Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 3 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Денсаулық туралы негізгі түсініктер

3 сынып

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы

қозғалыс әрекеттері

Оқу мақсаттары:

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал

ететін дене жаттығуларын

орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,

қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру

керек екендігін түсіну және көрсету

3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы

денсаулықты нығайтуға ықпал ететін

көрсете білу және түсіну

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

Жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі.

Денсаулық туралы негізгі түсініктері бар.

Жеңіл атлетикаға байланысты физикалық қасиеттер туралы біледі.

Сергіту сәті: Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, қымбатты оқушылар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр. Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Оқушылар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы:

Бақыт, шаттық тілеймін,

− Ал енді мен келесі оқушыға «сиқырлы таяқшаны» берейін. Оқушы, айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді?

Оқушылар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Жарайсыңдар, оқушылар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойыңдаршы?

Рақмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.

Тапсырма

«Өз орныңды тап». Ең алдымен санамақ арқылы ойын жүргізуші сайлап алынады. Ол шеңбер жасап тұрған ойыншылардың сыртында қолына орамал ұстап тұрады. Ойын жүргізушінің шеңберді айнала жүруінен бастайды. Ол жүгіріп келе жатып орамалды бір ойыншының иығына іле кетеді. Иығына орамал ілінген ойыншы орамалды ала салып, ойын жүргізушіге қарама-қарсы бағытта шеңберді айнала жүгіреді. Осы кезде шеңберде тұрған ойыншылар оның босаған орнына жылжып тұра қояды. Ал қарама-қарсы жүгіріп келе жатқан екі ойыншының қайысы әлгі жабылып қалған орынды дәл тауып тұра қойса, сол жеңіске жетеді. . Ойынды әрі қарай ұмтылған бала жалғастырады.

Дескриптор:

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.