Көмірсуларды құрылымы, құрамы мен қызметтері. Биология, 10 сынып, қосымша материал.


Органикалық заттар

 Органикалық қосылыстар – молекуласының құрамына көміртегі (тек карбонаттардан, СО2-ден басқа) немесе оның қосылыстары кіретін, сондай-ақ ауада және оттегінде жанатын заттар. Органикалық заттардың негізін түзетін көміртегі атомдары арасында бір немесе екі байланыс түзіліп, көміртегінің тізбектері құрылады, яғни органикалық қосылыстардың қаңқасы көміртегінен жасалынады.

Көмірсулар

Көмірсулар

Құрамы, құрылысы

Қызметі

 Жалпы формуласы - С(НО). Сутек атомдары көміртек атомдарынан екі есе көп болғандықтан көмірсу деп аталады. Құрамына С, Н, О атомдары кіреді. «Көмірсу» деген терминді 1844ж.К.Шмид енгізген. Көмірсулар мономерлеріне қарапайым көмірсулар яғни моносахаридтер жатады. Оларға:

  • Триоза (сүт қышқылы, пирожүзім қышқылы).
  • Тетроза (эритроза - зат алмасу мен фотосинтездің аралық өнімі ).
  • Пентоза (рибоза, дезоксирибоза - ДНК мен РНК құрамында).
  • Гексоза (глюкоза - қан плазмасының тұрақты заты; фруктоза - жеміс шырынында, балда, қант қызылшасында, жемістерде болады; галактоза - глюкозаның изомері, лактоза құрамында бар).
  • Моносахаридтер - суда жақсы ериді,тәтті дәмі бар, түссіз заттар.
  • Дисахаридтер - сахароза, лактоза, мальтоза (екі моносахаридтерден тұрады). Жалпы формуласы - СНО

Күрделі көмірсулар немесе полисахаридтер

Жалпы формуласы - (СНО)

*Энергетикалық - жасушадағы негізгі энергия көзі.

1 гр. Көмірсу ыдырағанда 17,6 кДж энергия береді.

Көмірсудың күндік нормасы- 400-500 гр.

*ДНК мен РНК құрамына кіреді, хромосомалар мен АТФ молекуласын түзеді.

*Өсімдіктердің қор заты: крахмал (түйнекте, тамырда, тамырсабақта, тұқымда, жемісте т.б);

Жануарлардың қор заты: гликоген (бауыр мен бұлшықеттерде қорға жиналады).

*Құрылыс материалы-жасушалар мен органоидтар және органеллалар құрамына кіреді.

Көмірсулар таза күйінде қантта кездеседі. Табиғатына қарай балдың құрамында 70-80% қант болады.

Көмірсулардың жіктелуі

Көмірсулардың маңызы

Көмірсулардың атауы

Маңызы

1. Глюкоза

  Ақ түсті, тәтті дәмді, суда ериді.Табиғатта фотосинтез нәтижесінде түзіледі. Жасыл өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады. Әсіресе жүзім шырынында көп болады, сондықтан оны жүзім қанты деп атайды. Балдың құрамында болады. Адам ағзасында бұлшықеттерде, қан құрамында (0,1-0,12 %) және ағзадағы ұлпалар мен жасушаның негізгі энергия көзі.Егер қандағы мөлшері көбейіп кетсе ұйқы безінің гормоны инсулиннің бөлінуі артады.

2. Фруктоза

 Ақ түсті, өте тәтті, ұзақ қыздырғанда құрылымы өзгереді. Табиғатта бос күйіде көптеген жеміс-жидектер мен балдың құрамында кездеседі. Дисахарид – сахарозаның және инсулиннің құрамында байланысқан түрде кездеседі. Табиғи қант болып саналады. Крахмал тәрізді қасиетке ие және нарғызгүлдің түйнегінде , шашыратқыда, кейбір балдырларда болады. Тағамның калориялығын төмендетіп , қантты ауыстыра алады. Дәмі жағымды. Заталмасуы бауырда жүріп, осы жерде май қышқылдарына айнала алады.

3. Рибоза

 Ақ түсті, тәтті дәмді ,суда ериді , кристалды зат. Табиғатта бос күйінде кездеспейді, бірақ олиго, полисахаридтердің құрамды бөлігі. Мысалы: ағаш сүрегінің құрамында болады. ДНК мен РНК-ның көмірсуларының негізін құрайды. Рибофловин (В12 дәрумен) мен нуклеотидтердің ең негізгі құрамды бөлігі.

4. Сахароза

  Ақ түсті, тәтті дәмді, қыздырғанда қоңыр түсті карамель түзеді. Қант қызылшасының құрамында (16-20%) және қант қамысының (14-26%) құрайды.Жасыл өсімдіктердің жемісі мен жапырағында аздаған мөлшерде кездеседі.

5. Лактоза

 Сүт қанты деп аталады. Адам мен сүтқоректілердің сүтінің құрамында болады. Ашу үрдісін спирттік ашуға дейін өзгерте алады.

6 . Крахмал

 Өсімдіктердің негізгі қор заты. Бидайдың, арпаның, күріштің, сұлының дәнегінде, сонымен қатар картоп түйнегінде, жүгері мен үрмебұршақта болады.

Мысалы: бидайда-75%-80%, күріште,65-70%, картопта-25%. Ақ түсті ұнтақ, суық суда ерімейді. Ыстық суда ісініп, клейстер түзеді

7. Жасұнық

 Талшықты зат, суда және қарапайым органикалық еріткіштерде ерімейді. Оның негізгі еріткіші Швейцер реактиві. Өсімдіктердің жасуша қабырғасының негізгі құрылымдық бірлігі. Жер шарында ең кең таралған көмірсу. Өсімдіктер өндірген барлық органикалық заттардың 33 % құрайды. Мақтаның құрамында 90% , ағаш сүрегінде 40-50% болады. Өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түзіліп, жасуша қабықшасының негізін құрайды.

8. Гликоген

 Құрылымы жағынан крахмалға жақын, адамның, жануарлардың және көптеген саңырауқұлақтардың жасушасында түзіледі. Бұлшықет пен бауырда қорға жиналады.

9. Хитин

  Құрылымы жағынан жасуныққа жақын. Буынаяқтылырдың қаңқасын түзіп, мықтылық қасиет береді, саңырауқұлақтардың ағасында жасуша қабырғасының құрамына кіреді.

10. Муреин

 Бактериялардың жасуша қабырғасын құрайтын мықты, жасушаға пішін беруіне көмек беретін көмірсу текті зат.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.