ДНҚ молекуласының құрлысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1E Қоректену | Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.К. | |||||
Класс: 9 | Оқушы саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | ДНҚ молекуласының құрлысы мен қызметі | |||||
Оқыту мақсаттары: | 10.4.1.8 ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты анықтау | |||||
Сабақтың мақсаты: | ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты анықтай білу туралы білімді қалыптастыру. | |||||
Бағалау критерийлері: | ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды. | |||||
Тілдік мақсаттар: | Ауызша және жазбаша түрде ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды. | |||||
Құндылықтарды дарыту :
| Оқушыларды өздерінің немесе жұптарының қалыптастырушы бағалау жұмысын тексеру және бағалау барысында академиялық шыншылдыққа, жұптық немесе топтық жұмыс барысында өзара құрмет көрсетуге баулу. | |||||
Пәнаралық байланыстар: | Химия – ДНҚ құрылымы | |||||
Алдыңғы алған білімдері: | Оқушылар бұрыннан білетін білімдері судың қасиеттері туралы физика және химия курстарынан біледі. Жасушаның химиялық құрамы- 8, 9 класс. Репликация ДНК - 9 класс. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин | Сәлемдесу Білімді актуализациялау: «не туралы айтылып жатыр?» Оқушылар берілген ақпараттарды оқып сабақта не туралы айтылатыны туралы өз жауаптарын дәлелдейді. 1.Х біздің денеміздің сызбасы 2.Х құрамында біздің ағзаның дамуы туралы нұсқаулық бар. 3. 2 грамм Х құрамына әлем бойынша барлық ақпаратты сандық ақпарат түрде сақтауға болады. 4. Х үлкен спираль тәрізді сатыға ұқсайды. (жауабы: ДНК) Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау. | Слайд 1-4 | ||||
Сабақтың ортасы 5-35 мин | жаңа материалды игеру сын тұрғысынан ойлау «Ассоциация». оқушылар топта немесе жұпта ДНҚ терминіне ассоциация жазады. ол бастапқы алған білімдерін пайдаланады. Өз ақпараттарымен бөліседі жауаптарын толықтырады.
(К) оқушылар суреттер мен слайдтарды қарастырып оларды сипаттайды.биологиялық терминдерге анықтама береді. антипараллель; комплементарлық. Терминдермен жұмыс. (У) ДНҚ құрылымын түсіндіру, төрт азотты негіздер мен «пурин» и «пиримидин» терминдерін түсіндіру. Үлгерімі жоғары оқушыларға мәтіндерді өз беттерімен оқуына ұсыну. (f) білімді меңгеру 1.оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. 2. мылқау сызбаны пайдаланып ДНҚ молекуласындағы химиялық байланыс пен құрамын анықтайды. 3.Үлгерімі жоғары оқушыларға жекелеген тапсырмалар ұсыну. Жұмысты орындау барысында өз нәтижелерімен бөліседі. Өзін-өзі бағалау. | Слайд 5-12 Қосымша № 1 Қосымша № 2 | ||||
Сабақтың аяғы 5 мин | Рефлексия: 3 факт Үйге тапсырма: әр оқушы қандай мақсатқа назар аудару керек екенін анықтайды. | |||||
Дифференциация, жеке қолдауды қалай жоспарлап отырсыз. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды орындайды. | Өзін-өзі бағалау– тапсырмаларды орындау қорытындылау арқылы. | Биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
1 қосымша
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид.
Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) менгуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы. Нуклеин қышқылдарында мономерлік қалдықтар (нуклеотидтер) өзара фосфодиэфирлік байланыспен байланысқан.
ДНҚ барлық тірі организмдердің болашақ ұрпағының құрылысы, дамуы және жеке белгілері туралы биол. мәліметті сақтап, оларды жаңадан пайда болатын клеткаларға бұлжытпай «жазу» жүйесінің негізі болып табылады. 1940 жылдың аяғында америкалық биохимик Э.Чаргафф (1905 ж.т.) әр түрлі организмдердің ДНҚ молекуласына талдау жасап, оның құрамындағы А мен Т, Г мен Ц негіздерінің молярлық мөлшері тең екенін көрсетті (бұны Чаргафф ережесі деп атайды). 1952 ж. ағылшын биофизигі М.Уилкинс (1916 ж.т.) және т.б. ғалымдар рентгендік талдау арқылы ДНҚ молекуласы құрылымының спираль бойынша оң жақ оралымын (В – ДНҚ), ал 1979 ж. америкалық ғалым А.Рич (1929 ж.т.)молекула құрылымының сол жақ оралымын (Z – ДНҚ) ашты.
Азотты негіздер спираль осіне перпендикуляр түрінде орналасады. ДНҚ-ның үш сатылы құрылымының кеңістіктік моделін алғаш рет 1953 ж. америкалық ғалым Д.Уотсон (1928 ж.т.) мен ағылшын биологы Фрэнсис КрикФ.Крик (1916 ж.т.) жасады. Модель бойынша ДНҚ молекуласы қос тізбектен құрылған. Қос тізбек бір-бірімен азотты негіздер арасында пайда болатын сутекті байланыстар арқылы жалғасады.
Бұл қос тізбекті негіздерге комплементарлық (ұқсас) принцип тән, яғни аденинге әдетте тимин, ал гуанинге цитозин сәйкес келеді. ДНҚ-ның бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі спиральді полинуклеотидті тізбегі бір осьті айнала оралып жатады. Уотсон мен Крик моделінің көмегімен ДНҚ-ның өздігінен екі еселену (репликация) қасиеті ашылды. Осы жаңалықтары үшін Уотсонға, Крикке және Уилкинске Нобель сыйлығы берілді (1962). Екі еселену кезінде комплементарлы орналасқан азотты негіздердің сутекті байланысы үзіліп, ДНҚ жіпшелері екіге ажырайды да, екі ұқсас спиральді ДНҚ тізбегі пайда болады. ДНҚ-ның екі еселенуінің мұндай процесі жартылай консервативтік деп аталады, себебі жаңа түзілген ДНҚ молекуласында бір тізбек бұрынғы болады да, екінші тізбек жаңадан түзіледі. Осының нәтижесінде организмнің барлық клеткаларындағы генетик. материал өзгеріссіз қалады.
2 қосымша
Азотты негіз | нуклеотид атауы | белгіленуі |
Аденин | Адениндік | А (A) |
Гуанин | Гуаниндік | Г (G) |
Тимин | Тиминдік | Т (T) |
Цитозин | Цитозиндік | Ц (C) |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.