Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және тез ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Ұйқының маңызы
Ұйқы жастықты сақтап қалудың тиімді әдісі. Адам ұйықтап жатқан кезде жасушалары жаңаланып, терінің қалыпқа келуі қарқынды түрде жүреді. Ұйықтаған кезде өсу гормоны белоктың жаңа клеткалар құруына және күні бойы пайда болған бұзылыстардың түзетілуіне түрткі болады. Ұйқы сондай-ақ сұлулықтың қалпына келуіне де мүмкіндік туғызады. Ұйқы алдындағы соңғы тамақ жеңіл қорытылатын өнімдер болуы тиіс, олар бізге триптофанды жеткізеді.
Триптофан – бұл амин қышқылы, ол серотонин мен мелатониннің, тыныш ұйқы үшін маңызды гормондардың деңгейін ұлғайтады.
Ұйқы қалыпты болуы үшін қанша ұйықтау керек? Организмнің толық дамуына қажетті бір тәуліктегі ұйқының мөлшері.
Баланың жасы. | Ұйқының уақыты, сағат. | Баланың жасы. | Ұйықтау уақыты, сағат. |
Жаңа туған сәби.1-3 ай.6 ай-1 жас.2-3 жас.4-5 жас. | 21-2218-2014-1613-1411-12 | 5-68-1013-1416-17Ересек адам. | 10-119-108-97-86-8 |
Ұйқысыздық
Ұйқы бұзылуының көп таралған түрі – ұйқысыздық.Ол жүйкенің жұқаруы, ауыр ақыл –ой еңбегі, мазасыздық, шуылы көп ойын, ішімдік ішу, темекі, ұйықтар алдында кітап оқудан пайда болады.
Тыныш ұйықтау үшін:
1. Белгілі бір уақытта ұйықтауға дағдылану.2. Соңғы тамақты ұйқының алдында 2-3 сағат бұрын ішу.3. Ұйықтар алдында тойып тамақ, сусын ішпеу.4. Ауыр ой еңбегімен шұғылданбау.Ұйықтардан 1,5-2 сағат бұрын ой еңбегін тоқтату.5. Таза ауада серуендеу, бөлмені желдету.6. Айналаңда тыныштық орнату (жарықты, теледидарды өшіру, кітап оқуды доғару).
Еңбекке қабілеттілік
Берілген уақыт шектері мен тиімділік параметрлері аясында нақты қызметті орындауға бағытталған адам ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің шамасы.
Еңбекке қабілеттілік – бұл адамның тапсырылған жұмысты орындауға жауапкершілігі мен шығармашылық, дене, жан күшін салуы.
Қажу
Ұзаққа созылған немесе шамадан тыс жүктеме нәтижесінде еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталатын мүшенің немесе барлық ағзаның уақытша күйі.
Зорығу
Иммунитеттің нашарлауы мен түрлі аурулардың дамуына әкеліп соқтыратын, еңбекке қабілеттілігінің тұрақты төмендеуі.
Демалысты жоспарлау
Күшті тезірек қалпына келтіріп, қажу мен зорығудың алдын алу үшін күнделікті тәртібіңізге тынығудың дене белсенділігі және ақпараттық-танымды түрлерін қосу қажет. Белсенді демалысты демалыс күндеріне жоспарлаған маңызды. Еңбекке қабілеттіліктің басты қалыпына келтірушілеріне – серуендеу, дене шынықтыру және спортпен айналысу, саяжайда жұмыс істеу, тыныш және терең ұйқы жатады.
Күйзеліс
Стрессогендер сияқты зиянды түрткі қызметімен шартталған ағзаның физиологиялық күйі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.