Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақ жүргізу бойынша мұғалімге нұсқаулық

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулық

 Сабақта уақытты үнемдеу үшін видеодан кейінгі жетелеуші сұрақтарды мүмкіндігінше интербелсенді тақта экранынан (Active Board) көрсеткен жөн.

 

 Мағынаны тану кезеңін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық

 Оқушылар топта өнімді жұмыс істеу үшін олардың қабілеттерін ескере отырып, әр топқа түрлі деңгейдегі оқушылардың топтасуын мұғалімнің бақылағаны жөн. Аса қабілетті оқушыларға «КӘМТ» әдісінің «тәуекел» мен «мүмкіндікті» анықтауды, ал қабілеті төмен оқушыларға оқу ақпаратынан «күшті» және «әлсіз» жақтарын анықтауды ұсынуға болады.

 

 Қосымша түрлі деңгейлі (дифференциациялау үшін) тапсырмалар

 1. Кинестетик оқушылар үшін ауыл-шаруашылық өнімдерінен (ГМО) үлгілерді немесе суреттерін демонстрациялауға болады.

 2. Мағынаны тану кезеңінде «Топтық жұмысты» әдісін «Дебат» әдісімен алмастыруға болады. Кезең соңында концепт карта құру барысында қиындық туындаған оқушыларға үлгі ұсыну арқылы қолдау көрсетіледі.

 

 Қалыптастырушы бағалауға бойынша нұсқаулық

 1. Ой шақыру кезеңінде мұғалімнің диагностикалық бағалауы жүзеге асады. Пысықтау сұрақтарына оқушылардың жауаптары бұл тақырып бойынша алдыңғы білімін бағалайды.

 2. Мағынаны тану кезеңінде Топтық жұмыстың бағалау критерийлерімен мұғалім аралық бағалау жүргізе алады. «Стикердегі диалог» әдісі барысында деңгейлік сұрақтарға оқушылардың жазған жауаптары арқылы сабақ мақсатына жету деңгейін бақылайды.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.