Кездейсоқ оқиғалар. Алгебра, 9 сынып, презентация.
9 класс
«Элементар және күрделі
оқиғалар »Сыныптағы 25 оқушының екеуі туған күндерін атап өтуде:
1) 30- қаңтар; 2) 30 - ақпан.
Берілген оқиғаның түрін анықтаңыз : жалған, ақиқат немесе кездейсоқ .
Әдебиет оқулығын кездейсоқ ашып, сол жақ бетіндегі екінші сөз оқылды. Ол сөз : 1) К әрпінен басталады; 2)Ь әрпінен басталады.
Берілген оқиғаның түрін анықтаңыз : жалған, ақиқат немесе кездейсоқ .
Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы өлшенді. Әр қабырғаның ұзындығы басқа екі қабырғаның ұзындықтарының қосындысынан кіші екендігі анықталды.
Берілген оқиғаның түрін анықтаңыз : жалған, ақиқат немесе кездейсоқ .
Екі ойын сүйегі тасталды: бірінші ойын сүйегінде 3 ұпай , ал екіншісінде — 5 ұпай түсті ;
түскен ұпайлардың қосындысы 1- ге тең;
2) түскен ұпайлардың қосындысы 13- ке тең;
3) екеуінде де 3 ұпай түсті;
4) түскен ұпайлардың қосындысы 15 -тен кіші.
Берілген оқиғаның түрін анықтаңыз : жалған, ақиқат немесе кездейсоқ .
Катя мен Слава шахмат ойнады:
Катя жеңді; Слава жеңілді;
Катя жеңілді; Слава жеңілді.
Берілген оқиғалар жұптарының қайсысы үйлесімді, қайсысы үйлесімсіз.
Ойын сүйегі тасталды. Жоғарғы жағында:
6 ұпай; 5 ұпай;
6 ұпай; жұп ұпай.
Берілген оқиғалар жұптарының қайсысы үйлесімді, қайсысы үйлесімсіз.
1) «жаңбыр жауып тұр»;
2) «аспанда бұлт жоқ»;
3) «жаз мезгілі басталды»
Берілгендер бойынша барлық оқиғалар жұптарын құраңыз және олардың қайсылары үйлесімді, қайсылары үйлесімсіз екенін анықтаңыз .
1) ойын сүйегі бір рет тасталғанда жұп ұпай түсуі;
2) ойын сүйегін тастағанда 5 ұпайының түсуі;
3) ойын сүйегін тастағанда үштен артық болатын ұпайдың түсуі;
4) тиын тасталғанда елтаңба жағының түсуі;
5) барабан айналғанда көрсеткіш белгінің 2 секторына тоқтауы;
6) оқ атқанда нысанаға тиуі;
7) қораптан кездейсоқ алынған шардың боялған болуы;
Берілген оқиғалардың қайсылары элементар оқиға, қайсылары элементар емес оқиға?
Тиын бір рет тасталды. Элементар оқиғалар кеңістігі неше элементтен тұрады?
Жауап: 2
Ойын сүйегі бір рет тасталды. Элементар оқиғалар кеңістігі неше элементтен тұрады?
Жауап: 6
Ойын сүйегі екі рет тасталды. Элементар оқиғалар кеңістігі неше элементтен тұрады?
Жауап: 36
Екі ойын сүйегі тасталды: біреуі ақ, екіншісі қызыл түсті. Оқиға: бір ойын сүйегінде 6 ұпай, ал екіншісінде – тақ ұпай түсті. Элементар оқиғалар кеңістігін жазып көрсетіңіз.
мен бүгін білдім…
қызықты болды …
қиын болды …
мен … тапсырма орындадым
мен … болатынын түсіндім
енді мен жасай аламын…
мен үйрендім…
оқып үйрендім…
менің қолымнан келді …
мен шығарып көремін …
мені таң қалдырды…
бұл сабақ менің өміріме…
Сабақты қорытындылайық
Берілген сөз тіркесінің бірін таңдап , толықтыра отырып бір сөйлеммен сабақты қорытындылаңыз.
Назарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.