Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 1 сабақ.


3-сынып 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Денсаулық туралы негізгі түсініктер

Оқу мақсаттары

3.3.4.4Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету 

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі

 

Бағалау критерийлері

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді

денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;

жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудыңжаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюісалауатты өмір салтын сақтау қолдауда

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулықДенсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну

Жеке бас тазалығының ережелері

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырынуға бағытталған дене жаттығулары

Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Қимыл-қозғалыс ойындары («Мені қуып жет» және «Кім қалай секіреді?»)

1-ойын мақсаты: Оқушылар шеңбер бойынмен екі-екеуден, бір-бірінің алдында тұрады. Мұғалім екі оқушыны белгілейді. Біреуі қуғыншы, біреуі қашушы. Қашып келе жатқан оқушы шеңбер бойымен тұрған жұптардың алдына тұрады, сол кезде артында тұрған оқушы қашуы керек. Қуғыншы да қуып келе жатып шаршаған болса, шеңбер бойында тұрған жұптардың алдына тұра қалады, сол кезде жұп артында тұрған оқушы қуғыншы болады. Ойын осылай жалғасады.

2-ойын мақсаты: Мұғалім шеңбер бойында тұрған оқушылардың аяғының астымен секіртпемен айнала өтеді. Оқушылардың міндеті секіртпеге аяқ тигізбей секіріп отыру. Кімнің аяғы секіртпеге тиіп секіре алмаса, сол оқушы секіртпені айналдырады. Ойын осылай жалғасады.

Денені қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Денсаулықты күту бізге не береді?

Оқушының дене дайындық формасы дамиды, қозғалыс үйлесімділігі пайда болады;

Денсаулықты күту, таң ертеңгілік жаттығу орындау деген сияқты түсініктер игеріледі;

Оқушы ішкі эмоцияларын жаттығумен нақты жеткізуге үйрененеді, шығармашылық белсенділік артады;

Енжар оқушылардың ортақ жұмыс арқылы ашылуына көмектеседі;

Жас ағзаның жазылып, еркін қозғалу мүмкіндігін сынайды;

Денсаулыққа деген махаббат тәрбиеленеді;

Қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге қалыптастырады

Тақырыпты өту кезіндегі негізгі амалдар:

Қозғалыстың негізгі түрлері (жүріс, жүгіріс және т.б.);

Түрлі дене жаттығулары (негізігі,аяқ-қол,секіру, жалпы дамыту);

Дене жаттығуларын жетілдірілген элементтер;

Түрлі құрал-саймандармен жаттығулар;

Ұлттық және әлемдік озық спортшылардың элементтері;

Тыныс алу жаттығулары

Сабақта орын алатын фрагменттер

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;

Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады

Сабақ соңындағы рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.