Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 2 сабақ.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі
Денсаулық туралы негізгі түсініктерОқу мақсаттары
3.3.1.1 Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасы, денсаулықты нығайтуға ықпал ететінін көрсете білу және түсіну.
Оқу бағдарламасына сілтеме
3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
Бағалау критерийлері
Дене жаттығуларын орындау кезінде олардың ағзаға пайдасын түсінеді және көрсетеді.
дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын түсінеді;
денсаулықты нығайтуға пайдалы жаттығуларды көрсетеді;
ойын үрдісінде қозғалыс әрекеттерін көрсетеді;
топтық дағдылар мен ынтымақты көрсетеді.
Сабақ мақсаттары
Күнделікті денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлері
Күнделікті денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлері
Денсаулыққа пайдалы жаттығулар (аяқ-қол бұлшық еттеріне күнделікті орындалатын жаттығулар)
Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында денсаулықты нығайтуға арналған жаттығу түрлерін орындайды;
Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын, сауықтыруын түсінеді және көрсетеді.
Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.
Қимыл-қозғалыс ойындары («Қызыл жалау»)
Ойын мақсаты: Оқушылар екі тең топқа және алаңның екі бөлігіне бөлінеді. Әр топтық белгіленген аймақтарында өз жалаулары болады. Ойыншылардың мақсаты:
- қарсы алаңға кіріп, қарсыластың жалауын өз алаңдарына алып келу;
- алаңға кірген қарсылас ойыншыларды ұстап отырғызу;
- өз жалауларын қорғау, яғни қарсыларстарға бермеу;
- белгіленген аймақтан шықпау
- әділ ойнау және қауіпсіздік ережесін сақтау.
Күтілетін нәтиже:
Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;
Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;
Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;
Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады
Сабақ соңындағы рефлексия
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.