Вакциналаудың рөлі (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Вакциналаудың рөлі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.6 аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау

 Сабақтың мақсаттары

  • Вакциналаудың рөлін бағалау

 Бағалау критерийлері

  • Вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сөйлемдерде пәндік лексиканы қолданып, вакциналаудың жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі мен вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша жазбаша түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

туа біткен иммунитет, жүре пайда болған иммунитет, емдік қан сарысуы, вакцина, иммундық аурулар, вакциналау, иммундық тапшылық

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ағзаның бөгде денелер әрекетін қабылдамауы ... ... ... деп аталады.

... ....табиғи және жасанды болып бөлінеді.

.......... кезінде туа біткен иммунитет қалыптасады.

Ауру қоздырғыштарға қарсы ....... түзіледі.

Вакцина ағзаға..............., ............. жолдармен егіледі.

Вакциналаудың артықшылықтарына...,...,...жатады.

Вакциналаудың кемшіліктеріне...,...,...жатады.

Вакциналау...,... маңызды рөл атқарады.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Вакциналаудың жалпы адамзат денсаулығын сақтаудағы рөлін бағалау арқылы жаһандық азаматтық, әлемдік тіршіліктің сақталуына үлес қосуға деген ұмтылысы ынталандырылады.

 Пәнаралық байланыс

Аурулардың салдары, дәрілік препараттар, вакцинаның механизмін талдау барысында химия пәнінен алынған білімдері қолданылады.

Алдыңғы білім

Қан, лимфа сұйықтығы, қан жасушалары, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гуморалдық және жасушалық иммунитет туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Оқушыларға вакцина салдыру кітапшасының үлгісін көрсетіп, бұл қандай құжат? Оны не үшін жүргізеді? Сіздерде осындай құжат бар ма, вакциналау барлық адам үшін қажетті ме сұрағы талқыланады. Онда әр адамның өмір бойы алған вакциналары тіркелген деген жауаптан соң вакцина деген не сұрағы қойылып сабақтың тақырыбы ашылады. Вакцина туралы нені білгілеріңіз келеді деп сұрау арқылы сабақтың мақсаты анықталады. Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

6-16 мин

Оқушыларға топтарда жұмыстап, вакциналау туралы оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы зерттеу жүргізеді. Оқушыларға мүмкіндігінше ноутбуктер, ақпараттық парақшалар мен «Вакциналау туралы не білеміз?» http://mamaclub.kz/ekpe-turalyi-ne-bilemiz/

мақаласы, «Вакцинаның жұмысы», «Шешек ауруы» видеоматериалдары ұсынылады.

1 -2 қосымша

3-6 слайдтар

17-33 мин

Оқушылардың вакциналаудың рөлін бағалауы үшін дебат ұйымдастырылады.

А) 1 топ – « вакциналаудың артықшылықтары»

таныстыру, аргументтерді жариялау - 2 минут. 1-ші топқа оппозицияның 2 мүшесінен сұрақ қойылады - 2 минут. 

В) 2 топ – «вакциналаудың кемшілігі» 1-ші топпен келісу немесе келіспеуі. Ребатл, аргументтерге қарсы пікір және өзінің аргументтерін енгізу - 2 минут. 2-ші топқа қарсы топтың 2 мүшесінен сұрақ қойылады - 2 минут. С) 1 және 2 топ - талдау, қарсыласу нүктелерін көрсету, өз командасының неге ұту қажет екенін айту. 

34-36 мин

Бір топтағы 15 оқушыдан 13-і жұқпалы ауру желшешекпен (ветрянка) ауырғанда 2 оқушы мүлде ауырмады. Олардың бірі желшешекпен 4 жасында екіншісі 6 жасында ауырғаны анықталды. Неліктен осы екі оқушыға желшешек жұқпады?

оқушылар алдыңғы тақырыптан алған білімдеріне сүйене отырып жауап береді. Себебі олардың қанында желшешектің қоздырғышына қарсы антидене жылдам түзіледі. Адам бір рет ауырғаннан соң екінші рет ауырмайды.

Не себептен адам жануарларда кездесетін кейбір аурулармен ауырмайды? сұрағы талқыланады.

7 слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

  • «Сэндвич әдісі»

1 қабат – ...түсіндім;

2 қабат – сыни көзқарас, .... толықтыру

керек;

3 қабат – оң көзқарас бере отырып,

болашаққа ұсыныс беру:

маған... ұнады, дегенмен келесі жолы...

8 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Сабақтың басында вакциналауды тіркеу кітапшасын талқылау кезінде оқушылардың өзіндік тәжірибелеріне сүйене отырып, өмірмен байланыс орнатылады

«Вакциналау туралы не білеміз?» мақаласы,

«Вакцинаның жұмысы», «Шешек ауруы» видеоматериалдар және 1-қосымшадағы ақпараттарды оқушылар өз қабілеттеріне қарай ақпарат көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік берілу арқылы саралау жүзеге асырылады

Дебат кезінде оқушылардың әрқайсысы өз білімдері мен тәжірибелері, қабілеттеріне сай өзін көрсетуге мүмкіндік алады

Вакциналаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау арқылы саралау жүріледі

Талқылау сұрақтары және мұғалім тарапынан қойылатын сұрақтардың деңгейі арқылы саралау жүзеге асырылады

Кейбір оқушыларға вакциналау механизмімен танысу арқылы өз білімін тереңдетуге мүмкіндік беріледі

Кейбір оқушыларға 3-қосымшадағы тапсырманы орындау ұсынылады

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша жауаптары арқылы

Дебат кезіндегі өз білімдерін көрсете білулері арқылы

Жағдаятты талқылау кезіндегі жауаптары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Дебат жүргізу, зерттеу жұмыстары кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.