Кездейсоқ оқиғалар. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ықтималдықтар теориясының элементтері

Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 4.05.19

Мұғалімнің аты-жөні: Кариева Г.Ж

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Кездейсоқ оқиға

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға,қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға,қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымын біледі.
  • кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға,қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғаларды ажырата алады;
  • есептерді шығаруда алған білімдерін қолданады

Бағалау критерийлері

Білу: Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға,қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымын біледі.

Түсіну: Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға,қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғаларды ажырата алады.

Қолдану: кездейсоқ оқиғаларды зерттейді, есептерді шығаруда алған білімдерін қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар топтық, жұптық жұмыстардағы талқылау барысында математикалық тілде сауатты сөйлейді.

Пәнге тән лексика мен терминология: -

Кездейсоқ оқиға – Случайное событие – Random event

  • Ақиқат оқиға – Достоверное событие – Credible event
  • Жалған оқиға – Невозможное событие – Impossible event
  • Қарама-қарсы оқиғалар – Противоположные события – Opposite events
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Кездейсоқ оқиға ... оқиға.

- Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалатын болса ...

- Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалмайтын болса ...

- A оқиғасы орындалмағанда орындалатын оқиғаны А оқиғаға ...деп атайды.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда -шыншылдық, жарқындылық.тарихи материалдар беру арқылы –өзге елдің тарихына деген құрмет

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, күнделікті өмірдегі тәжірибелер

АКТ қолдану дағдылары

Бағдарламалармен жұмыстану дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Күнделікті өмірдегі оқиғаға қатысты тәжірибелер

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

2 минут

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

3 минут

4 минут

3 минут

5 минут

5 минут

Сабақтың соңы

2 минут

3 минут

  • Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау

  • Ой қозғау

Мақсаты: Сабақтың эпиграфымен таныстыру арқылы тақырыпты басқа пәндермен байланыстыру арқылы мәдениетті құрметтеу, сабақтың тақырыбына айқындау:

Мазмұны:

О, сколько нам открытий чудныхГотовят просвещенья духИ опыт, сын ошибок трудных,И гений, парадоксов друг,И случай, бог-изобретатель...А.С.Пушкин

  • Какие слова в стихотворении Пушкина относятся к нашему уроку? два слова: опыт и случай. Сегодня на уроке мы окунемся в загадочный мир Случая. Случай, случайность – с ними мы встречаемся повседневно: случайная ошибка, случайный выигрыш, случайная поломка. Случайности распоряжаются нами, подталкивают к каким-то действиям, подсказывают идеи.Казалось бы в царстве Случая нет места для математики – какие уж тут законы.

Но и здесь наука обнаружила интересные закономерности, которые позволяют человеку уверенно чувствовать себя при встречи со случайными событиями

  • Что вы понимаете под словом событие? (Обсуждение) Познакомимся с понятием в толковом словаре.
  • Как вы думаете: в русском языке и в математическом понятии «Событие» означает одно это же?

Событие это любое явление, которое происходит или не происходит.

  • Бүгінгі сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру.

Экранда көрсетіледі, талданады.

  • Тыңдалым, жазылым: (жеке жұмыс)

Мақсаты: Бейнебаянды тыңдау арқылы жаңа ұғымдарды жаза отырып өзбетімен жаңа білімді меңгерту.

Мазмұны: бейнебаянда өмірдегі тәжірибелерді зерделеу арқылы жаңа ұғымдар енгізіледі.

Мұғалімнің әрекеті:. Әр оқушының компьютерде жеке жұмыстануын қамтамасыз ету

Оқушының әрекеті: Сұрақтарға жауап береді, жауаптар картасы бойынша тексереді, өзін-өзі бағалайды.

Бағалау: жауаптар картасы бойынша өзін-өзі бағалайды.

Критерий: /білу,түсіну/ координаталық жазықтық ұғымын біледі.

  • Оқылым, жазылым: (жұптық жұмыс)

Мақсаты: Екі тілде берілген мәтінді оқып талдау арқылы, екі тілдегі органайзерлерді толықтыру арқылы пәнге тән терминологияларды меңгерту, математикалық тілде тірек сөздерді қолдану арқылы сауатты сөйлеуге дағдыландыру.

Мазмұны: скаффолдинг: оқушыларға екі тілдегі тақырып бойынша теориялық материалдар мен тірек сөздер беріледі.

