Тыныс алу қозғалыстары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

  • Анимацияны пайдаланып, тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын құрылымдардың қозғалу бағыттарын бағдаршамен белгілеңіз.
  • Әр бұлшықеттің жиырылғаны мен босаңсығанын анықтаңыз.
  • Тыныс алу мен тыныс шығару деп сызбаларды атап жазыңыз.

2-қосымша

Тыныс қозғалыстары. Өкпеде бұлшықет ұлпалары жоқ. Сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды. Тыныс алу қозғалыстары негізінен қабырғааралық бұлшықеттер мен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Көкет дегеніміз-адамның кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын бұлшықет.

Тыныс алғанда-қабырғааралық бұлшықеттер жиырылып, қабырғаларды көтереді. Көкет жайпақ болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. Нәтижесінде кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық ауа өкпеге барады. Тыныс алу іске асырылады. Тыныс шығарғанда тыныс алу бұлшықеттері босаңсиды, қабырғалар басылады, көкет көтеріліп, дөңес болып, кеуде қуысының көлемі кішірейеді. Сонымен қатар өкпе көлемі кішірейіп, ондағы қысым жоғарлап, атмосфералық қысымнан сәл артып, ауа өкпеден шығарылады. Тыныштық күйде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.

3- қосымша

1-тапсырма. Тыныс алу қозғалыстарына қатысатын құрылымдарды атаңыз

1…………………………………………………………………..

4.......................................................................................................

2…………………………………………………………………..

5.......................................................................................................

3………………………………………………………………..…

6.......................................................................................................

7.......................................................................................................

Тыныс алу кезіндегі үдерістерді ретімен жазыңыз

1.

Тыныс шығару кезіндегі үдерістерді ретімен жазыңыз

1.

Критерий:

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттерді атайды.
  • Тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі бұлшықеттердің қозғалыстарын салыстырады
  • Тыныс алу қозғалыстарын ретімен сипаттайды
  • Тыныс шығару қозғалыстарын ретімен сипаттайды.

4-қосымша

Тыныс алу және тыныс шығару механизмін салыстырып кесте толтырыңыз

Тыныс қозғалыстары

Кеуде қуысы

Қабырғааралық бұлшықеттер

Көкеттің өзгерісі

Кеуде қуысының көлемі

Тыныс алу механизмі

Тыныс шығару механизмі

Тыныс алу және шығару механизмі

Тыныс алу қозғалыстары

Қабырға аралық бұлшық еттері

Қабырғалар

Көкет (диафрагма)

Кеуде қуысының көлемі

Өкпе өзгерісі

Тыныс алу

Тыныс шығару



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.