Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Биотехнология

Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Г.С

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.

Сабақ оқу мақсаты:

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

 Осы сабақта қол

 жеткізілетін

 мақсаттары:

Оқушылар:

  • Гмо терминін сипаттайды;
  • Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады ;
  • Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылайды;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар ГМО терминіне сипаттама береді сұрақтарға жауап беру арқылы қайта бағытталатын сұрақтар төңірегінде, ГМО-ның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады топтық жұмыстар арқылы топтың критерийімен бір-бірін бағалайды. ГМО-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылайды. Осы арқылы оқушының қолдану, анализ, жинақтау дағдысы дамиды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология;

Ген, хромосома, фермент,ДНК, протеин.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мына дақылдардың қайсысында адам үшін маңызды өзгерістер туындады...........................

Қандай өзгерістер осы дақылдарда бар..................................................

  Білім беру

 құндылықтары

 

 

Топпен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Зерттеу жүргізу уақытында алған білімдерін қолдана отырып, өмір бойы білім алуға үйренеді.Осылай мектеп құндылықтары үнемі сабақ барысында көрініс алады.

Пәнаралық байланыстар

Қоршаған орта мен тірі ағзаның байланысын біріктіре отырып медецина ғылымдарымен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын презентация, бейнебаян көрсету. Оқушыларға белсенді оқыту тақтасымен суреттік тапсырмаларды көрсету. Компьютерге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы жеке оқушыларға интернет көздерін пайдалана отырып, Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылау.

Бастапқы білім

Микробиология мен биотехнология бойынша бұдан бұрын алынған білімдердің маңызы бар.

Бұрын өткен маңызды бөлімдер келесіні қамтиды:

Микробиологияны және биотехнология: 7, 8, 9.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

6- 12 минут

13-18 минут

Сабақтың ортасы:

19-29 минут

30-37 минут

Сабақтың аяғы:

38-45 минут

Сабақтың басы:

0-3 минут

4-14 минут

Сабақтың ортасы:

15-25 минут

Сабақтың аяғы:

26-38 минут

39-45 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ой қозғау.

Оқушыларға азық-түлік өнімдерінің суреттері таратылады гмо жоқ деген жазуы бар. Оқушыларға сұрақ қойылады. Генетикалық модификация дегеніміз не?

Жасуша қалайша генетикалық тұрғыда модификацияланады?

Миға шабуыл сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және мақсатты жазып алады.Миға шабуылда жауап берген оқушыларға белгілі жақсы қасиет жазылған сөздері бар қима қағаз беріледі. Сабақ соңында белгілі бір өсімдік немесе жануардың жақсы қасиеттерін толтыру үшін.

Анықтаңыз осы термин сөздер талқыланады.

Ген

Хромосома

ДНҚ

Фермент

Протеин

ГМО бойынша бейнебаян көрсетіледі.

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/genetic-modification

Белсенді тақтада суреттер көрсетіледі.

Осы дақылдарда адам үшін қандай қажетті өзгерістер болды? Осы сұраққа жауап беру үшін сынып жұптарға бөлінеді.

Тапсырманы орындау уақыты 10 минут. Тақтада ортақ кесте беріледі. Әр жұп берілген суреттер бойынша ғаламтор көздерін қолдана отырып, кестені толтыру үшін қажетті мәліметтерді іздейді.

Топ

тың аты

Қай жерде өседі?

Қандай өзгеріс жаса

лынды?

Қай өзгеріс пайдалы?

Қай өзгеріс зиян?

Кесте толтырылады.Жұмыс критерийі:

  • Өсімдік бойынша өсетін орталығы көрсету
  • Жасалынған өзгеріс атау
  • Пайдалы және зиян тұстарын көрсету

Мұғалім ретінде сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыста мыналар қарастырылады.

  • Не дұрыс екендігін оларға нақты айту
  • Оларға бұл неге дұрыс екендігін айту
  • Оларға жетілдіру үшін нақты тармақтарды ұсыну

Осы критерий бойынша орындалған жұмыстарға басқа жұптар өздері жақсы қасиет жазып бір-біріне береді.

Кері байланыс: 1 жұп жарайсыңдар, өсімдік бойынша өсетін орталығы дұрыс көрсетілді. Жасалынған өзгеріс аталды.Пайдалы тұстары көп аталды да бірақ зиян тұстары толық аталмады. Жұмыстың критерийі бойынша қарастырдыңдар. Бірақ адам денсаулығына тигізер зиян тұстарына мысал келтірмедіңдер.Осы тұсты нақты атағанда адам бірден соған көңіл аударатын еді. Берілген кері байланысты оқушы дәптерлеріне түртіп отырады.

Бекіту сұрақтары:

Сурет көрсетіледі. Оқушылардан осы суретті талқылау үшін сұрақтар қойылады.

1 сурет Дақылдың көп өнім беруі

2 сурет Дақылдың ауруға қарсы төтеп беруі.

Осындай қабілеттің пайда болуы неге байланысты?

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сыныпқа отырғызу, түгендеу,сәлемдесу.

