Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 58 сабақ.
№58 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.
Тақырып: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар»
Оқушыларды бірнеше топтарға тең бөліп, эстафеталық ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды топтарға бөліп, сапқа тұрғызып, эстафеталық ойындарды түсіндіру, көрсету және топтарды жарыстыру. Мақсаты: оқушылардың төзімділік, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдіру. Оқушылар үш топқа бөлініп, топтағы ойыншылар кезекпен тапсырманы орындап жарысады.
- Оқушылар эстафеталық таяқшамен жүгіріп жарысады. Өз белгісін айналып, қайтарда түзу жүгіріп келеді.
- Топ бастаушылары екі ауыр допты жерге домалатып алып барып, өз белгілеріндегі шығыршықтың ішіне қойып кетулері тиіс. Екінші ойыншы түзу жүгіріп барып, шығыршықтағы екі допты домалатып алып келулері тиіс. Үшінші ойыншы қайта алып барады. Ойын осылай жалғасады.
- Оқушылар қолдарына екі гимнастикалық таяқшамен гимнастикалық жеңіл резенке допты таяқшамен қысып ұстап, белгіні айналып келулері тиіс. Егер допты түсіріп алса, онда ойынды сол жерден қайта басайды.
- Әр топтың оқушылары қолдарынан ұстап, барлығы бірге ажырамай өз жолдарымен жүгіріп, белгіні айналып келулері тиіс.
Бағалау: Әр эстафеталық ойынды ойнатып болғаннан кейін, қорытынды жасап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық
доптар
кеглилер
секіртпе
шығыршықтар
секіртпе қапшығы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.