1.аяқ қажалма үшін аяқ киім аяаққа шақ болу керек.

2.аяазды күні үсік алған жерді байқасаң ,ол жерді қармен қызарғанша уқалау керек.

3.Егер сабақ жарыс кезінде түрлі себептермен жарыс жолына шығып кеттсе мұғалімге немесе

торешіге хабар беру керек.

4.шаңғы теуіп келе жатыпжолдасыңның артын басып кетпе.

5.ара қашықтықты сақтау керек.

6.төбенің етегінде тоқтап тұруға болмайды.

7.қатты аяз кезде дененің ашық жерлерін май жағып қою керек.

Ескерту . егер дененің салмағы мен биіктігі сәйкес келмесе өзгерістер жасалады. Мысалы.

Дененің ұзындығы 170 см салмақ 60 кг болса шаңғының ұзыдығы 205 см болу мүмкін, ал дененің

ұзындығы 170 см болып салмағы 60 болса ,онда шаңғының ұзындығы 210 см болуы тиіс.

Саппен далаға шығып, сапқа тұрып шаңғыны кию.

АКТ құраллдары.

Қауіпсіздік ережелерге сілтеме:

 http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2013/01/09/tekhnika-bezopasnosti-na-urokakh-lyzhnoy-podgotovki

Сабақтың ортасы

 10 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 15 мин.

 

 

 

 

 

15 мин.

15 мин.

Тапсырма № 1 (С, К, ҚБ) Оқушылар ұсынылған кезектілікпен шаңғымен дайындық бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын орындайды.

Орнында.

1. Оңға, солға адымдап бұрылу.

2. Жылдам оңға және солға бұрылу.

3. Тірекпен және тірексіз таяқшалармен секіріп бұрылу.

Қозғалыста.

1. Қозғалыс таяқшалар иықта.

2. Шынтақты бүгіп, таяқшалармен қозғалу.

3. Қозғалыс, таяқшалар арқа тұста.

4. Қозғалу – таяқшалар тізенің жанында.

5. Қолды серпіп қозғалу.

6. екі қадам – сырғанау.

Дескрипторлар:

-қауіпсіздік ережелерді сақтайды;

-бұрылу тапсырмаларын дұрыс орындайды

ҚБ: өзін-өзі бағалау, байқау

Тапсырма №2 (Т, К) Топтарға бөлінген оқушылар алма кезек екі қадамды жүріспен шаңғы тебеді.

Бұл жүрісті орындау кезінде оқушылар кезекпен бірде бір, бірде екінші шаңғыда сырғып, қолдарымен кейін серпіледі, ол серпіліс аяғына қатысты болады, қол мен аяқтардың қозғалыс заңдылығы қарапайым жүріске барынша жақын болуы тиіс.

Оқушылардың есіне шаңғы тебу техникасының негізінде шаңғылық жүріс жатқандығы туралы салып өту.

Оны орындау сәтіндегі басты қозғалыс заңдылығы шаңғымен еркін сырғу мезетінде қолдармен серпіліп, аяқтармен бұлқынуда жатыр.

Оқушылардың назарына:

-Екі адымның ұзындығы бірдей болу қажет;

-Қолдың (таяқтың) жұмыс жасауы мықты болу керек;

-Қол мен таяқтар итерілу кезінде бір сызықты құрау қажет;

-Сырғанау сонында дене жаймен созылу тиіс.

Ықтимал қателер:

-Оқушы сырғанамайды, жүгіреді;

-Таяқпен толық итерілмейді;

-Сырғану барысында денені дұрыс ұстамауы.

Сұрақ: Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға тап келдіңіз?

