АТФ құрлысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім: Тыныс алу

Мектеп: «НЗМ» ФМБ Қостанай қ.

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Оқыту мақсаты:

АТФ құрлысы мен қызметі

АТФ-тың құрылысы мен қызметін сипаттау

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді игеру

 Сабақ мақсаты

Барлығы АТФ молекуласының тірі организм үшін маңызын және құрылысын біледі;

Көбісі АТФ молекуласының қызметтерін сипаттай алады;

Кейбіреулері АТФ құрылысы мен қызметтері бойнша логикалық тапсырмаларға жауап бере алады.

Бағалау критерийлері

  • «Аденозинтрифосфат» терминіне анықтама береді;
  • АТФ молекуласының құрылысы мен қызметттерін сипаттай алады;
  • АТФ молекуласының тірі организмдер үшін маңызын және қандай процестерге қатысатынын талдай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

Аденинозинтрифосфат, аденин, үш фосфат тобының қалдығы, рибоза қанты, макроэргиялық байланыс, энергетикалық алмасу, әмбебап энергия тасымалдаушы, энергияны сақтау, энергияны бөлу, АДФ, АМФ, бейорганикалық фосфор, катаболизм, жасуша, цитоплазма, митохондрия, заттардың синтезі, мембрана арқылы заттарды тасымалдау және т.б.

АТФ молекуасының құрылысы ..., ... және ...

АТФ молекуласы ... процесінің нәтижесінде түзіледі.

Макроэргиялық байланыс дегеніміз ...

 Құндылықтар

Патриотизм, бүкіл өмір бойыоқу, академиялық шындық, топтық және жұптық жұмыс жасай білу, жауапкершілік, көшбасшылық.

 Пәнаралық байланыстар

Химия: химиялық реакциялар және АТФ молекуласының химиялық құрылысы.

Физика: энергияның бөлінуі, кДж.

Қазақ тілі: ауызша және жазбаша түрде АТФ молекуласның құрысы мен қызметін сипаттау.

Өнер: АТФ молекуласының құрылысының суретін салу.

 АҚТ қолдану

Электордық оқулықтарды қолдану, википедия, презентациялар.

 Алдыңғы білімдер

Физикалық жаттығулардың тыныс алуға әсері 8 сынып.

Тыныс алу . Қоршаған орта мен ағза арасындағы газалмасу үрдісі 8 сынып.

Анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісі, тыныс алудың химиялық реакциялар теңдеуі, анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісінің бұлшықеттің қажуымен байланысы 9 сынып.

Сабақ барысы

Сабақтың этаптары

Жоспарланған қызмет түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин.

Амандасу, сабаққа дайындық.

Ынтымақтастық атмосферасын құру: «Шаттық шеңбері».

Жаңа сабақтың мақсатын құру: төмендегі сұрақтарды қою арқылы.

  • Тірі жасушада биосинтез процестері қандай молекуласының көмегінің арқасында жүзеге асырылады?
  • Тірі организмдердің қозғалысы қандай энергия көзін қажет етеді?

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын айқындау.

Презентациялар

Сабақтың ортасы

6-9 мин.

10-15 мин.

16-23 мин.

24-30 мин.

(Ж/Ж.ж) Оқушыларға ДНҚ нуклеотидінің құрамын еске түсіріп, дәптерлеріне сызбасын түсіруді ұсыныңыз.

Оқушылар дәптерлеріне ДНҚ/РНҚ нуклеотидінің құрамын дәптерге сызбасын сызғаннан кейін, оқушылар бір- бірінің сызбаларын бағалап шығады.

Бағалау критерийлері:

  • Нуклеотидтің құрам бөліктерінің атаулары дұрыс жазылған
  • Нуклеотидтің құрылысының сызбасы ретімен салынған: азотты негіз, пентоза қанты, фосфор қышқылының қалдығы.

Сұрақ:

  • ДНҚ/РНҚ нуклеотидінің атқаратын қызметі қандай?
  • ДНҚ/РНҚ нуклеотидінің АТФ молекуласының нуклеотидінен атқаратын қызметі бойынша ерекшелігі қандай?

(С) Оқушыларға АТФ молекуласының қызметі туралы ақпаратпен танысуды ұсыныңыз.

(Ж) (М)(Б) АТФ құрылымын экранда көрсету. Оқушылар АТФ молекуласының құрылысымен танысады, дәптерлеріне құрылысын жазып алады.

Оқушылардан АТФ-АДФ-АМФ молекулаларының моделін жасап, макроэнергиялық байланыстардың пайда болуының ерекшелігін түсіндіруді сұраңыз.

Оқушылар жұптасып, көрші жұптың жұмісін бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • АТФ молекуласының моделі дұрыс жасалған
  • АТФ молекуласының барлық құраушы бөліктері ретімен орналыстырылған
  • АТФ молекуласының АДМ және АМФ молекулаларына айналуын көрсетеді
  • Макроэргиялық байланыс туралы баяндама жасайды.

(Т) (Б) Оқушылардан АТФ энергиясының есебінен жүретін үрдістерге мысал келтіріп, олардың қызметін түсіндіруді сұраңыз.

  • Метаболитикалық процестер
  • Қозғалыс
  • Тыныс алу
  • Белсенді тасымал
  • Секреция
  • Биолюминесценсия
  • Экскреция

Презентация

Ақпараттық парақ

Модельді әзірлеуге қажетті құралдар:

пластелин, таяқшалар, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы және т.б., немесе химия кабинетінен шар-стержинді құралдарды қолдануға болады.

Сабақтың соңы

31-37 мин.

38-40 мин.

Формативті бағалау жұмысы.

1.«Аденозинтрифосфат» терминіне анықтама береді;

2.АТФ молекуласының құрылысы мен қызметттерін сипаттай алады;

3.АТФ молекуласының тірі организмдер үшін маңызын және қандай процестерге қатысатынын талдай алады.

Рефлексия: плюс, минус қызықты.

  • Маған бүгін жаңалық болды?
  • Маған бүгін қызықты болды?
  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды?

ФБ парағы

Стикерлер

Дифференциалдыоқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттерқоюдыжоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардыңберілгенматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексересіз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздікережелері

Оқушылыар бір-бірін бағалайды, жұптасып бағалау жұмысы.

Мұғалімнің бағалауы.

Сабақ барысында ауызша формативті бағалау жұмысы жүргізіледі.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта физминутканы қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.