Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 61 сабақ.


61 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.

Тақырып: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушылар мен бүгінгі сабақтың мақсатын игеруде оларды тапсырмалармен таныстыру. Яғни, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы мақсатқа жетуді көздеу.

«Қуып жет» ойынының ержесі

Ойынның мақсаты: жан – жағына жалтақтамай, қуғыншыдан тез қашуға үйрету. Мазмұны: ойын алаңына екі жерден сызық жүргізіледі. Біріншісі – «сөре» сызығы. Одан 20-30 м қашықтықта «мәре» сызығы сызылады. Ойыншылардың арасынан 2-3 қуғыншы тағайындалады. Олар «сөре» сызығының үстінеде тұрған ойыншылардың артында 2 м жерде тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар: «Бір, екі, үш» - деп дауыстап санайды. «Үш» дегенде, сызықтың үстінде тұрған балалар алға қарай жүгіре жөнеледі. Артындағы қуғыншылар оларды қуып, «мәре» сызығына жеткенше ұстауға тырысады. Қуғыншылардың қолдары тиген ойыншылар шетке шығып тұрады.

Келесі ойында қуғыншылар ұсталмаған балалардың арасынан сайланады. Ойынның ережесі: 1. Қуғыншыдан қашқанда артқа қарамай, түзу жүгіріп қашу керек. 2. Қуғыншылар ойыншыларды қағып – соқпайды, оларға тек қолдарын ғана тигізеді. 3. Жүгіріп келе жатып, тоқтап қалуға болмайды. Әдістемелік нұсқаулар: сыныптағы оқушылардың шамасына қарай, олар ұлдардың командасына, қыздардың командасына немесе аралас командаларға бөлінеді. Ойыншылардың жүгіретін қашықтығын қысқартуға немесе ұзартуға болады. Жүгіргенде балалардың бір – біріне кедргі жасамауларын қадағалау қажет. Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар тура жолмен бар күшін жұмсап жүгіруге үйренеді. Ұсталып қаламын деп қорықпай, қарсы әрекет жасап, батыл болуға дағдыланады. Жеткізбей кетсе, өз күшіне сенім пайда болады.

Бағалау: Ойын барысында оқушылардң іс-әрекетін бағалап, бақылап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық

доптар

кеглилер

секіртпе

шығыршықтар

секіртпе қапшығы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.