Тыныс алу қозғалыстары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.В Тыныс алу | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Тыныс алу қозғалыстары (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Дондерс моделін қолдана отырып, тиісті терминологияны пайдаланып тыныс алу және шығару механизмін ауызша жазбаша түсіндіреді. Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшық еттердің жағдайын ауызша жазбаша сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қабырға аралық бұлшықет, көкет, диафрагма, көкеттің жиырылуы, дөңестенуі және тегістеуі, өкпе көлемі, ауа қысымының өзгеруі, өкпе көлемінің өзгеруі, кеуде қуысының өзгерісі. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Тыныс алу кезінде.........................Х ұлғаяды Тыныс шығару ..........У тегістеледі. Кеуде қуысындағы қысым атмосфералық қысымнан ..........Z болады. Көкет ...тегістеледі. Көкет ...дөңестенеді. Көкет ...кеуде қуысы кішірейеді. Көкет ...кеуде қуысы ұлғаяды. Қабырғааралық бұлшықет тыныс алғанда..., тыныс шығарғанда... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Тыныс алу тыныс шығару кезіндегі өкпедегі ауа қысымының өзгеруі, өкпе көлемінің өзгеруі туралы түсініктер арқылы физика пәнімен байланысады. | |||||
Алдыңғы білім | Тыныс алу мүшелері, тыныс алудың маңызы туралы біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-8 мин | Оқушыларға алдын ала дайындалған Дондерс моделінің жұмысын көрсетіп, адам ағзасының қай мүшесінің жұмысы көрсетілгенін сұрап, дәлелдемелер келтіріп сипаттау тапсырмасын орындау ұсынылады. Оқушылар модел арқылы тыныс алу/шығару кезіндегі өкпенің жұмыс механизмін түсіндіреді. Критерий: Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді. Осы тапсырманы орындағаннан соң оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -3 слайдтар Дондерс моделін жасау жолы https://www.youtube.com/watch?v=RO8QHYbXVes | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
9-12 мин | Мұғалімнің түсіндірмесі | 3-10 слайдтар Нұсқаулық | ||||
13-20 мин | Оқушыларға тыныс алу қозғалыстары қандай ұлпаның қатысуымен жүзеге асырылады сұрағын қоя отырып, тыныс алу және тыныс шығару қозғалысының механизмдерін оқып танысу тапсырмасы беріледі. Ол үшін оқушыларға анимация, видео, ақпараттар, сызба және таныстырылым ұсынылады. Оқушылар тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі өзгерістер, қатысатын мүшелерді толығымен атап, олардың әрқайсысының атқаратын қызметтерін талдайды. Оқушыларды екі (оқушы санына қарай 3-4 топқа) топқа бөліп, тыныс алу тыныс шығару кезіндегі үдерістердің механизмдерін талдап қарсы топқа түсіндіру тапсырмасы беріледі. Критерий: Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді. | 1 - қосымша Тыныс алу қозғалыстары көрсетілген анимация: https://www.youtube.com/watch?v=5JrON_sm5gc 11 слайд | ||||
21-36 мин | Оқушыларға тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін ретімен жазу тапсырмасын орындау ұсынылады. Алгоритмді жазып болғаннан соң оқушылар дайын жауаптармен салыстырады. Кейбір оқушылар Дондерс моделінде әр оқушы тыныс алу және тыныс шығару үдерістерінің механизмін толығымен сипаттап түсіндіреді. Кейбір оқушылардан қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау сұралады. Сынып оқушылары және мұғалім сұрақтар қойып кері байланыс береді. Критерий: Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді. Дескрипторлар:
| 10-11 слайдтар Дондерс моделі 2- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс | 12 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушылардың тыныс алу қозғалыстарын модель арқылы түсіндірулері арқылы Ақпаратпен танысу кезінде ақпараттық парақша, анимация, сызба, суреттер ұсыну арқылы Кейбір оқушыларға қосымша ақпарат іздеп, өз білімін тереңдету мүмкіндігін беру арқылы Кейбір оқушылардың ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындауы арқылы Дондерс моделіндегі түсіндірмелері арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың Дондерс моделіндегі түсіндірмелері арқылы Ауызша жауаптары арқылы Ақпарат жинап, талқылаулары арқылы Анимациямен жұмыс арқылы Топтық жұмыстың таныстырылымы арқылы Дондерс моделін жасап, түсіндірулері арқылы Ауызша жауаптары арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дондерс моделін жасау кезінде абай болу. Таныстырылым, топтық жұмыстар кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.