Кездейсоқ оқиғалар. Алгебра, 9 сынып, дидактикалық материал.


  • «Графикалық диктант»

Мақсаты: Алғашқы білімді бекіту; оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиғаларды ажырату дағдысын тексеру

Мазмұны: Шартты белгілер арқылы (+ ақиқат оқиға,- мүмкін емес оқиға,/ кездейсоқ оқиға) оқиғаларды ажыратыңыз

-тамыздан кейін наурыз айы келеді.

-наурыздан кейін сәуір айы келеді.

-нан май жағылған жағымен құлап қалады.

-оқу жылы аяқталады.

- бала өз туған күні 30 ақпанда қарсы алады.

  • Өзбетімен жұмыс

Мақсаты:

Тақырып бойынша оқушылардың білімді өзбетімен жұмыс дағдысын дамыту, тақырыпты игеру деңгейін тексеру

Мазмұны

1-мысал. Екі кубикті тастағанда. Екі оқиғаның қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат: Ықтималдықтар теориясында барлық оқиғалар кездейсоқ оқиғалар деп аталады, мүмкін емес және ақиқат оқиғалар кездейсоқ оқиғалардың дербес түрлері:

 А - {кубиктерде бірдей сандар ұпайы түсуі};

 В - {ұпай сандарының қосындысы 12 ден аспайды};

 С - {ұпай сандарының қосындысы 11 ге тең};

 D - { ұпай сандарының көбейтіндісі 11 ге тең }?

Кубиктерді тастағандағы түскен ұпай сандарыныңнәтижесін екі санмен сипаттауға болады. Мысалы, (3, 1), бірінші кубикте 3 санының түскендігін, ал екіншісінде -1 санының түскендігін көрсетеді.

А оқиғасы (1,1) түскенде орындалады, (1, 2) - орындалмайды. Яғни, А оқиғасы кездейсоқ оқиға.

В оқиғасы кез келген жағдайда орындалады. Өйткені әр кубиктің сандары 6 дан аспайды. Яғни, қосындысы 12 ден аспайды. Бұдан шығатын қортынды:В оқиғасы ақиқат.

С оқиғасы (5,6) түскенде орындалады, (2, 2) - орындалмайды. Яғни, C оқиғасы да кездейсоқ.

D оқиғасы мүмкін емес, өйткені 1 ден 6 ға дейінгі 2 бүтін санның көбейтіндісі 11 болуы мүмкін емес.

2 мысал. Қораптың ішінде 3 қызыл, 3 сары, 3 жасыл шар бар. Қораптан кез келген 4 шарды аламыз. Төмендегі оқиғалардың қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат:

 А={алынған барлық шарлар бір түсті};

 В={алынған шарлар әр түрлі түсті};

 С={алынған шардың ішінде әр түсті шарлар бар};

 D={алынған шарлардың ішінде барлық үш түрлі түс бар}?

 А оқиғасы - мүмкін емес: Қораптан төрт бірдей түсті шар алуға болмайды, себебі әр түстен үш шардан бар.

 В оқиғасы - мүмкін емес: Қорапта үш түсті шар бар, алынғаны төрт шар.

 С оқиғасы- ақиқат: қораптан алынған төрт шардан екі шардың түсі бірдей болуы ақиқат.

D-кездейсоқ оқиға. Мысалы: ҚҚЖС, яғни екі қызыл, бір жасыл, бір сары шар алынған. Мұндай оқиға мүмкін емес. ҚЖЖЖ, мұнда D оқиғасының ақиқат болғаның көреміз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.