Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Тарау: 10.4D Биотехнология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау.

Оқу мақсаттары

10.4.3.4 Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылауды жетік меңгеру.

 Сабақтың мақсаттары

  • Гендік модификацияланған ағзаларды дұрыс қолдануды;
  • Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылауды жүзеге асыруды үйрету.

 Бағалау критерийлері

Гендік модификацияланған ағзаларды дұрыс қолданады;

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылайды және жүзеге асырады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: генетикалық модификация, қатер факторы, ГМА, трансгенді ағзалар.

Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:

ГМО жасау технологиясы келесі сатыларды … қамтиды.

ГМО пайдаланудың оң аспектілері … .

ГМО пайдаланудағы қатер факторы … байланысты.

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» құндылықтары. Білім беру құндылықтары: «Ынтымақтастық»

Пәнаралық байланыс

Гендік модификация жасау үшін алынатын өсімдіктердің шығу орталығының картасы география пәнімен; шығу тегін зерттеу тарих пәнімен байланысты.

АКТ-ны қолдану дағдысы

Ғаламтор ресурстарымен, бейнематериалдармен жұмыс жасайды.

Алдыңғы білімдер

Микробиология және биотехнология 6, 7, 9 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Мұғалім іс-әрекеті

Ресурстар

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

5 мин.

6 мин

6 мин

10 мин

8 мин

2 мин

Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.

Мұғалім түсіндірмесі: ГМО (мысалдары мен клондау әдісі); қысқаша тарихы.

Терминдермен жұмыс.

Сабақтың терминологиясы оқушыларға 3 тілде таратылады.

Тапсырмамен жұмыс жұпта орындалады.

Ағылшын тіліндегі сөйлемдерді құрыңыз. Неғұрлым жақсы.

Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары Оқушылар жеке тест тапсырмаларын орындайды.Бағалау: дұрыс жауаптар арқылы өзін-өзі бағалау

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Көптеген оқырмандар «SuperBioTech» компаниясы жақында жергілікті ферма сатып алғанына алаңдайды. «SuperBioTech» компаниясы оларды зерттеу мекемесі ретінде пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Олар шаруа қожалығын генетикалық модификацияланған ағзаларды және ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

Үш топта «Репортер» әдісі арқылы мақала

жариялау үшін есепті брошюра түрінде дайындау керек.Сіз белгілі журналдың жұлдызы болып табыласыз.

Сіздің оқырмандарыңызды қандай мәселе алаңдатады? Генетикалық модификацияланған ағзалар қаншалықты пайдалы, олар осындай тәуекелге тұрарлықтай?Есіңізде болсын - оқырмандар сіздің сұрақтарыңызға жауап іздейді!

Сіз бұл мақаланы қалай жазасыз? Қандай аргументтер сүйеніп? Ол үшін қандай нақты критерийлер қажет? Деген сұрақтарға жауап бере оотырып, әрбір топ брошюраны дайындайды.Дифференциация: қабілеттілігіне байланысты тапсырмалар (кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады)

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша топтық бағалау.Қорытындылай келе: Құттықтаймыз ....... Сіздің мақалаңыз жарияланатын болады ... .. себебі ол .......

Презентация

Қосымша 1

https://twig-bilim.kz/kz

интернет көздері

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Кесте толтыру Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Басқа оқушыларға көмек көрсету, қабілеттілігіне қарай тапсырмалар беру

Сұрақтарға жауап қалыптастырушы бағалауды қамтамасыз етеді.

Топтық бағалау

Бөлменің желдетілуі, партада отыру ережелері, көзге арналған жаттығулар

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сыныпта қандай атмосфера болды?

Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?

Қосымша 1

Төменде көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Өсімдікті генетикалық модификациялау үдерісінде әдетте ________ бактериясы қолданылады.

salmonella typhi

treponema pallidum

vibrio cholera

agrobacterium tumefaciens

  2. Жануарларды генетикалық модификациялаудың бірінші сатысы – ________.

сперматозоид ядросы мен аналық жұмыртқа жасушасының ядросы құйылысқанға дейін екі ядродан тұратын ұрықтанған жұмыртқажасушаларды жинау

сперматозоид ядросы мен аналық жұмыртқа жасушасының ядросы құйылысқанға дейін екі ядродан тұратын ұрықтанбаған жұмыртқажасушаларын жинау

сперматозоид ядросы мен аналық жұмыртқа жасушасының ядросы құйылысқанға дейінтөрт ядродан тұратын ұрықтанған жұмыртқажасушаларын жинау

сперматозоид ядросы мен аналық жұмыртқа жасушасының ядросы құйылысқанға дейін үш ядродан тұратын ұрықтанбаған жұмыртқажасушаларды жинау

  3. Алғашында ________ өсімдік трансформациясы үшін дайындалған. Әдіс ДНҚ плазмидасымен қапталған ауыр металлдың бөлшектерімен атқылау арқылы сипатталады.

аденовирустық әдіс

ретровирустық әдіс

agrobacterium tumefaciens әдісі

биобаллистикалық әдіс

  4. Құрамында бізге қажетті белгіні кодтайтын гені бар плазмидамен қапталған ________ микроскопиялық бөлшектері.

алтынның

күмістің

палладийдің

платинаның

  5. Құрамында ________ бар плазмидалық бактерия антибиотик қосылған қоректік ортада тіршілік ете алады.

антибиотик гені

тұзға төзімділік гені

суыққа төзімділік гені

антибиотикке төзімділік гені

6.Трансгенді жануар алу кезеңдерін дұрыс ретпен орналастырыңыз.

 

 

 

 

Жоғарыда көрсетілген сұрақтардың дұрыс жауаптары

  1. Өсімдікті генетикалық модификациялау үдерісінде әдетте ________ бактериясы қолданылады.

agrobacterium tumefaciens

  2. Жануарларды генетикалық модификациялаудың бірінші сатысы – ________.

сперматозоид ядросы мен аналық жұмыртқа жасушасының ядросы құйылысқанға дейін екі ядродан тұратын ұрықтанған жұмыртқажасушаларды жинау

3. Алғашында ________ өсімдік трансформациясы үшін дайындалған. Әдіс ДНҚ плазмидасымен қапталған ауыр металлдың бөлшектерімен атқылау арқылы сипатталады.

биобаллистикалық әдіс

  4. Құрамында бізге қажетті белгіні кодтайтын гені бар плазмидамен қапталған ________ микроскопиялық бөлшектері.

алтынның

  5. Құрамында ________ бар плазмидалық бактерия антибиотик қосылған қоректік ортада тіршілік ете алады.

антибиотикке төзімділік гені

6. Трансгенді жануар алу кезеңдері

4

2

1

3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.