Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және тез ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Биология, 7 сынып, презентация.


Суреттерде не көріп тұрсыздар? Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Ұйқы — организмің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршіліктік мәні зор функционалдық күйі.

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және тез ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

Ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіру және тынығуы үшін ұйқының маңызын түсіндіре алады

Салауатты психиканы қолдауға қажетті шарттарды түсінеді

Салауатты психиканы қолдаудың кейбір негізгі қағидаларын біледі

Ұйқы — организмің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршіліктік мәні зор функционалдық күйі.

Ұйқы мен сергектіктің алмасуы – тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңмен және қараңғылықпен, ал сергектік – күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкес келіп отырады.

Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы арқылы ағза тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбекке құштарлығы артады.

Ұйқы қанбаса бас ауырып, мең –зең болады, шаршайды. Есте сақтау қабілеті төмендейді.

Ұйқы екі фазадан тұрады:

1) баяу ұйқы

2) тез ұйқы

Әуелі баяу ұйқы, 1-1,5 сағаттан соң тез ұйқы басталады.

Ұйқының фазалары:

Ұйқы гигиенасы.

Ұйықтауға арналған төсек орынның ыңғайлы және таза болуы, аса жұмсақ немесе аса қатты болмауы керек. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу, терезені немесе терезе желдеткішін ашық етіп ұйықтау пайдалы.

Еңбекке қабілеттілік

Берілген уақыт шектері мен тиімділік параметрлері аясында нақты қызметті орындауға бағытталған адам ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің шамасы.

Психика-адамның ішкі дүниесі, оның түйсігі мен қабылдауы, жады мен түсінігі, ойлуы мен қиялдауы, сезімі мен еркі.

Психика – нақты бір адамға қатысты, тек соның миындағы дүниенің ішкі бейнесі.

“Жан гигиенасынемесе психологиялық гигиена.

Мүмкіндігінше артық стресстен қашқан немесе стресстік жағдайларға өз көзқарасыңды өзгерткен дұрыс. Өмірде стрессті толықтай болдырмау мүмкін емес. Босаңсу (релаксация) тәсілдерін игеру көптеген кеселдерді болдырмауға, тән мен жан үйлесімділігіне қол жетуге мүмкіндік береді.

Топтық жұмыс.

1. Қалыпты психикалық саулықты сақтауға байланысты нақты жағдайларды талқылау үшін оқушыларды топтарға біріктіру.

Жағдайды сипаттауда келесі негізгі идеялар болу қажет:

-ұйқының бұзылуы;

-күн режимінің бұзылуы;

-ой еңбегі ережесінің бұзылуы.

Жұппен жұмыс

Оқушылар «қалыпты психика» жөнінде келесі ақпараттар қамтылған PowerPoint таныстырылымын дайындайды:

Ұйқының маңызы

Есте сақтауды жақсарту тәсілдері

Психикалық гигиенаның ережелерін қалай сақтау қажет?

Оқушылармен бірге алдын –ала таныстырылымды бағалаудың критерийлерін анықтау

Рефлексия:

Мен енді білемін ................

Маған ұнағаны ....................................

Менің түсінбей қалғаным ............................

Мен жақсы түсіндім ..................................

Мен келесі сабақта.........................білгім келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.