Вакциналаудың рөлі (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Вакциналаудың рөлі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.6 аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау

 Сабақтың мақсаттары

  • Вакциналаудың рөлін бағалау

 Бағалау критерийлері

  • Вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сөйлемдерде пәндік лексиканы қолданып, вакциналаудың жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі мен вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша жазбаша түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

туа біткен иммунитет, жүре пайда болған иммунитет, емдік қан сарысуы, вакцина, иммундық аурулар, вакциналау, иммундық тапшылық

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ағзаның бөгде денелер әрекетін қабылдамауы ... ... ... деп аталады.

... ....табиғи және жасанды болып бөлінеді.

.......... кезінде туа біткен иммунитет қалыптасады.

Ауру қоздырғыштарға қарсы ....... түзіледі.

Вакцина ағзаға..............., ............. жолдармен егіледі.

Вакциналаудың артықшылықтарына...,...,...жатады.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Аурулардың салдары, дәрілік препараттар, вакцинаның механизмін талдау барысында химия пәнінен алынған білімдері қолданылады.

Алдыңғы білім

Қан, лимфа сұйықтығы, қан жасушалары, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гуморалдық және жасушалық иммунитет туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушыларға жұқпалы аурулардың тізімін құрастыру тапсырмасын орындау ұсынылады. Олардың алдын алу жолдарын ұсыну сұралады. Оқушылар ауруларға қарсы вакцина ауды айтқан кезде вакцина қалай жұмыс істейді, неліктен ол жұқпалы аурулардың алдын алу шарасы болып табылады сұрағын талқылау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Вакцина туралы нені білгілер маңызды деп сұрау арқылы сабақтың мақсаты анықталады. Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушылардан вакциналау туралы не білетіндерін постерде жазу сұралады. Содан кейін оқушыларға топтарда жұмыстап, вакциналау туралы оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы зерттеу жүргізу тапсырмасы беріледі.

«Вакцинаның жұмысы», «Шешек ауруы» видеоматериалдары, Вакциналау туралы не білеміз? (мақала), ақпараттық парақшалары ұсынылады.

Критерий:

  • Вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Зерттеуден кейін постерлерді толықтырады.

1 - қосымша

4-6 слайдтар

17-25 мин

Оқушылар жұптарына вакциналар жарнамаларын жасау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар кез келген 2 вакцина түрін жан-жақты жарнамалайды.

Критерий:

  • Вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Дескрипторлар:

  • Вакцинаның атауын біледі
  • Вакцинаның әсер етуін сипаттайды
  • Вакциналаудың кері әсерлерін түсіндіреді
  • Вакциналаудың артықшылықтарын түсіндіреді

А4 парақтары

Түрлі-түсті қағаздар

26-36 мин

Жарнамалар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Оқушылар жұптары бір бір жарнамадан алып, екі топқа бөлініп жарнама агенті және халық өкілдері рөлін ойнайды. Жарнамалар дескрипторларға сай келетін болса көрермен алады. Сай келмейді деп тапса ұсыныстар береді. Келесі де әр жұптың екінші оқушысы өз жарнамасын көрсетеді де бірінші оқушы көрермен болады.

Соңында жарнамалардың таратылымы бойынша қорытынды шығарылады.

Жарнама парақшалары

7-слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен ...түсіндім

Мен ...түсінбедім

Мен...толықтырамын

Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

8 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Вакциналау туралы зерттеуді әр оқушы өз деңгейі мен қабілеттеріне сай жүргізеді

Жарнамалар дайындаған кезде де оқушылардың жеке қабылеттерін көрсетуіне мүмкіндік туындайды

Жарнамаларды көрсету кезінде оларды бағалау кезінде әр оқушы өзінің жеке көзқарасы мен қабілетін көрсете алады

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша талқылаулар кезіндегі жауаптары

Зерттеу жүргізу кезіндегі зерттеушілік дағдылары

Жарнама жасау кезіндегі тапқырлығы, өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуі

Жарнамалау кезіндегі сөйлеу шеберлігі

Ұсыныстар еру кезіндегі білімді көрсетуі

Вакциналау механизмінің дұрыс ретін анықтау тапсырмасы (3-қосымша)

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Жарнама жасау, зерттеу жүргізу, жарнаманы қорғау кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.