Көру және есту рецепторлары. Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің араласуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі». Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.3D Координация және реттелу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көру және есту рецепторлары. Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің араласуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі».

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.3 көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру

 Сабақтың мақсаттары

  • көру рецепторларының жұмысын салыстыру
  • соқыр дақты анықтау
  • түкті жасушаның жұмысын сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Таяқша, құтыша және түкті жасушаның қызметін анықтайды
  • Соқыр дақты анықтайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

көру және есту рецепторларының құрылымдары мен қызметтерін тиісті пәндік терминологияны қолдана отырып, ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Соқыр дақтың болуын және түстердің араласуына тәжірибе жасай отырып, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуін зерттеп қорытынды жасай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Торлы қабық (сары дақ), соқыр дақ, көру жүйкесі, көру рецепторлары, таяқша, құтыша, түкті жасуша, Мариотто тәжірибесі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Соқыр дақ - …

Соқыр дақта … кездеспейді, сондықтан…..

Түкті жасуша … орналасқан

Дыбыс ауа арқылы өтуі...арқылы өтуге қарағанда ...болып келеді.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Физика пәнінен оптика тарауы арқылы торлы қабықта бейненің пайда болуы туралы түсінікпен байланысады.

Көру рецепторларындағы жарықтың қабылдануы мен түкті жасаша арқылы дыбыстың қабылдануы да физика пәнімен байланысты қамтамасыз етеді

Көру рецепторларындағы химиялық заттар арқылы химия пәнімен байланыстыруға болады

Алдыңғы білім

Оқушылар тітіркендіргіштерге ағзаның жауап қайтаруы туралы 6-сыныптың жаратылыстану пәнінен, 7-сыныптан «Координация және реттеу» бөлімінде жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін, 8-сыныпта көз бен құлақтың құрылыс бөліктері мен олардың атқаратын қызметтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Рецептор деген не сұрағы талқыланады. Осы талқылаудан соң оқушылардан сабағымыз не туралы екен деп сұрай келе сабақтың тақырыбы ашылады. Көру мен есту рецепторлары туралы нені білу қажет деп ойлайсыздар деп сұрау арқылы сабақтың мақсаты анықталып, бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушыларға таяқша, құтыша және түкті жасушалары жайлы ақпаратпен танысып, жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындау ұсынылады. Кейін алған ақпараттарын жұпта және сыныппен талқылайды.

Оқушылар ақпараттың көмегімен есту рецепторы туралы оқып, дыбыстың ауа және сүйек арқылы берілуіндегі айырмашылықтарды түсіндіреді.

Зертханалық жұмыс барысы, қауіпсіздік ережелерін талқыланады. Мариотто тәжірибесін жасау арқылы соқыр дақты анықтайды. Парақшадағы бейненің жоғалып кетуі оның соқыр даққа түскенін, яғни көздің көру жүйкесі кіретін рецепторлары болмайтын бөлігіне түскенін көрсетеді. Онда рецепторлар болмағандықтан адам көрмейді.

Жұмыстың нәтижесі талқыланып қорытындыланады.

1 - қосымша

3-9 слайдтар

27-36 мин

Оқушылар көру және естудің қабылдануының сызбаларын құрып, салыстырып, талқылайды.

2- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

  • Мен ...білдім
  • Мен ...үйрендім
  • Мен тағыда ...қарастырамын.

10 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлерін ұсыну

Онлайн тапсырмалар орындау арқылы

Қосымша тапсырмалар орындауды сұрау арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша талқылаулары арқылы

Зертханалық жұмысты орындаулары арқылы

Қосымша тапсырмалар арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.