Тыныс алу қозғалыстары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Тыныс алу:
- Қабырғааралық бұлшықеттер мен диафрагма жиырылады
- Қабырға көтеріледі, диафрагма төмен түседі, тегістеледі
- Кеуде қуысының көлемі артады
- Өкпе үлкейеді
- Өкпедегі ауа қысымы төмендейді
- Ауа өкпеге өтеді
- Тыныс алынады
Тыныс шығару:
- Қабырғааралық бұлшықеттер мен диафрагма босаңсиды
- Қабырға түседі, диафрагма көтеріледі, дөңестенеді
- Кеуде қуысының көлемі кемиді
- Өкпе кішірейеді
- Ауа өкпеден шығады
- Тыныс шығарылады
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Дондерс моделін жасау кезінде құралдарды пайдалануда абай болу ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақтың басында анимацияны көрсетпестен бұрын оқушыларға бұлшықеттерді атаулары жазылған сызбаны үлестіріп беріп осы сызбада белгілеулер жасауды сұрау қажет. Тақырыпқа тереңдеп кірудің қажет жоқ, оқушылар тек қандай бұлшықеттер қатысатынын және олардың өзгерістерін қарастыра алады. Тек кейбір алғыр оқушылар тереңдетіп сызбаны толықтырып үлгереді.
Оқушылар тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі бұлшықеттердің жағдайын шатастырады. Әсіресе диафрагманың жиырылуы мен босаңсуы кезінде төмен түсуі немесе жоғары көтерілуін жете түсінулеріне назар аудару қажет. Диафрагма жиырылған кезде ол керіліп төмен түсетінін, ал босаңсыған кезде қалпына келіп көтерілетінін айту қажет.
Ал қабырғааралық бұлшықеттердің кеуде қуысын тарылтып немесе кеңейтіп ауа қысымын реттеуге қатысатынына тоқталу жөн.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Қалыптастырушы бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүріледі. Тыныс алу тыныс шығару механизмдерін сипаттаған кезде екі жағдайдағы бұлшықеттердің босаңсуы мен жиырылуын салыстырмалы түрде қарастыра алуына назар аударылады. Ал тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін ретімен алгоритм түрінде жаза білулері бағаланады.
Дондерс моделінде тыныс алу мен тыныс шығаруды түсіндірген кезде диафрагманың жиырылуы мен босаңсуы, оның тыныс алудағы рөлін түсіндіре білулері бағаланады.
- Саралау тапсырмалары
- 4-қосымшада ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Тапсырма жауаптары 10-11 слайдта берілді.
Критерий:
Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді.
Дескрипторлар:
- Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттерді атайды.
- Тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі бұлшықеттердің қозғалыстарын салыстырады
- Тыныс алу қозғалыстарын ретімен сипаттайды
- Тыныс шығару қозғалыстарын ретімен сипаттайды.
- Сілтемелер мен ресурстар
Тыныс алу қозғалыстары туралы видео: https://rutube.ru/video/260623420af734685c57f2dbde02293e/
Дондерс моделін жасау жолы https://www.youtube.com/watch?v=RO8QHYbXVes
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.