Тапсырма № 3 (Т, К, ҚБ) Алма- кезек төрт адымды жүріс

Алма- кезек төрт адымды жүрісте итеріле қозғалғаннан кейін, шаңғышы сол қолды ілгері созады, бірақ таяқты қарға әзір тіремейді. Оң аяқпен келесі итерілгенде сол қолдағы таяқты шығыршығы алға қарайтындай етіп шығарады. Үшінші адымда оң аяқпен және сол қолмен итеріледі. Төртінші адымда сол аяқпен оң қолмен итеріледі, ал сол қолын ілгері шығарады. Сөйтіп, үшінші және төртінші қадамдар басталар алдында таяқтар қарға тіреледі. Қолмен итерілу үшінші және төртінші адымдар кезіндегі аяқпен итерілуден бұрын жүреді. әрбір адамды есептей отырып, осы тәсілге үйрену басталады. Бастапқыда қозғалыс ырғағын біршама жеңілдетілген түрде игеруге көмектесетін жаттығулар орындалады. «Бір,екі, үш, төрт» есебінде шамалы ғана таяқсыз сырғанап жүреді. Сосын «бір, екі» есебіндегі адым кезінде таяқты салбыратып ұстап, ал «үш, төрт» есебіндегі адымдау кезінде таяқтармен жеңіл итеріледі. Бұл жаттығуларды бастапқыда санап, кейін жүріс жылдамдығы өскенде санауды тоқтатып санау қажет.

Кең таралған қателер: қолды қатты ұстау, таяқты қатты қысып ұстау,таяқтың ұшын шаңғы жолынан едәуір қашық қою. Тіпті екі адымды жүрістің аяқты бүкпей жүру сияқты қателері де кездеседі. Дескрипторлар:

-қауіпсіздік ережелерді сақтайды;

- алма-кезек төрт адымды жүріс техникасын дұрыс орындайды.

ҚБ: бір-бірін бағалау, байқау

Тапсырма № 4 (ЖЖ, Т)

Кедергілерден бұрылу әдістері:

  • Бір орнында тұрғанда шаңғыны алды және артқы жақтарын көтеріп бұрылу, шаңғымен артқа және алға секіріп, таяққа сүйеніп секіру және сүйенбестен секіріп бұрылу;
  • бір аяқты екіншісімен ауыстыру арқылы;
  • қозғалыста бұрылу: соқа әдісімен, сүйеніп, қайшы әдісімен, қос шаңғымен бұрылу.

Қырдан төменге түсу

Оқушылар төмен түсерде тұрудың тізе бүгілу айырмашылығы бар әртүрлі бірнеше әдісін пайдаланады. Жоғарғы тұруда тізе бүгу бұрышы 140—160°, орта тұруда 120—140° , екеуі де тегіс емес еңістіктерде пайдаланылады. Тегіс еңістерде ең жылдам, төменгі тұру, тізе бүгілу бұрышы 120° пайдаланылады.

Дескрипторлар:

-қауіпсіздік ережелерді сақтайды;

- қырдан төмен түсу және бұрылу әдісін дұрыс орындайды.

ҚБ: өзін-өзі бағалау, байқау

Үлкен спорт алаңы. Уақыт өлшегіш, шаңғы.

Интернет ресурсына сілтеме: Саптық жаттығулар:

https://www.youtube.com/watch?v=PWe6adRVFn0

Үлкен спорт алаңы. Уақыт өлшегіш, шаңғы

Алма кезек төрт қадамды жүріс техникасына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=jJMsxkg0Lno

Үлкен спорт алаңы. Уақыт өлшегіш, шаңғы

Бір мезгілде бір адымды жүріс

техникасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=-lyvcDBesEo

Үлкен спорт алаңы. Уақыт өлшегіш, шаңғы

Қырдан төменге түсу және бұрылу әдісіне сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XjDVlr0-d6w

Сабақтың соңы

10 мин.

Тыныс алу жаттығулары, назар аудару ойындарды ұйымдастыру, сұрақтарға шолу жасау, нәтижелерге тоқталу.

Спорт аланынан мектепке кіру, шаңғы құралдарын тапсыру.Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: - нені үйренді; - не нәрсе түсініксіз болып қалды; - немен қайта жұмыс жасау керек.

Шаңғыларды қардан тазартып, тапсыру.

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімдерін анықтау мақсатында өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Белсене қатысқан оқушыларды атау.

Талқылау:

1.Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру туралы .

2.Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесі.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын барлық білім алушылар қолдануын біледі деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдану бойынша сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.