Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4Е Биотехнология

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Убишева Т.К

Күні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтын тақырыбы

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

 Сабақ мақсаттары

• Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру;

• Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылау.

 Бағалау критерийлері

1. ГМО өсірілетін елдерді атайды;

2. ГМО-дың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіреді;

3. Гендік инженерия, ГМО қолданудың этикалық көзқарастарды талқылайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

• ГМО қолданудың оң және теріс аспектілерін түсіндіреді;

• ГМО-ның қолданылуының этикалық жағы туралы терминдерді қолданып ауызша және жазбаша талқылайды және дәлелдейді.

Пәндік лексика және терминология

гендік модификация, қауіп-қатер факторы, ГМО, трансгенді организмдер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

ГМО технологиясы кезеңдері ...

ГМО қолданудың оң аспектілері ...

ГМО қолдану ... қауіпімен байланысты.

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақтағы ұйымдастырылатын топтық жұмыс оқушыларды өмір бойы үйренуге, ГМО оң және теріс жақтары мен этикалық аспектісін зерделеуге, көшбасшылыққа баулуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

ГМО өсіретін елдер мен осы тақырыпта өтетін форумдар туралы оқығанда тарих және географиямен байланысады.

Бастапқы білім

 

6, 7, 9 сыныптарда биология курсынан микробиология және биотехнология туралы алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

0-4

4-5

1. Ой шақыру.

Мұғалім оқушыларға «Гендік организмдер игілік пе, әлде зұлымдық па?» видеоны ұсынады. ГМО туралы оқушылардың пікірлері тыңдалады, жетелеуші сұрақтар қойылады:

▪ Гендік модификацияланған ағзалар деген қандай ағзалар?

▪ Қандай ГМО азық-түліктерді білесіз?

▪ Табиғи азық-түліктерден ГМО-ның қандай айырмашылығы бар?

▪ ГМО-ның адам ағзасы мен қоршаған ортаға төндіретін ықтимал қауіп-қатерлер бар ма?

▪ ГМО-ның болашағын қалай елестетесіз?

2. Мақсат қою. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсатын қалыптастыру:

• Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру;

• Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылау.

«Гендік организмдер игілік пе, әлде зұлымдық па?»

https://kaztrk.kz/news/articles/gmo-paidaly-ma-ziyan-ba-15528

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-30

30-37

4. «Оқу ақпаратын талдау».

Мұғалім оқушыларға гендік модификацияланған ағзалар (ГМО) туралы оқу ақпараттарын ұсынады. Олар оқу ақпаратымен танысып өзара талдайды, кейін топқа бөлінеді, белгілі бір тақырып бөлігі бойынша жұмыс істейді.

5. «КӘМТ» әдісі.

Бұл КӘМТ әдісі (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел) оқушыларға мәселенің барлық аспектілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар топта зерттейтін тақырыпшалар:

▪ ГМО азық-түліктердің халықаралық нарықтарда реттелуі;

▪ Қоршаған орта үшін болуы мүмкін қауіп-қатерлер;

▪ Адам денсаулығы үшін болуы мүмкін мәселелер;

▪ Тірі ағзалардың геномын сақтаудағы этикалық мәселелер.

Оқушылар тақырыпшалар бойынша артықшылығы мен кемшіліктерін, сонымен қатар инновация мен болашаққа болжам ұсынулары қажет. Топтар талдау нәтижесін ұсынылған үлгіде көрсетеді.

Мұғалім саралау мақсатында орындайтын тапсырмаларды топ мүшелерінің қабілеттеріне қарай бөлуді бақылайды. Аса қабілетті оқушыларға тәуекел мен мүмкіндікті анықтауды, ал қабілеті төмен оқушыларға оқу ақпаратынан күшті және әлсіз жақтарын анықтауды қамтамасыз етеді. Оқушылар топтық жұмыс қорғалымы кезінде жұмыс дәптерлеріне тұжырымдамалық карта құрады.

5.1 Оқушылар таныстырылымы.

Топ мүшелері кезекпен топ жұмысын сынып оқушыларына түсіндіреді. Оқушылар әр топтың қорғалымын тыңдау барысында сыныпта қозғалады.

Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады:

- Қандай жақсы жақтары бар?

- Қандай жағымсыз жақтары бар?

- Қазір не болуы мүмкін?

- Болашақта ары қарай қарқынды дамуына не кедергі болуы мүмкін?

5.2 Өзара бағалау.

Топ жұмыстарын бағалау критерийлері:

  • ГМО-ның 2-ден кем емес артықшылығын көрсетеді;
  • ГМО қолданудан туындайтын 2-ден кем емес қауіп-қатерді көрсетеді;
  • ГМО бойынша этикалық мәселелерді ұсынады;
  • Генетикалық ақпарат бойынша сақтық шараларын түсіндіреді.

6. Қорытынды бағалау.

«Стикердегі диалог» әдісі бойынша оқушылар жұпта жұмыс істейді. Мұғалім өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған стикерлерді жұп партасына жабыстырады. Топ мүшелері сұрақтарға жауапты стикерге жазып қалдырады. Жұптар айналып, стикердегі сұрақтар мен жауаптардың барлығын оқиды.

Қосымша 1

Флипчарт, түрлі-түсті маркерлер

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40

«Инсерт» кестесімен жұмыс.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша түртіп алатын ақпараттарды қысқаша белгілейді.

Мұғалімнің сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне қайта оралуы.

Қосымша 4

Қосымша ақпарат

Деңгейлік оқыту – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Білімді өзектеу

кезеңінде алдыңғы білімдерін қолданады, визуальды ақпарат пен сұрақтарға жауап беру арқылы жақын арада даму аймағын анықтайды.

Сабақтың мағына тану кезеңі оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшелігін қанағаттандыратын оқу ақпараттары қолданылады. Аса қабілетті оқушылар мүмкіндік пен болашақты болдайды, ал көмек қажет ететін оқушылар талдау жасайды.

Ой шақыру кезеңі алдыңғы білімімен байланыстыруға, жаңа деректермен танысуға және өзін-өзі бағалауына мүмкін береді

Мағына тану кезеңінде оқушылардың ойлау мен шешім қабылдау, проблемаларды шешу дағдылары бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

«КӘМТ» әдісінде сыныпта оқушылардың топтық жұмыс қозғалысы кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.