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті: жұпта тапсырманы орындайды, экранда көрсетілген жауаппен өздерін бағалайды

Бағалау: критерий бойынша бір-бірін бағалайды

Критерий: /білу/оқиға, кездейсоқ оқиға түрлерін біледі.

  • Практикалық зерттеу

Мақсаты: Практикалық зерттеу (топтық жұмыс) арқылы жаңа білімді меңгеру, оқушылардың зерттеушілік және коммуникативтік дағдысын дамыту

Мазмұны: Ойын сүйектерін лақтырып, пайда болған нәтижелерді(оқиғаларды) арқылы мына оқиғалардың орындалуын тексеріңіз: Бұл оқиғалардың барлығы орындала ма? А,В,С оқиғаларының түрлерін ажыратыңыз.

  • Аоқиғасы- 1,2,3,4,5 немесе 6 ұпайларының түсуі.
  • В оқиғасы-7 ұпайының түсуі.
  • С оқиғасы-1 ұпайының түсуі.

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті: Оқушылар топтарда практикалық жұмысты орындайды, қорытынды жасайды.

Бағалау: критерий бойынша топтар бір-бірін бағалайды

Критерий: /қолдану/ кездейсоқ оқиғаларды зерттейді

  • Жазылым:

Мақсаты: «Бос орынды толтыр» тапсырмасы арқылы тақырып бойынша оқушы білімдерін пысықтау

Мазмұны: Оқиғалардың түрлеріне берілген анықтаманы толықтырыңыз:

  • Егер ... ақиқат оқиға деп аталады,
  • Егер ... мүмкін емес оқиға деп аталады.
  • Егер ... кездейсоқ оқиға деп аталады.
  • Егер оқиғалардың пайда болуға мүмкіндіктері бірдей болса, олар ... делінеді.
  • A оқиғасына қарама-қарсы оқиға деп  ... айтылады және былай ... белгіленеді. 
  • Сынау нәтижесінде А оқиғасы...қолайлы нәтижелер деп атайды

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті: тапсырманы орындайды, дайын үлгі бойынша өз-өзін бағалайды

Бағалау: критерий бойынша өз-өзін бағалайды

Критерий: Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға,қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымын біледі.

  • «Графикалық диктант»

Мақсаты: Алғашқы білімді бекіту; оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиғаларды ажырату дағдысын тексеру

Мазмұны: Шартты белгілер арқылы (+ ақиқат оқиға,- мүмкін емес оқиға,/ кездейсоқ оқиға) оқиғаларды ажыратыңыз

-тамыздан кейін наурыз айы келеді.

-наурыздан кейін сәуір айы келеді.

-нан май жағылған жағымен құлап қалады.

-оқу жылы аяқталады.

- бала өз туған күні 30 ақпанда қарсы алады.

Мұғалімнің әрекеті: оқушыларды шартты белгілермен таныстырады, нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті: тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалайды

Бағалау: тапсырманың нәтижесі бойынша, өздерін-өздері бағалайды

Критерий: /білу,түсіну/ оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиғаларды ажыратады

  • «Онлайн тест»

Мақсаты: Тақырып бойынша оқушылардың білімді игеру деңгейін тексеру

Мазмұны: 4 сұрақтан тұратын онлайн тест

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті:онлайн тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалайды

Бағалау: онлайн тапсырманың нәтижесі бойынша, өздерін-өздері бағалайды

Критерий: қолдану есептерді шешуде алған білімдерін қолданады.

  • Өзбетімен жұмыс

Мақсаты:

Тақырып бойынша оқушылардың білімді өзбетімен жұмыс дағдысын дамыту, тақырыпты игеру деңгейін тексеру

Мазмұны

1-мысал. Екі кубикті тастағанда. Екі оқиғаның қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат::

 А - {кубиктерде бірдей сандар ұпайы түсуі};

 В - {ұпай сандарының қосындысы 12 ден аспайды};

 С - {ұпай сандарының қосындысы 11 ге тең};

 D - { ұпай сандарының көбейтіндісі 11 ге тең }?

Кубиктерді тастағандағы түскен ұпай сандарыныңнәтижесін екі санмен сипаттауға болады. Мысалы, (3, 1), бірінші кубикте 3 санының түскендігін, ал екіншісінде -1 санының түскендігін көрсетеді.

А оқиғасы (1,1) түскенде орындалады, (1, 2) - орындалмайды. Яғни, А оқиғасы кездейсоқ оқиға.

