Геометриялық прогрессия. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қаралды Качнов В.А

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:26.01.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Толебаев С.К.

Сынып:9D

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Геометриялық прогрессия

Сабақтың мақсаттары

9.2.3.7 геометриялық прогрессияның n-мүшесінің, алғашқы n мүшелерінің қосындысының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

Геометриялық прогрессия туралы түсінігі болады.

Геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысын табуды біледі

Бағалау критерийлері

  • Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласымен берілген тізбектің мүшелерін жаза алады;
  • Берілген шарттары бойынша геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жаза алады;
  • Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формулаларын қорыта алады, қолданып есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сандық тізбектің берілу тәсілін түсінеді және ауызша бейнелейді, заңдылықты қалай жалғастыру керегін анықтай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тізбек, сандық тізбек , аралық , мүше/алдыңғы мүше/ келесі мүше, алғашқы мүше, n-ші мүше, айырма

Заңдылық, тізбекті жалғастыру

Қосу, азайту, көбейту, бөлу

Өседі, кемиді

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Алдыңғы мүше арқылы келесі мүшені анықтау үшін не істейсіздер?

элементтерді d- айырмаға өзгерту

  • Алдыңғы мүшені q-ге көбейту/бөлу
  • Тізбек өспелі/кемімелі болады.
  • Әрбір келесі мүшені адыңғы мүшесі арқылы беру...
  • Тізбектің реккуренттік берілу тәсілі

Сонымен, келесі мүшесі ... болады

Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, жұптық жұмыс арқылы жүзеге асады. Пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер жүргізіледі.

Пәнаралық байланыстар

Пәнаралық байланыс жоқ

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Бұрыштың градустық өлшемі, шеңбер элементтері, иррационал сандары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен өткен тақырыпты еске түсіру. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру

Сабақтың ортасы

Ұжымдық жұмыс

5 минут

Жеке жұмыс

7 минут

Жеке жұмыс

10 минут

Жұптық жұмыс

10 минут

Жаңа тақырып

«Жеті ата» – бұл қазақ халқының шежіресін құрастыру жүйесі, ол өз ата – бабаларының есімдерін жетінші буынға дейінгі ерлер желісі бойынша міндетті түрде білуді талап етіледі. Жетінші ұрпаққа дейін қосып алғанда әр адамның барлығы неше ата – бабалары бар?

Әр ұрпақтағы ата – бабалар саны геометриялық прогрессияны құрайтынын байқаймыз, және де яғни әке, ана – 2 адам, аталармен әжелеріміз – 4, үлкен аталар мен әжелер – 8 және т.с.с.

Жеті ұрпақтағы ата- бабалардың жалпы санын S деп белгілейміз. Онда

Екінші теңдіктен бірінші теңдікті мүшелеп азайтамыз және ықшамдаймыз:

2S-S= -()=

Сонымен, әр адамда барлығы жетінші ұрпаққа дейін қосып алғанда 254 ата – бабалары бар.

Оқушылар жаңа тақырыпта қолданатын формуланы жақсы меңгеруі үшін дәлдеуін үйренеді және бастапқыда дәлелдеуге уақыт беріледі

Егер q=1, болса, онда прогрессияның барлық мүшелері ге тең, демек . ,болсын онда

(1)

(2)

(1) – теңдіктен (2) теңдікті мүшелеп азайтып,

Жаңадан меңгерген формуланы жақсы меңгерулері үшін жеке тапсырмалар беріледі

  • 4,-12,36,-108,… . Геометриялық прогрессия берілген.

Прогрессияның алғашқы алты мүшесінің қосындысын тап.

2)

3) Геометриялық прогрессиясының алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар:

4) Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 1, алтыншы мүшесі 32-ге тең. Алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңыз.

Дескриптор:

  • Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін және еселігін табы
  • Алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласына қолданады
  • Жауабын дұрыс жазады

Жеке жұмыстың жауаптары оқушыларға

https://wordwall.net/ru/resource/27985565/%d0%b6%d0%b5%d0%ba%d0%b5-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d0%b6%d0%b0%d1%83%d0%b0%d0%bf%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b

Оқушыларға алдыңғы шығарған есептерге қарағанда күрделі есептер беріледі

1.Геометриялық прогрессияның бірінші және екінші мүшелерінің айрымы 8-ге, ал екінші және үшінші мүшелерініңі қосындысы 12. Прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар.

2.Алғашқы үш мүшесінің қосындысы 112-ге тең, ал соңғы үш мүшесінің қосындысы 14 болатын алты мүшеден құралған геометриялық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар.

3.Егер геометриялық прогрессияның алғашқы алты мүшесінің қосындысы 1820-ға, ал еселігі 3-ке тең болса, бірінші мен бесінші мүшелердің қосындысын табыңыз.

Жауаптары:

  • 122,33

Оқушылары тақтаға рандомды түрде шығарамын

https://wordwall.net/ru/resource/27984921/%d1%82%d0%b0%d2%a3%d0%b4%d0%b0%d1%83

Презентация

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • нені білдім, нені үйрендім
  • нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген есептер бойынша оқушыларға қиындық әкелген есептерді талдау,оған ұқсас есептер шығару. Қабілеті жоғары оқушылармен есептердің басқа шешу жолдарын табуға, күрделірек есептер шығарту. Топта басқа балаларға өзара түсіндіру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.