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары осы мәселені талқылау үшін сынып екі топқа бөленеді.

1 топ Пайдалы жақтарын қарастырады

2 топ қарсы Пікірлерді қарастырады

(Г) (ф) Сынып екі топқа бөлінеді. Бір топ (өзінің жеке көзқарастарына қарамастан) гендік модификацияланған ағзалары мен трансгендік ағзаларын жақтайды, ал екіншісі қарсы болады. Топтарға зерттеуді өткізу үшін және өз тобы аясында талқылау үшін уақыт беріледі.

Топтық жұмыс уақыты 10 минут іздену, 3 минут қорғау, 3 минут бағалау.

Топтық жұмыстың критерийі:

  • Қолданудағы этикалық мәселенің пайдасы мен зияндылығын нақты атап көрсетілуі;
  • Мысалдар келтіруі
  • Уақытты тиімді қолдануы
  • Сөйлеу шеберлігі
  • Топтағы оқушылардың түгел қатысуы
  • Осы мәселені постерде бейнелеп көрсетуі

Қарама- қарсы топтар бірін-бірі бағалайды критерий бойынша. Кері байланыс оқушы тарапынан да мұғалім тарапынан да беріледі. Бірін-бірі бағалауда бір-біріне жақсы қасиет жазылған сөзі бар қима қағаз береді.

Кері байланыс: Топқа жарайсыңдар, Қолданудағы этикалық мәселенің пайдасы мен зияндылығын нақты атап көрсетіндер, мүмкіндігінше фактілер мен дәлелдемелерді көбірек келтіруге болатын еді, уақытты тиімді пайдаландыңдар, топтағы оқушылар толық қатыспады.барлығы дерлік ізденуде ат салысқанымен қорғауда топ болып қорғау қажет еді. Постер жақсы безендірілген.

Дифференциациялық тапсырма:

  • Суреттік тест тапсырмасы
  • Генетикалық модификацияланған өнім дегеніміз не?
  • Қаншалықты мөлшерде тағамда гендер таралған?
  • ГМО мен кәдімгі гмо-сыз өнімнің айырмашылығы неде?
  • ГМО –ның тигізер қауіпі неде?
  • Қандай гендер алынады?
  • Қандай өнімдер қазіргі таңда ГМО ның нәтижесінде өсіріліп жатыр?
  • ГМО өнім қолдану қауіпсіз бе?
  • ГМО өнімді кімдер өндіреді, кімдер ақша төлейді?
  • Қандай жаңа ГМО өнімдер жасалынып жатыр?

1 тапсырма барлық оқушылар үшін қолжетімді барлығы жауап бере алады.

2,3,4, сұрақтарға оқушылардың көпшілігі жауап бере алады.

5.6.7.8.9.10 сұрақтарға оқушылардың кейбіреулері жауап бере алады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

Неліктен осындай ГМО өнімдерге жол беріп отырмыз?

Бұл жақсы ма? Әлде қисынсыз ба?

Бүгінгі сабақ бойынша оқушылардың көрсеткішін қалыптастырушы бағалау; жақсы қасиеттері бойынша жинаған сөздерді санап тақтаға суреттердің тұсына жапсырады. Қай оқушы жақсы қасиеттер жазылған сөзді көп жинады шапалақ соғу арқылы марапатталады.

Осы қасиеттер ГМО сыз өнімдерде болуға мүмкіндігі бар ма? деген сұрақпен бекітіледі.

Рефлексия: тақтаға бағдаршамның түстері бар төмендегі постер ілініп тұрады. Оқушылар сабақты түсіну деңгей лерін құстұмсық «V» белгісін қою арқылы белгілеп шығады. Үш түсте сабақтың үш мақсаты тұрады.

Жақсы түсіндім-жасыл

Түсіндім бірақ ,сұрақтарым бар –сары

Түсінбедім,мен үшін қиын –қызыл

Үйге тапсырма: Әр оқушы өзінің пікірін білдіре отырып арнайы фактілерді келтіре отырып ГМО ның кері әсері деген тақырыпта баяндама жазады.

Презентация

Таратпа материал

Презентация

Бейнебаян

Таратпа суреттер

Ноутбук

Ноутбук

Ғаламтор

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы:

Гмо терминін сипаттайды;

Оқушылардың көпшілігі:

Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады ;

Оқушылардың кейбірі:

Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылайды

  • Сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, оқушылардың жауабына кері байланыс арқылы
  • Жұптардың жұмысын бақылау арқылы жұптар арасында және мұғалімнің кері байланысы . Жұмыстың критерийі арқылы.
  • Топтық жұмысты бағалау критерийі арқылы және мұғалімнің кері байланысы
  • Дифференциациялық тапсырма:

1 тапсырма барлық оқушылар үшін қолжетімді барлығы жауап бере алады.

2,3,4, сұрақтарға оқушылардың көпшілігі жауап бере алады.

5.6.7.8.9.10 сұрақтарға оқушылардың кейбіреулері жауап бере алады.Мұнда баланың деңгейіне қарай сұрақтар қамтылады, жасыл сиямен тексеру арқылы бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.

2.

3.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.