Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 6

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар

Оқу мақсаттары

3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру

3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Дене шынықтырумен айналысқанда денені қыздыру мен босаңсыту маңызын түінеді

Дене жаттығуларын орындағанда физикалық өзгерістерді анықтау үшін бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді

 Бағалау критерийлері

        • дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсінеді;
  • дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап көрсетеді;
  • дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикаға байланысты физикалық қасиеттер туралы түсініктерін көрсетеді және талқылайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі
  • қозғалыс дағдылары
  • дене бөлшектері
  • шадымдылық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма?
  • Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?
  • Сіздің қандай іс-әрекетіңіз оң нәтижеге әсер етті?
  • Осы ойын сізге қандай сауықтыру пайдасын әкелді?
  • Физикалық белсенділік біздің жұмысқа қабілеттілігімізге қалай әсер етеді?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді).

АКТ қолдану

дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте іс- шаралар кезінде жеңіл атлетика бойынша түсінігі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

Сабақтың ортасы

25 мин.

(Ж, К, Б, ҚБ) «Дақ түсіру» ойыны. Оқушылар жан-жаққа тарайды, жүргізуші «дақ түсіруші» дақ түсіргісі келген ойыншының атын дауыстап атайды да, қуып жетуге тырысады. Қалғандары бір орында тұрмай алаңның ішінде қозғалады. «Дақтаушы» қуып бара жатқан кезде басқа ойыншыны көрсе, сол ойыншының атын атап, ол ойыншыны қуып дақтауға болады. «Дақталған» ойыншы ойыннан шығады. «Дақтаушы» алдымен ойыншының атын атайды, содан кейін оны қуып «дақтайды». «Дақтаушы» ойын кезінде жағдайға байланысты өзінің шешімін бірнеше рет өзгерте алады (оқушының жаңа атын айта алады). Ойынның келесі түрлері ретінде: екі «дақтаушы» немесе жүргізушу тигізген ойыншы «дақтаушы» болады.

Дескриптор:

  • ойынның ережесін біледі;
  • қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады;
  • ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

ҚБ: бірін-бірі бағалау.

(Ж, К, Т, ҚБ) «Бос орын». Оқушылар (арасындағы ара қашықтығы бір адым) шеңбер жасап тұрады да жүргізушіні таңдайды. Ойын бастағанда ол ойыншылардың жанынан жүгіріп өтіп «дақтайды» да шеңбер бойымен ары қарай жүгіреді. «Дақталған» ойыншы жүргізушіге қарама-қарсы бағытта тез жүгіреді. Олардың қайсысы шеңбердегі бос орынға бірінші жетсе, сол жерде тұрады. Ал үлгермегені жүргізуші болады. Сыныптардың санына байланысты, ойынды бірнеше топта өткізуге болады. Ойыншылар шеңбердің ішіне кірмей, сыртында ғана жүгіруі керек. Шеңберде тұрған ойыншылар жүгірушілерді ұстап, кедергі жасауға болмайды. Егер екі ойыншы бір уақытта келсе, екуі де шеңбер бойына тұрып, санамақ арқылы жаңа жүргізушіні таңдайды. Оқушылардың бір-бірімен араласып жұмыс істеуіне және өздерінің ойларын ұсынуларына бақылау жасаңыз.

Дескриптор:

  • қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады;
  • өз идеясын ортаға салып, сыни пікірін айтады;
  • ойын барысында тез жүгірді біледі

ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, белгілеуге арнаған бор, ысқырық.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындар» сілтемесі:

http://allforchildren.ru/games/active1-7.php

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, белгілеуге арнаған бор, ысқырық.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындар» сілтемесі:

http://allforchildren.ru/games/active1-7.php

http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.