Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық№7

Сабақ тақырыбы: Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы

Оқу мақсаты 8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды

Тапсырма алдында қауіпсіздік ережесімен таныстырыңыз.

(Ж) «ҮКІ» ойыны

Дайындық. Ойыншылар арасынан «Үкі» таңдалады. Ойыншылар – «Дала тышқандары» барлық зал қабырғаларында «інде» жайылады. Үкінің «Ұясы» ойын алаңының шетінде орналасады. «Үкі» өзінің ұясында.

Бейнелеу.Ұстаз «Күн!» деп айтады. Барлық тышқандар залдың ортасына жүгіріп шығады: жүгіреді, секіреді. «Үкі» ұясында ұйықтап отырады. Ұстаз «Түн!» деп айтады. Барлық тышқандар орындарында қатып қалады, ал «Үкі» оянады, аң аулауға шығады және ойыншылардың қайсысы қозғалғандығын бақылайды. Егер «Үкі» тышқандардың қозғалғандығын байқап қалса, оларды өз ұясына әкетеді. «Үкі» ұстаз «Күн!» деген бұйрық бергенше тышқандарды аулайды. «Күн!» белгісі берілгенде «Үкі» өз ұясына ұшып кетеді. Ал ұсталмаған тышқандар «Түн!» деген белгі берілгенше жүгіреді. Ұяда 3-5 тышқан ұсталса, жаңа «Үкі» тағайындалады. Осылай бірнеше рет ойналады. Соңында бір де бір ұсталмаған тышқан және басқаларға қарағанда тышқандарды тез арада ұстаған, өте байқампаз «Үкі» аталып өтеді.

Ереже.

  • «Үкі» ойын алаңына шыққанда, тышқандарға қозғалуға тыйым салынады. «Үкі» байқамаған жағдайда тышқандар үкінің артынан тұрысын өзгерте алады.
  • Ұсталған тышқандар ойын аяқталып, басқа «Үкі» тағайындалғанға шейін ұяда отырады.
  • Ұстаздың «Күн!» белгісі бойынша «Үкі» міндетті түрде ұясына ұшып кетуі керек.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Сыныпты топқа бөліп үш топтағы жаттығу жинағын ұсыныңыз

І топ Әртүрлі биіктіктегі арыста

1.Тартыла секіріп, аяқты ашып міну.

2.Шалқаю

3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.

4.Қарлығаш жасау.

5.Бұрыш жасап

6.90о-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру.

ІІ топ Акробатикалық жаттығулар

1.Алға домалау

2.Көпір жасау.

3.Артқа домалау

4.Жауырынға тұру.

5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алқанын жерге қою.

6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру.

ІІІ топ Тепе-теңдік жаттығуларын

1.Қарлығаш жасау.

2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру.

3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу.

4.Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру.

Бағыттаушынын соңынан оң иық алғы саптық адыммен бас, 4 бұйрық береді, аралық, ара қашықтық, екі адым. Сап түзел, тік тұр, кезекші саламатсыздар ма, еркін тұр. Жаңа тақырыпты айтып өту. Сан бойынша бұрылу, сансыз бұрылу, сол жағымен кері айналу, аралықты сақтаймыз, бұйрықты мұқият тыңдаймыз. Арақашықты сақтаймыз, ара қашықтық бір адым, саптан шықпаймыз, сөйлеспейміз.   1. Алақан бір біріне қарама қарсы, қолды шынтақпен, аяқты тізеден бүкпейміз, кеудені тік, басты жоғары ұстаймыз.

2. Шынтақты ашамыз, кеудені тік, басты жоғары ұстаймыз, тізені бүкпейміз.

3. Аяқ арасын қатты ашпаймыз, бір бірімізге кедергі жасамаймыз.

4. Шынтақты бүкпейміз, денені тік ұстаймыз.

5. Қолды түсірмейміз, басты жоғары, денені  тік ұстаймыз.

6. Аяқты жанынан аламыз, қол еркін.

7. Жоғары секіру.

8. Қол бел тұста бүгулі.  

Бұрышты кеспейміз, сызыққа толық жетеміз, тоқтамай жүгіреміз.  

1. Тізені жоғары көтеріп, жүгіруді қадағалаймыз.

2. Өкшені артқа тартып, жүгіруді қадағалау.

3. Басты жоғары, кеудені тік ұстаймыз.

4. Қолды аяқтың басына толық жеткізу.

5. Кеудені тік ұстап, биік секіреміз.

6. Кеудені тік ұстап, биік секіреміз.

7. Ысқырық бойынша тез жүгіреміз.

8. Ара қашықтықты сақатймыз, бір қалыпты жүгір.

Бағыттаушыдан бастап жүгіріске көшеміз.  Алақан бір біріне қарама қарсы, толық дем алу. Демді толық сыртқа шығару.     1 сол аяқтан бас, ара қашықтықты сақтаймыз, қолмен жұмыс жасаймыз. Саптан шықпаймыз, аралық, ара қашықтық, екі адым сақтаймыз.   



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.