Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 5
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар | |||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығуларын орындағанда физикалық өзгерістерді анықтау үшін бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді). | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте іс- шаралар кезінде жеңіл атлетика бойынша түсінігі бар. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Ж, ЖЖ, ҚБ) «Қосаяқтар» қозғалмалы ойыны Ойыншылардың ең аз саны – екі адам. Бормен жерге «сөрені» сызу керек. Барлық оқушылар жұппен бөлініп тұрады. Бірінші жұп «сөреге» шығады. Бірінші ойыншы барынша алысқа секіреді. Оның секірген ұзындығын бормен белгілейді. Екінші ойыншы қарама-қарсы бағытта секіреді. Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден орындайды. Ол жай ғана «сөрелік» сызыққа дейін секіріп қоймай, бірнеше сантиметрге алысырақ секіруге тырысуы керек. Егер екінші ойыншы осыны орындай алса, осы жұптың жеңімпазы болып есептеледі. Ал егер орындай алмаса – бірінші ойыншы жеңімпаз болады. Одан кейінгі жұптар бірінші және келесі этаптардың жеңімпаздарынан құралады. Ең соңында екі епті «қосаяқтар» қалып, «қосаяқтар» олипиадалық ойындарының абсолютті чемпионы атағына кім лайықты екенін анықтайды! Қозғалмалы ойынды командалармен өткізуге болады. Ол жерде жұптар қарсылас командалардың қатысушыларынан құралады. «Жұптық» жарыстарының әр жеңісіне бір балл ұпай беріледі. Көп балл алғандар жеңіске жетеді. Әділ шешімге күмән және жанжал болмау үшін әр жұп екі реттен сікіруге болатындай ойынды ұйымдастыру керек. Басында бірінші ойыншы, одан кейін екіншісі секіреді. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, ысқырық, секундомер, гимнастикалық орындықтар. «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар» сілтемесі: http://www.karakyli.ru/2015/04/17/podvizhnye-igry-s-pryzhkami/ | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?? | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.