Вакциналаудың рөлі (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Вакциналаудан соң адам өмір бойы ауырмауы мүмкін ауруға бейім болып қалады.

Табиғаттан берілген табиғи иммунитетті жояды.

Вакциналау сол аурумен ауырмауға 100 пайыздық кепілдік бере алмайды. Ешқандай вакцина аурудан толық қорғаныш қалыптастыра алмайды.

Адамға желшешекпен немесе қызылшамен аурып, табиғи жолмен өмір бойы сақталатын иммунитет алған артық. Вакцина бұл аурулардан өмір бойы сақтамайды. Сондықтан қайта қайта алу қажет болады.

Иммунитет ана сүтімен анадан балаға берілетіндіктен екпе егілуге асығудың қажеті жоқ. Бір жасқа дейінгі баланың иммундық жүйесі жетілмегендіктен вакцина алып қатерге бас тікпеген жөн.

Кез келген вакцинада ағзаға улы жүйке жүйесі, бауыр, бүйректі зақымдайтын химиялық заттар-консерванттар( сынап тұздары, алюминий гидроокисі, формалин), бар.

Мүлде қауіпсіз вакцина жоқ. Кез келген екпе баланың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Жалпылай вакциналаудан бас тарту дені ау ұрпақ әкелуге жол ашады.

Вакциналау иммунитетті аз уақыт аралығында ғана әлсіретеді, кейін оны күшейтеді. Адамда ауыр инфекцияларға қарсы табиғи иммунитеті болмайды. Екпе олардан қорғанудың бір ғана жолы.

 Жартылай болса да қорғаныштың болуы мүлде қорғанышсыз қалудан жақсы. Вакцина алған балаларда алмаған балаларға қарағанда аурулар асқынуларсыз, жеңіл өтеді.

Балаларда кездесетін кейбір инфекциялар ересектерде ауыр асқынулармен өтуі мүмкін. Әсіресе бала кезінде ауырмаған адам қызылшамен ауырғанда. Мысалы, жүктілік кезіндегі қызылшамен ауру көбінесе ұрықтың ахауларына әкеледі.  

Ауа-тамшылар арқылы жұғатын инфекциялардан қорғануға анадан берілген иммунитеттің күші жеткіліксіз. Бала неғұрлым жас болса инфекция соғұрлым қауіпті.

Заманауи вакциналарда улы заттар концентрациясы минимумға келтірілген. Оларға қарағанда егілмеген баланың ауруы кезінде қабылдайтын антибиотиктер одан да көп зиян келтіреді.

Вакциналау арқылы алдын алуға болатын аурулармен аурудың инвалидтікке, өлімге әкелу мүмкіндігі вакциналау арқылы қорғанған кездегіден бірнеше есе жоғары.

Жалпылай вакцинадан бас тарту қауіпті аурулардың эпидемиясына әкелуі мүмкін.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ете білуі ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Жұқпалы аурулардың тізімін құрастырған кезде оқушылардан бұлар неліктен жұқпалы болып табылады. Не себептен олардан қорғау қажет деп талқылаулар жүргізуге болады. Олардан қалай қорғанамыз, адам ағзасының қорғаныстары жеткілікті бола ма деген сұрақтарды қоюға болады. Қорғаныс жеткіліксіз болған жағдайда қандай шешімдер бар дей келе сабақтың тақырыбы мен мақсатына ауысуға болады. Оқушылардан вакцинаның артықшылығы мен кемшіліктерін бағалай білулеріне басты назар аударылады. Қоғамдағы пікірлерге қарамастан ғылыми тұрғыдан баға беріп, вакциналаудың жұқпалы ауруларға қарсы маңызын түсіндіре білу маңызды.

Жағдаяттарды талқылаған кезде және жалпы сабақ барысында оқушылардың вакциналаудан өтулеріне қатысты жеке тәжірибелеріне назар аудару маңызды.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Вакцина, вакциналау ұғымдарына анықтама беру, вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру, вакциналаудың қажеттілігіне баға беруіне кері байланыс ұсынылады.

Оқушылардың сабақ барысындағы барлық іс-әрекеттеріне тиімді, уақтылы кері байланыс ұсынуға тырысу қажет. Әрбір оқушының оқу мақсатына жетуіне көмектесетін сұрақтар мен ойлар айтылады. Оқушылардың өз білімдерін тереңдету үшін қосымша деректер табу, ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу дағдылары мадақталады.

3-қосымша: 1-3-2-4-5-6

Критерий:

  • Вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Дескрипторлар:

  • Вакцинаның атауын біледі
  • Вакцинаның әсер етуін сипаттайды
  • Вакциналаудың кері әсерлерін түсіндіреді
  • Вакциналаудың артықшылықтарын түсіндіреді
  • Сілтемелер мен ресурстар

Шешек ауруы туралы видео - 0.53 ке дейін, 2,03 тен бастан 2,50дейін вакцинаның жұмысы: https://twig-bilim.kz/kz/film/smallpox-the-first-vaccine

Вакциналаудың әсерін салыстыру: http://am-am.info/wp-content/catalog/item1270.html

https://twig-bilim.kz/kz/film/smallpox-the-first-vaccine



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.