Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 3 сабақ.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі
Денсаулық туралы негізгі түсініктерОқу мақсаттары
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
3.3.1.1 Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасы, денсаулықты нығайтуға ықпал ететінін көрсете білу және түсіну.
Оқу бағдарламасына сілтеме
3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
Бағалау критерийлері
Денсаулыққа пайдалы жаттығуларды орындау кезінде олардың ағзаға пайдасын түсінеді және көрсетеді.
Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын түсінеді.
Денсаулықты нығайтуға пайдалы жаттығуларды көрсетеді.
Сабақ мақсаттары
Қимыл-қозғалыс ойындары
Жерде түрлі пішіндегі сызықтар жүргізіледі ол – жолдар. Ойнаушылар олардың үстінен бірінен соң бірі жүгіріп, тепе-теңдік сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасайды. Бір-біріне кедергі жасамай, алда жүгіріп келе жатқанға соқтығыспай, дәл сызыққа басып, жолмен жүгіру керек.
Ойынға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін. Жолдың ұзындығы суретте көрсетілгендей кез келген ұзындықта болуы мүмкін, бірақ 5 м кем болмауы тиіс. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Пішіні бірдей бірнеше сызық сызылып, әр қайсысының соңына жалаушалар қойылады. Ойнаушылардың бірінші жалаушаға жеткені тез басынан жоғары көтеруі керек. Командалық ойын түрінде өткізуге болады.
Күнделікті денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлері
Күнделікті денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлері
Күтілетін нәтиже:
Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;
Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;
Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;
Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады
Сабақ соңындағы рефлексия
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.