Кездейсоқ оқиғалар. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ықтималдықтар теориясының элементтері

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кездейсоқ оқиғалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.2

Элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Кездейсоқ оқиғалардың түрлерін біледі;
  • Элементар және элементар емес оқиғаларды ажыратады;

Бағалау критерийі

Білу және түсіну: элементар оқиғаның анықтамасын біледі;

Қолдану және анализ :

- элементар және элементар емес оқиғаларға мысалдар келтіреді;

- элементар оқиғалар кеңістігін құрады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Оқиғаның пайда болу, не болмау мүмкіндігін ауызша талдайды;
  • Есептің шешімін дәйектейді;
  • Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Кездейсоқ оқиға;
  • Элементар оқиға;
  • Теңмүмкіндікті;
  • Ақиқат;
  • Мүмкін емес;
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
  • Бұл оқиғаның пайда болу мүмкіндігі ...
  • Бұл оқиғалардың пайда болуы тең мүмкіндікті/мүмкін емес/ақиқат.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар топтық жұмыста:

- қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімдері дамиды;

-жұмысты талдау барысында балама көзқарастарды қабылдай білуге үйренеді;

-талдау, талқылау,ой қорыту дағдысы қалыптасады.

 АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/ru/subject/algebra/9-klass/prostranstvo-ehlementarnyx-sobytij-operaczii-nad-sobytiyami

Бастапқы білім

Ұғымдарды білу: вариациялық қатар, абсолюттік және салыстырмалы жиіліктер , алмастыру, орналастыру, теру. Жиындарға амалдар қолдану, жиындарға амалдар қолдану арқылы есептер шығару, қайталанбайтын орналастырулар, алмастырулар және терулер. Комбинаторика есептерін шығара білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

1.Ұйымдастыру .

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

Мақсаты: оқушыларды сабаққа әзірлеу, қолайлы орта қалыптастыру.

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

7 мин

8 мин

2. Жаңа материалды меңгерту.

Мақсаты: негізгі ұғымдарды қайталау және бекіту

2.1 Бейнематериал көру

Ұ: Бейнематериалға қойылатын сұрақтар:

1) Мүмкін емес оқиғаға қандай мысал келтірілді;

2) Тиындарға байланысты мысалда неше оқиға қарастырылды;

3) Ақиқат оқиғаларға қандай мысалдар келтірілді;

4) Үйлесімсіз оқиғаға қандай мысал келтірілді;

2.2 Ұ: Таныстырылым бойынша ауызша жұмыс

3. Жұптық жұмыс: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау;

Мақсаты: жаңа білімді бекіту;

Тапсырма 1:Кестені толтырыңыз:

Бағалау: үлгі бойынша жұптар өзара бағалайды;

Тапсырма 2:

Келесі мысалдардың қайсысында сынақ нәтижесінде пайда болатын барлық мүмкін элементар оқиғалар көрсетілген :

а) шахмат ойынындағы жеңіс, жеңіліс;

б) тиын екі рет тасталғандағы елтаңба – елтаңба, елтаңба – сан, сан – сан жақтарымен түсуі (берілген ретпен);

в) нысанаға бір рет оқ атқан кездегі оқтың тиуі, оқтың тимеуі;

г) ойын сүйегі бір рет тасталғанда 1, 2, 3, 4, 5, 6 ұпайларының түсуі?

Бағалау: үлгі бойынша жұптар өзара бағалайды;

4. Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс

Тапсырма 1:

Оқиғалардың түрін ажыратыңыз. Нәтижелерін кестеге жазыңыз:

1) 1 - қаңтар – мереке күні

2) «Спартак» - «Динамо» футболдық кездесуі тең ойынмен аяқталады

3) Ойын сүйегі тасталғанда 7 ұпайы түсті

4) Ойын сүйегі тасталғанда 7 ден кем ұпай түсті

5) Телефон соққан кезде абонент бос болмады

6) Оқу жылы қашан болса да бітеді

7) Үздік оқушы математика пәні емтиханында «бестік» алды

8) Шашка ойынында сіз жеңілесіз

9) Ойын сүйегі тасталғанда жұп ұпай түсті

10) Биыл Ресей президенттігіне сені сайлайды

Тапсырма 2:

Келесі сынақтар үшін элементар оқиғалар кеңістігін көрсетіңіз:

1) Ойын сүйегі бір рет тасталғанда үштен кем ұпай түсті ;

2) Ойын сүйегі бір рет тасталғанда тақ ұпай түсті ;

3) Ойын сүйегі бір рет тасталғанда бестен үлкен тақ ұпай жағының түсуі;

4) Ойын сүйегі екі рет тасталғанда түскен ұпайлардың қосындысы 6 болуы;

5) Ойын сүйегі екі рет тасталғанда түскен ұпайлардың қосындысы 7, ал айырмасы 5 болуы;

6) Тиын үш рет тасталғанда елтаңба жағының екіден артық емес рет түсуі ;

7) Тиын үш рет тасталғанда сан жағының кем дегенде екі рет түсуі ;

8) Айналдырғанда барбан стрелкасы боялған бөлікке тоқтайды ;

9) Барабан стрелкасы 4 ке еселі реттік саны бар секторға тоқтайды;

Бағалау: үлгі бойынша өзара бағалайды;

https://bilimland.kz/ru/subject/algebra/9-klass/prostranstvo-ehlementarnyx-sobytij-operaczii-nad-sobytiyami

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

  • мин

5. Рефлексия.

Оқушыларға берілген сөз тіркестерінің ішінен бірін таңдап, толықтыра отырып сабақты қорытындылау ұсынылады.

6.Үй тапсырмасы:

Ойын сүйегі екі рет тасталды. Осы сынақтың элементар оқиғалар кеңістігіне тиісті оқиғалар санын көрсетіңіз. Сынақ нәтижесінде қандай элементар оқиғалар пайда болады:

1) екі ойын сүйегінде бірдей ұпай түсті;

2) түскен ұпайлардың қосындысы 4-ке тең;

3) түскен ұпайлардың қосындысы 4-тен аспайды;

4) түскен ұпайлардың қосындысы 4-тен кем емес;

5) түскен ұпайлардың айырмасы 4-тен кем емес;;

6) түскен ұпайлардың айырмасы 4-тен кем;

7) түскен ұпайлардың айырмасы 4-ке тең;

Презентация

(14- слайд)

Қосымша 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация - формативті бағалау жұмысында және үй тапсырмасында тапсырмаларды таңдай білуде

Жекелеген оқушылармен жеке жұмыс жасауда.

Өзін бағалау, өзара бағалау, бақылау

Практикалық бөлімдеғі тексеру .

Сабақта қызмет түрінің алмасуы. Презентациямен жұмыс. Оқушылардың ноутбуктермен жұмыс жасаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары туралы түсінігі бар.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізд ібілдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.