Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 9 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №9
Сабақ тақырыбы: Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы
Оқу мақсаты: 8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;
8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер
- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.
- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.
-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.
-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды
Әр бір тапсырмадан соң қауіпсіздік ережесімен таныстырыңыз.
ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар)
«ҒАРЫШКЕРЛЕР»
Дайындық. Алаңның бұрыштары мен жақтауларында «Ракетодром» деген 5-8 үлкен ұшбұрыштар сызылады. Әрбір ракетодромның ішінде 2-5 «Ракета» жолақшалары салынады. Ракеталардың жалпы саны 5-8 дана ойыншылар санынан аз болу керек. Ал қалған ойыншылар ойын алаңының ортасында шеңберде тұрады.
Бейнелеу. Ойыншылар шеңбер бойынша қол ұстасып «Ғаламшарлар саяхатына, ракеталар тосады, қайсысын біз қалаймыз, соған барып қонады. Ойынның бір жұмбағын балақай тек есіне тоқ. Әрқашанда, әр кезде, кешіккенге орын жоқ» деп айқайлап жүреді. Осыдан сөздерден кейін барлығы ракетадромға жүгіріп, кез келген ракетаға орналасады. Орынсыз қалғандар ұстазға барады немесе залдың ортасына шегінеді. Кейін кешіккендермен қоса барлығы шеңберге жиналып ойынды қайта бастайды.
Ереже.
- Ойынды Оқытушы беретін белгі бойынша ғана бастау керек.
- «Кешіккенге орын жоқ» сөзі айтылысымен жүгіру керек.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
1 тапсырма бойынша артқа аунап түсіп серіктесінің көмегімен қолда тік тұру.
Әріптесінің көмегімен қолда тұру оқушылардың бір-бірімен көмек беру арқалы іске асады. Қолға тік тұрып,алдыға домалау.
Шынтақты жерге тіреп жаурынға тұру. Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп, арқамен жату. Соннан соң аяқты созып жоғары көтеру. Шынтақты төсенішке, қолды белге тіреп, денені тік ұстау. Екі, үш және оданда көп домалап түсуді орындау және секіру, қарғу түрліше бұрылу тәсілдерін орындап үйрету. Қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу. Осы тәсілмен , тек қолды жерге тірей жүрелеп отырған қалыптан аунап түсу .
Нұсқау: Акробатикалық жаттығулар орындаудың техникасын үйрену барысында жүйелілікті қатаң сақтау керек.
Тапсырма бойынша дескрипторға көңіл бөліңіз.
Дескриптор :
-акробатикалық жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.
- екі, үш және оданда көп домалап түсуді орындайды.
- қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсе алады.
-тапсырмалар орындау кезінде көшбасшылық қабілетін көрсетеді.
-ойында ереже бойынша әділ ойнайды.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.
Сабақ соңында рефлекция алыңыз.
Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.