Көру және есту рецепторлары. Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің араласуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі». Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Таяқша мен құтыша түсті қабылдау

 Жарық сезгіш жасушаларда қозу үрдісі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал құтыша — йодопсин деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес жоғары молекулалы қосылыстар. Жарық әсерімен родопсин ретинен (А дәрумендерінің туындыларына) және опсин нәруызға ыдырайды да, өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады, артынан түссізденіп кетеді. Қараңғыда ретинолдың (А дәрумендері) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу үдерісі жүреді. Ретинол жетіспеген жағдайда бұл реакция тежеліп, қараңғыға бейімделу үдерісі бұзылады, ақшам соқырлық байқалады.

 Көру рецепторлары аталған пигменттерінің фотохимиялық реакциялары салдарынан қозады. Көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондар торлы қабық рецепторларын тітіркендіріп, көру жүйесінде импульстер пайда болады.

 Құрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, ол ретинен мен фотопсин белогының қосындысынан тұрады. Фотопсин үш турлі болады, сондықтан құтышалар әр түрлі ұзындықтағы сәулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл) реакция беретін жасушалар болып жіктеледі. Осы үш түрлі құтышалардың әр түрлі комбинацияда қозуы нәтижесінде түрлі рең түстері пайда болады.

 Егер көзге ұзын толқынды сәулелер әсер етсе, онда тек осы толқынды қабылдайтын құтыша қозып, қызыл түс түйсігі пайда болады. Жарық әсерінен құтышалардың екінші түрі қозса — жасыл түс түйсігі, ал үшінші құтышалар қозса — күлгін түс түйсігі туындайды. Аралық түстер осы үш түрлі құтышалардың әр түрлі деңгейде қозуының нәтижесінде пайда болады. Мысалы қызыл сары түс түйсігі қызыл құтыша күшті, жасыл құтышалар жеткілікті деңгейде, ал күлгін құтышалар әлсіз деңгейде тітіркенгенде пайда болады. Ал осы үш түрлі құтыша бірдей деңгейде қозса — ақ түс қабылданады.

Ішкі құлақ есту және тепе-тендік сақтау рецепторлары орналасқан құлақ бөлігі. Ол самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады, сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын перилимфа деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықты эндолимфа дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс (саға), үш жарты дөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақтық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақ және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопақ қапшық бір-бірімен өзара перпендикулярлы жазықтықтарда орналасқан үш жарты дөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал дөңгелек қапшық қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады. Есту талдағышының рецепторлары — жарғақтық шытырманның ұлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді мүшеде (Кортиев мүшесінде) орналасқан. Жарғақтық ұлу өзегі — сүйектік ұлу қуысында болады. Тепе-тендік мүшесінің рецепторлары жарғақтық қапшықтардың ішкі бетіндегі "дақ" деп аталатын дөңесінде және жарғақты жарты дөңгелекше ампуласының ішкі бетіндегі "қырша" деп аталатын дөңестеу жерінде орналасады. Бастың немесе дененің кеңістіктегі өзгеру жағдайы туралы ақпарат осы аталған құрылымдарда түзіледі

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Оқушылар Мариотто тәжірибесін орындау кезінде және биология кабинетіндегі жеке басының қауіпсіздігін сақтау ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушыларды жұптарға немесе шағын топтарға бөліп, тәжірибені кезекпен орындатуға болады. Мариотто тәжірибесі үшін қолданылатын карточкаларды алдын ала қағазға шығарып дайындап қойған жөн. Дыбыстың ауа арқылы және сүйек арқылы қабылдануындағы айырмашылықты сипаттауда оқушыларға көмек қажет болады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың таяқша мен құтыша және түкті жасушалардың рецепторлар екенін және олардың атқаратын қызметтері ортадағы стимул мөлшеріне байланысты өзгеретінін түсінулері маңызды. Көру рецепторлары жарық және қараңғыда көруге қалай бейімделгенін сипаттай алуына назар аударылады. Оқушылар ауа және сүйек арқылы дыбыстың қабылдануындағы айырмашылықты түсіндіре алуы тиіс.

  • Саралау тапсырмалары
  • 4-қосымшада ұсынылды
  • Онлайн тапсырмаларға сілтеме:
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Зертханалық жұмыстың нәтижесі бойынша бағаланады.

 Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • Таяқша, құтыша және түкті жасушаның қызметін анықтайды
  • Көз құрылымдарының жарықтың мөлшеріне қарай бейімделулерін сипаттайды
  • Соқыр дақты анықтайды
  • Көру рецепторларын ажыратады
  • Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуін сипаттайды
  • Сілтемелер мен ресурстар

Дыбыстың қабылдануы көрсетілген онлайн симуляциясы:

https://phet.colorado.edu/en/simulation/legacy/sound

Түрлі-түстің қабылдануы - онлайн симуляция:

https://phet.colorado.edu/sims/html/color-vision/latest/color-vision_en.html

Көру рецепторының жұмысы: Index > Animations > Eye

http://www.kscience.co.uk/animations/eye.htm



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.