Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 62 сабақ.


62 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.

Тақырып: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушылар мен бүгінгі сабақтың мақсатын игеруде оларды тапсырмалармен таныстыру. Яғни, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы мақсатқа жетуді көздеу.

« Құстар мен мысық» ойынын ойнату

Жерге шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала болып тұрады. Қалған балалардың бәрі шеңберді айнала тұрады, бұлар құстар. Құстар шеңберді айнала жүріп дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп, құстарды көреді де, оларды ұстай бастайды. Құстар шеңберден ұшып кетуге асығады. Мысық шеңбердегі қай құсқа тиіп кетсе, ол ұстаған болып есептеледі де ортаға келеді. Мысық 2-3 құсты ұстаған кезде тәрбиеші жаңа мысықты таңдап алады. Ұстап алған құстар барлық ойыншыларға келіп қосылады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

« Ортаға түспек» ойынын ойнату

Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтуге тиіс. Жерге көп бала сиятындай үлкен төртбұрыш сызылады. Бірінші команда сол төртбұрыштың ішіне енеді де, екінші команда сыртында орын алады. Ойын басталған соң, сыртындағы ойыншылар тік төртбұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген бала сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол денесіне дарытпай, әр жерге түсірілмей допты қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін кіргізіп алады. Тік төртбұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда ұтып жатқан команда оған 10 не 20 рет ойналуға ойын бұйырады. Ол бұл сыннан құламай өтсе, сырттағы командаластарын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан команда кіреді.

Дискрипторлар:

  • Оқушылар ойындарда қауіпсіздікті сақтайды;
  • Ойынды өз ережесімен ойнайды;
  • Топта белсенділік танытып, бірлесіп жұмыс жасайды.

Бағалау. Оқушыларды әр кез ойын барысында кемшіліктеріне кері байланыс беріп, іс-әрекеттерді ашық сұрақ жауап арқылы бағалап отыру. Оқушылардың ойын барысындағы іс-әрекеттерін бақылап, мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалап отыру.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық

доптар

кеглилер

секіртпе

шығыршықтар

секіртпе қапшығы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.