Көрсеткіштік теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


11.2В Теңдеулер мен теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрсеткіштік теңдеулер (1 сағат)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

11.1.2.4 - көрсеткіштік теңдеулерді шешеді;

 Сабақ мақсаттары

  • Бүтін көрсеткіштік дәреженің қасиеттерін еске түсіру;
  • Көбейтудің ауыстырымдылық және үлестірімділік қасиеттерін қолдану;
  • Көрсеткіштік теңдеулердің берілуіне қарай әдістер қолдану;

 Бағалау критерийлері

Бүтін көрсеткіштік дәреженің қасиеттерін пайдаланады;

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу барысында тиімді әдістерді пайдалана отырып, өздігінен түрлендіру жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Теңдеулерді шешуді сипаттауда математикалық терминдерді қолданады;
  • Теңдеуді шешу үшін таңдалған тәсілді дәйектейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Теңдеудің түбірлері;
  • Теңдеудің мүмкін мәндер жиыны;
  • Бөгде түбір;
  • Теңдеудің дәрежесі;
  • Биквадрат теңдеулер

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жұптарда, өз сыныптастарымен диалогтарға қатысулары керек, сонымен қатар сыныппен талқылауларға қатысып, өзінің коммуникативті, көпшілдік, ашықтық, өзгеге құрмет көрсету құндылықтарын дамытуы керек.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, физика

 АКТ қолдану дағдылар

Bilimland.kz

Бастапқы білім

Теңдеу, түбір, иррационал сан, анықталу облысы ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындығын пысықтау.

Оқушыларды қасындағы көршілерімен жұпқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру, жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексереді, бағалау қағазына белгі қояды. Үй тапсырмасында қиындық тудырған есепті сыныппен біріге отырып талқылау.

Сұрақ-жауап:

1) Көрсеткіштік функция дегеніміз не?

2) y=2x функциясының анықталу облысы қандай?

3) y=2x функциясының мәндер облысы қандай?

4) y=0,2x функциясының анықталу облысы қандай?

5) y=0,2x функциясының мәндер облысы қандай?

6) Көрсеткіштік функцияның өспелі болуының шарты қандай?

7) Көрсеткіштік функцияның кемімелі болуының шарты қандай?

Оқушылармен бірге бүгінгі сабақтың мақсатын айқындау

Бүгінгі сабақты бағалау үшін критерийлерімен таныстырамын.

Сабақтың ортасы

30 минут

Жаңа сабақ: Бүгінгі сабаққа қатысты bilimland.kz порталынан бейне қарау.

І. Көрсеткіштік теңдеулерді шешудің әдістері:

  • Бірдей негізге келтіру әдісі:
  • Графиктік тәсіл:
  • Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару:
  • Жаңа айнымалы енгізу:
  • Біртекті теңдеуге келтіру:

ІІ. Жұптық жұмыс. « жеңілден күрделіге қарай»

№1. Бірдей негізге келтіру арқылы көрсеткіштік теңдеулерді шешіңіз:

Бағалау критерийлері

  • Теңдеуді шешу тәсілін дұрыс таңдай біледі;
  • Теңдеуді бірдей негізге келтіреді;
  • Қарапайым көрсеткіштік теңдеуді шеше алады;
  • Жауабын дұрыс таба алады

Топтық жұмыс.

№2.3

№2.4

Бағалау критерийлері:

  • Теңдеуді шешу тәсілін дұрыс таңдай біледі;
  • Жаңа айнымалыны дұрыс енгізеді;
  • Көрсеткіштік теңдеуді шеше алады;
  • Жауабын дұрыс таба алады.

Жеке тапсырма:

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11750

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11752

Қосымша 1

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Көрсеткіштік теңдеуді шешудің қандай әдістерін үйрендім?
  • Көрсеткіштік теңдеуді шешудің әдістерін үйрену үшін маған көмектесті...
  • Нені үйренуім керек...
  • Ұсыныс ...

Үйге тапсырма:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.