В оқиғасы кез келген жағдайда орындалады. Өйткені әр кубиктің сандары 6 дан аспайды. Яғни, қосындысы 12 ден аспайды. Бұдан шығатын қортынды:В оқиғасы ақиқат.

С оқиғасы (5,6) түскенде орындалады, (2, 2) - орындалмайды. Яғни, C оқиғасы да кездейсоқ.

D оқиғасы мүмкін емес, өйткені 1 ден 6 ға дейінгі 2 бүтін санның көбейтіндісі 11 болуы мүмкін емес.

2 мысал. Қораптың ішінде 3 қызыл, 3 сары, 3 жасыл шар бар. Қораптан кез келген 4 шарды аламыз. Төмендегі оқиғалардың қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат:

 А={алынған барлық шарлар бір түсті};

 В={алынған шарлар әр түрлі түсті};

 С={алынған шардың ішінде әр түсті шарлар бар};

 D={алынған шарлардың ішінде барлық үш түрлі түс бар}?

 А оқиғасы - мүмкін емес: Қораптан төрт бірдей түсті шар алуға болмайды, себебі әр түстен үш шардан бар.

 В оқиғасы - мүмкін емес: Қорапта үш түсті шар бар, алынғаны төрт шар.

 С оқиғасы- ақиқат: қораптан алынған төрт шардан екі шардың түсі бірдей болуы ақиқат.

D-кездейсоқ оқиға. Мысалы: ҚҚЖС, яғни екі қызыл, бір жасыл, бір сары шар алынған. Мұндай оқиға мүмкін емес. ҚЖЖЖ, мұнда D оқиғасының ақиқат болғаның көреміз.

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті: тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалайды

Бағалау: жауаптар бойынша өздерін-өздері бағалайды

Критерий: қолдану деңгейіндегі есептерді шешуде алған білімдерін қолданады.

  • Сабақты қорытындылау
  •  Бүгін қандай жаңа білім игердіңіздер?
  •  Қандай ұғымдармен таныстыңыздар?
  •  Қандай ережелерді қолдандыңыздар?
  • Үй тапсырмасы. Жұмыс парақшасы-bilimland.kz
  • Рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.

Менің сабақтағы жетістігім.....________________Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?_______

Мұғалім тарапынан сабақта белсенділігі төмен және тақырыпты жеткілікті меңгермеген оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды түзеу бағытында кері байланыс беріледі.

Презен

тация

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/ehlementar-oqihalar-kengistigi-oqihalarha-qoldanylatyn-amaldar

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/ehlementar-oqihalar-kengistigi-oqihalarha-qoldanylatyn-amaldar

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын негіздеу талап етіледі; қолдану деңгейіндегі есептер беріледі.

-Оқушыларға қолдау(скаффолдинг) беру мақсатында теориялық екі тілдегі теориялық мәтін мен органайзерлер дайындалды;

- Жұптық жұмыс кезінде ынталандыру, қолдау көрсету

-Графикалық диктант сұрақтарды-шартты белгілер арқылы бағалау.

-Өзбетімен жұмыс, тест жұмыстарын дайын жауаптар арқылы өз-өзін бағалау.

- Рефлексия арқылы өзін, сыныптасын бағалау.

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақты жоспарлау барысында пәндік мақсаттарды тілді кіріктіру, яғни «транслангуиджинг»- екі тілдегі материалды қатар беру арқылы жүзеге асыру көзделді. Оқушыларға тірек сөздер мен сөз тіркестерін, органайзерлерді беру арқылы олардың математикалық тілде сауатты сөйлеуіне қолдау (скаффолдинг) көрсетілді. Топтық және жұптық жұмыстар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас орнату арқылы тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Практикалық зерттеу жұмысы оқушыларға күнделікті өмірде тәжірибелерді жүзеге асырып талдау, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының дамуына ықпалдасты. Сондай ақ тақырыптың басқа пәнмен байланысын көрсету де оқушылардың қызығушылығын тудырып, тақырыпқа енуге мүмкіндік берді. Сабақта тыңдалым, оқылым, жазылымды жүзеге асыру оқушылардың сабақтағы тілдік мақсаттар арқылы пәндік мақсаттарға жетуіне толық мүмкіндік берді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Практикалық зерттеу жұмысы оқушыларды тәжірибелерді зерделеуге, логикалық ойлауын дамытуға үлес қоса отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды.

2: Әртүрлі тәжірибелер көрсетілген бейнебаян оқушыларға тақырыпты визуалды түрде жақсы түсінуге ықпал етті.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.