Тыныс алу қозғалыстары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.В Тыныс алу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тыныс алу қозғалыстары (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

  • Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Дондерс моделін қолдана отырып, тиісті терминологияны пайдаланып тыныс алу және шығару механизмін ауызша жазбаша түсіндіреді.

Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшық еттердің жағдайын ауызша жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қабырға аралық бұлшықет, көкет, диафрагма, көкеттің жиырылуы, дөңестенуі және тегістеуі, өкпе көлемі, ауа қысымының өзгеруі, өкпе көлемінің өзгеруі, кеуде қуысының өзгерісі.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Тыныс алу кезінде.........................Х ұлғаяды

Тыныс шығару ..........У тегістеледі.

Кеуде қуысындағы қысым атмосфералық қысымнан ..........Z болады.

Көкет ...тегістеледі.

Көкет ...дөңестенеді.

Көкет ...кеуде қуысы кішірейеді.

Көкет ...кеуде қуысы ұлғаяды.

Қабырғааралық бұлшықет тыныс алғанда..., тыныс шығарғанда...

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Тыныс алу тыныс шығару кезіндегі өкпедегі ауа қысымының өзгеруі, өкпе көлемінің өзгеруі туралы түсініктер арқылы физика пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Тыныс алу мүшелері, тыныс алудың маңызы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-8 мин

Оқушыларға тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер көрсетіліп атаулары жазылған сызба таратылып беріледі. Оны анимация кезінде орындауға берілген тапсырма барысында қолдану ескертіледі. Тыныс алу қозғалыстары көрсетілген анимацияны тамашалай отырып, тыныс алуға қатысатын бұлшықеттердің қозғалу бағытын бағдаршамен көрсету, тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі кеуде қуысының өзгерісін анықтау тапсырмасын орындау ұсынылады. Кейбір оқушылар бұлшықеттердің жиырылғаны немесе босаңсыған күйелерін анықтай алады.

Оқушылар әр бұлшық еттің тыныс алу және тыныс шығарудағы жағдайын сипаттап жазып алады.

Критерий:

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді.

Осы тапсырма арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылады.

1-қосымша

Тыныс алу қозғалыстары көрсетілген анимация:

https://www.youtube.com/watch?v=5JrON_sm5gc

1 -2 слайд

Сабақтың ортасы

9-12 мин

Мұғалімнің түсіндірмесі

3-6 слайдтар

Нұсқаулық

13-20 мин

Оқушыларға Дондерс моделін құрастырып, газ алмасудағы көкеттің жұмысын түсіндіру тапсырмасы беріледі.

Дондерс моделі - Ф.К. Дондерс (1818-1889) голланд офтальмологымен шығарылған тыныстанудың заңдылығын көрсететін тәжірибе.

Моделді жасау үшін оқушыларға видеоматериалды пайдалану ұсынылады. Осы моделде әр оқушы тыныс алу және тыныс шығару үдерістері кезіндегі диафрагманың өзгеруін толығымен сипаттап түсіндіреді.

Мұғалім барынша көбірек моделде сипаттамаларды тыңдап, кері байланыс ұсынады.

Сынып оқушылары және мұғалім сұрақтар қойып кері байланыс береді.

Критерий:

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді.

Дондерс моделін жасау жолы https://www.youtube.com/watch?v=RO8QHYbXVes

7-слайд

21-36 мин

Бұл тақырыпты оқушылар «Fish bone» сызбасын толтыру тапсырмасы арқылы қорытындылайды. Оқушылар ақпарат парақшаларын қолдана алады. Бұл тапсырманы жеке, жұпта немесе топта орындатуға болады.

Оқушылардан толтырған сызбаларымен алмасып, өзара бағалау жүргізіп, жауаптарын салыстыру сұралады.

Оқушылардың сызбаны толтыруларын тексеріп, мұғалім кері байланыс ұсынады.

Критерий:

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттерді атайды.
  • Тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі бұлшықеттердің қозғалыстарын салыстырады
  • Тыныс алу қозғалыстарын ретімен сипаттайды
  • Тыныс шығару қозғалыстарын ретімен сипаттайды.

Кейбір оқушыларға қосымша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары ұсынылады.

2 -3 қосымша

8-9 слайдтар

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

«Үш әрекет»

І. Мен үшін жаңалық

ІІ. Мен үшін өте қызықты

ІІІ. Сабақ барысында ... туралы түсініктер қиындық тудырды.

10 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың тыныс алу қозғалыстарын модель арқылы түсіндірулері арқылы

Ақпаратпен танысу кезінде ақпараттық парақша, анимация, сызба, суреттер ұсыну арқылы

Кейбір оқушыларға қосымша ақпарат іздеп, өз білімін тереңдету мүмкіндігін беру арқылы

Кейбір оқушыларға дайын кесте толтыру арқылы тыныс алу мен тыныс шығаруды салыстыру тапсырмасын беру арқылы

Дондерс моделіндегі түсіндірмелері арқылы

«Fish bone» сызбасын толтыру арқылы, себебі әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың Дондерс моделіндегі түсіндірмелері арқылы

Ауызша жауаптары арқылы

Ақпарат жинап, талқылаулары арқылы

«Fish bone» сызбасын толтыру тапсырмасы арқылы

Сызбаны таныстырып, салыстыру тапсырмасы арқылы

Анимациямен жұмыс арқылы

Топтық жұмыстың таныстырылымы арқылы

Дондерс моделін жасап, түсіндірулері арқылы

Ауызша жауаптары арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Дондерс моделімен жұмыс кезінде абай болу.

Таныстырылым, топтық жұмыстар кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.